ОӘК төрайымы ________________ К.Батталов
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасының меңгерушісі _______Г.Н.Иренов
«____»_________20__ ж.
1 Оқытушылар туралы мәлімет:
Артықбаева Г. Т. – аға оқытушы
Сулекеев Д. Қ. - аға оқытушы
Рахимбаева М. Н. - ассистент
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы А-корпусында №517 кабинетте Ломов к-сі, 64 адресі бойынша орналасқан, жұмыс тел. 67-36-87. Кафедрадағы қабылдау уақыты: дүйсенбі 12.00 – 14.00, бейсенбі 11.00 – 14.00
2 Пән туралы мәлімет:
Пәннің жалпы көлемі – 90 сағат, оның 12 сағаты аудиториялық сабақтарға, 78 сағаты – өзіндік жұмысқа бөлінген. Дәріс сабақтары оқу сессиясында, тәжірибе, СӨЖМ, межелік бақылау және емтихан емтихандық сессияда жүргізіледі.
3 Пәннің жұмыс көлемі
Семесстр
|
Кредиттер саны
|
Аудиториялық сағаттар түрлері бойынша контактілік сағаттар саны
|
Студенттің өзіндік жұмысының сағаттар саны
|
Бақылау түрлері
|
барлығы
|
дәр
|
тәж
|
лаб
|
студ
|
инд
|
барлығы
|
СӨЖМ
|
1-7
|
2
|
90
|
6
|
6
|
|
|
|
78
|
12
|
емтихан
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 Пәннің мақсаты:
Студенттерді пәннің әдістемесі мен әдістерімен таныстыру. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестік пен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік беру
Пәннің міндеттері:
- студенттерге коғамдағы әлеуметтік үрдістер дамуымен таныстыру, әртүрлі әлеуметтік жүйедегі адамдардың ара-қатынастарының заңдарын түсіндіру;
- қоғам дамуының заңдылығы және қазіргі шынайы әлеуметтік үрдістерді қарастыру
5 Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер:
көзқарастарын қалыптастыруы керек:
- қоғамды талдауда әлеуметтік тәсіл жайлы;
- әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғаты, әлеуметтік үрдістердің түрлері мен бағыттары жайлы;
- тұлғаға әлеуметтік көзқарас жайлы, әлеуметтенудің түрлері, бағыттары және ерекшеліктері туралы;
- әлеуметтік мінез-құлықтың негізгі заңдылықтары мен оларды реттеу формалары туралы;
білуі керек:
- әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін;
- әлеуметтік дамудың факторларын;
- әлеуметтік өзара әрекет формаларын;
- қоғамның әлеуметтік құрылымын.
жасай алуы керек:
- нақты зерттеулердің тәсілдерін әлеуметтік зерттеулер барысында қолдануы;
- әлеуметтік зерттеулердің бағдарламасын дайындай алуы;
- әлеуметтік зерттеулердің негізгі әдістерін қолдануы;
- репрезентативті таңдау жасай алуы;
- әлеуметтік ақпаратты өндеу және зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасай алуы.
тәжірибелік дағдыларға ие болуы керек:
ғылыми жұмыс дағдыларына;
елде, әлемде болып жатқан әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістерді бағалау және талдау;
6 Алдыңғы реквизиттер:
Осы пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар керек:
- философия;
- мәдениеттану;
- тарих;
- саясаттану;
7 Кейінгі реквизиттер:
Осы пәнді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін керек:
демография;
статистика негіздері;
құқықтану;
экономикалық теория негіздері.
Пәннің
тақырыптық жоспары
|
|
Нысан
Ф СО ПМУ 7.18.2/07
|
Достарыңызбен бөлісу: |