Пән бойынша оқу бағдарламасының титулдық парағы (SYLLABUS)
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18. 4/19
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика және аспап жасау кафедрасы
YAF 3302 - «Ядролық физика»
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Павлодар
Пәннің оқу бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18. 4/19
|
|
|
|
БЕКІТЕМІН
ФМжАТФ деканы
__________ Н.А. Испулов
2013 ж. «___»___________
Құрастырушы: аға оқытушы __________ А.А. Курманов
5В060400 «Физика» мамандығының күндізгі оқу түрі бойынша оқитын студенттерге арналған
YAF 3302 – «Ядролық физика»
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2013 ж. __________ «____» бекітілген жұмыс бабындағы жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленген
2013 ж. « » _____ кафедра отырысында ұсынылған
Хаттама № .
Кафедра меңгерушісі ___________ М.К. Жукенов
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу –әдістемелік кеңесімен құпталған 2013 ж. «____»_____________
Хаттама №_____
ОӘК төрағасы _______________________ А. Б. Искакова
1 Оқу пәнінің паспорты
Пән аталуы «Ядролық физика»
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Аудиториялық сабақтар барлығы – 52,5 сағат
Дәріс – 22,5 сағат
Тәжірибелік/семинарлық сабақтар – 15 сағат
Зертханалық – 15 сағат
СӨЖ – 82,5 сағат
Сонымен қатар СОӨЖ – 20,6 сағат
Пәнінің еңбек сыйымдылығы - 135 сағат
Бақылау түрі
Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер
Осы пәнді студенттердің оқып-үйренуі үшін игерілуі қажетті пәндер тізбесі - жалпы физика курсының бөлімдері: «Механика», «Молекулалық физика», «Электр және магнетизм», «Оптика», «Атомдық физика» және де мемлекеттік университеттер үшін жоғары математика, математикалық физика курстары.
Постреквизиттер
конденсацияланған күй физикасы
заттың құрамын анықтау.
2. Оқытушылар және байланыс туралы мәлімет
Курманов Алмас Аскарович
Аға оқытушы
Физика және аспап жасау кафедрасы, аудитория А-407а, өткізу орны: ПМУ – дың бас корпусы
Телефон: 673626
Е-mail: almaskurmanov@mail.ru
3. Пәнінің нысаны, мақсаты және міндеттері
Пәнінің нысаны: атом ядролары, элементар бөлшектер және оларды сипаттайдын теориялар мен заңдар
Пәнінің оқу мақсаты: Студенттерді субатомдық микроәлемде өтетін негізгі физикалық құбылыстармен таныстыру. Оларды теориялық талдау және тәжірибелік бақылау әдістерімен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру. Микроәлем физикасының маңызды кезеңдері мен олардың философиялық және әдістемелік мәселелеріне түсінік беру.
Пәнді оқыту міндеттері
Негізгі физикалық құбылыстар мен олардың ерекшеліктерін біліп түсіну; оларды бақылау және тәжірибелік зерттеу әдістерін; атом ядролары мен элементар бөлшектердің қасиеттерін анықтаудың басты әдістерін; негізгі заңдар мен олардың математикалық өрнектерін; субатомдық құбылыстардың маңызды ғылыми техникалық қолдануларын.
4. Білімге, іскерліктерге , дағдыларға және хабардарлықтарға қойылатын талаптар
Бөлімнің негізгі міндеттерін дұрыс, сапалы және санды тұжырымдау;
физикалық шамалардың мөлшерін бағалау;
кванттық ұғымдар мен релятивті түсініктерді, атомдық ядролар мен элементар бөлшектердің қасиеттері мен ядролық нұрлардың затпен әсерленуін қарастыруда сапалы пайдалану;
қарапайым теориялық есептеулерге үлгілік есептерді шығаруды;
тәжірибелік жұмыстарды жүргізу мен олардың нәтижелерін талдауды білу керек.
5. Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптардың атауы
|
Сабақ түрлеріне сәйкес аудиториялық сағаттар саңы
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Тәж.
|
Зерт.
|
Барлығы
|
Сонымен қатар СОӨЖ
|
1
|
Атом ядросының жалпы қасиеттері
|
1
|
1
|
1
|
4
|
1
|
2
|
Радиоактивтілік
|
1
|
1
|
1
|
6
|
1
|
3
|
Ядро құрылымының физикасы
|
1
|
1
|
2
|
6
|
2
|
4
|
Ядро құрылымының, радиоактивтік ыдыраулардан шығарылатын қасиеттері
|
1
|
1
|
2
|
6
|
2
|
5
|
- ыдырау
|
1
|
1
|
2
|
6
|
2
|
6
|
- ыдырау
|
1
|
1
|
2,5
|
6,5
|
2
|
7
|
Ядролардың - сәулеленуі
|
1
|
1
|
1
|
8
|
1
|
8
|
Ядролық реакциялар физикасы
|
1
|
1
|
2
|
8
|
1
|
9
|
Атом ядроларының бөлінуі мен түзілуі
|
1
|
1
|
1
|
8
|
1
|
10
|
Жеңіл ядролардың түзілуі
|
1
|
1
|
2
|
4
|
1
|
11
|
Нуклон-нуклондық әсерлесу
|
1
|
1
|
1
|
4
|
2
|
12
|
Қолданбалы ядролық физиканың физикалық негіздері
|
1
|
1
|
2
|
4
|
1,6
|
13
|
Жоғары энергия мен элементар бөлшектер физикасы
|
1
|
1
|
1
|
4
|
1
|
14
|
Кварктар
|
1
|
1
|
1
|
4
|
1
|
15
|
Ғарыштық сәулелер
|
1
|
1
|
1
|
4
|
1
|
|
Барлығы: 135 (3 кредит)
|
15
|
15
|
22,5
|
82,5
|
20,6
|
6. Дәрістік сабақтардың мазмұны
Жоспар'>Тақырып 1. Атом ядросының жалпы қасиеттері
Жоспар
Ядро мен элементар бөлшектер физикасының дамуының басты кезеңдері. Микроәлем құбылыстарының мөлшерлері. - бөлшектердің шашырауына Резерфорд тәжірибесі. Ядро өзара әсерлесетін протондар мен нейтрондардың жүйесі ретінде. Ядроның электр заряды. Массалық сан. Изотоптар мен изобаралар. Ядроның массасы. Ядроның байланыс энергиясы. Ядроның байланыс энергиясы үшін жартылай эмперикалық формулалар. Киелі сандар. Нуклонның байланыс энергиясы. Нық және радиоактивті ядролар.
Ядроның спині мен магниттік моменті. Ядролық магнетон. Ядролардың статикалық мультипольдік моменттері. Ядроның электрлік квадрупольдік моменті.
Тақырып 2. Радиоактивтілік
Жоспар
Атом ядроларының нықсыздығының негізгі себептері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің статистикалық сипаты. Радиоактивтік ыдырау заңы.
Тақырып 3. Ядро құрылымының физикасы
Жоспар
Атом ядроларының модельдері. Ядролық қабықтар моделі: бірбөлшектік модель, бірбөлшектік модель бойынша ядроның қасиеттері. Жалпыланған ұжымдық модель; ядроның тамшылық моделі. Кластерлік модель.
Тақырып 4. Ядро құрылымының, радиоактивтік ыдыраулардан шығарылатын қасиеттері
Жоспар
Табиғи радиоактивтілік. Жасанды радиоактивтілік. Трансуранды элементтерді алу заңдылығы.
Тақырып 5. ыдырау
Жоспар
Бөлшектердің спектрі. Негізгі тәжірибелік заңдылықтар. - ыдырау теориясының элементтері. Туннельдік эффект. - ыдырау периодының - бөлшектердің энергиясына тәуелділігі.
Тақырып 6. - ыдырау
Жоспар
Ыдыраудың түрлері. Электрондардың энергиялық спектрлері. Нейтриноның барлығын тәжірибелік дәлелдеу. - ыдырау теориясының элементтері. Нәзік әсерлесулер туралы ұғым.
Тақырып 7. Ядролардың - сәулеленуі
Жоспар
Электрлік және магниттік өтулер. - өтулер үшін момент пен жұптылық бойынша сұрыптау ережелері және әр түрлі мультипольдық өтулер үшін өту ықтималдықтары. Ядролық изомерия.
Тақырып 8. Ядролық реакциялар физикасы
Жоспар
Ядролық реакциялардың кірістік және шығыстық арналары. Ядролық реакциялардың энергетикасы. Ядролық реакциялардың кинематикасы. Сақталу заңдары. Реакциялар қималары. Ядролық реакциялардың механизмдері. Құрама ядро моделі. Резонанстық ядролық реакциялар. Брейт-Вигнер формуласы. Ядролық тіке реакциялар. Ядролық тіке реакцияларды ядролық күйлердің кванттық сипаттамаларын анықтауға қолдану. - кванттардың, электрондардың, нейтрондардың, жеңіл иондардың, көп зарядты иондардың әсерінен өтетін реакциялардың ерекшеліктері. Тепе-теңдік қалдылық процестер. Жоғарғы энергия кезіндегі реакциялар механизмдері.
Тақырып 9. Атом ядроларының бөлінуі мен түзілуі
Жоспар
Бөліну туралы негізгі тәжірибелік мәліметтер. Бөлінудің элементар теориясы. Бөліну көрсеткіші. Өздік бөліну. Уранның нейтрондар әсерінен бөлінуі. Тізбекті реакция. Көбею коэффиценті.
Тақырып 10. Жеңіл ядролардың түзілуі
Жоспар
Жұлдыздардағы ядролық реакциялар. Басқарылатын термоядролық синтез проблемалары.
Тақырып 11. Нуклон-нуклондық әсерлесу
Жоспар
Дейтрон п-р – жүйенің байланысқан түрі. Дейтронның негізгі сипаттамалары. Дейтронның толқындық функциясы. Ядролық күштердің тензорлық сипаты. Нейтронның протондарда шашыратылуы. Ядролық күштердің спинге тәуелділігі. Ядролық күштердің зарядқа тәуелсіздігі.
Тақырып 12. Қолданбалы ядролық физиканың физикалық негіздері
Жоспар
Ядролық сәуленің затпен әсерлесуі. Энергияның атомды иондау мен қоздыруға шығыны. Вавилов, Черенков сәулеленуі. Серпімді шашыратылу. Зарядталған бөлшектердің жүрімдері. Нейтрондардың затпен әсерлесуі, нейтрондардың баяулауы. Жылулық және резонансты нейтрондар. Жылулық нейтрондардың диффузиясы.
Тақырып 13. Жоғары энергия мен элементар бөлшектер физикасы
Жоспар
Элементар бөлшектер – жоғарғы энергия физикасы.Жоғары энергия физикасының тәжірибелік әдістері. Бөлшектердің жинақтағыштары. Қарсы шоқтар. Релятивистік кинематика элементтері. Қысқа өмірлі бөлшектерді бақылау әдістері.
Тақырып 14. Кварктар
Жоспар
Элементар бөлшектердің кварктық моделі. Кварклептондық симметрия. Кварктар мен лептондардың электромагниттік және нәзік әсерлесуі. Глюондар.
Тақырып 15. Ғарыштық сәулелер
Жоспар
Бірінші реттік ғарыштық нұр. Ғарыштық нұрдың атмосфера арқылы өтуі. Ғарыштық сәулелердің өзгерістері. Жердің радиациялық белдіктері.