Білімді тексеру (проверка знании)-оқыту барысының құрамды бөлігі. Мұның мақсаты -оқушылардың алған білімдерінің және оларға негізделген дағдыларының толықтығын, тереңдігін, жүйелілігін, осы білімдерді өздерінің танымдық және тәжірбиелік істерінде қай шамада пайдалана алатынын анықтау болып табылады.
Білім беру және оқыту теориясы (теория образование и обучение дидактика )-педагогика ғылымының саласы. Білім беру және оқыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған қойылатын талаптарды, білім беру міндеттерін, мазмұнын, оқыту мен оқу түрлерін, әдістерін оқу барысында ынталандыру мен бақылауды анықтайды. Білім беру және оқыту теориясының методологиялық негізі таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуда арнайы ұйымдастырылатын іс деп қарайды. Оқыту барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеруде мұғалім мен олардың өз бетіндік іскерлігі айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |