Пән бойынша: Шағын – комплектілі мектептегі педагогикалық процестің теориясы мен технологиясы Тапсырма



Дата27.05.2024
өлшемі189,47 Kb.
#202946
түріСабақ
Байланысты:
ШКМ СӨЖ 3


Пән бойынша: Шағын – комплектілі мектептегі педагогикалық процестің теориясы мен технологиясы
Тапсырма: Шағын жинақты бастауыш мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшеліктері
СӨЖ № 3

Шағын жинақты бастауыш мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшеліктері

Шағын жинақты бастауыш мектептің оқу-тәрбие ісінде уақытты дұрыс пайдалану − ең маңызды мәселелердің бірі. Уақытты дұрыс пайдалану үшін, мұғалім ең алдымен, орындалатын жұмыс түрлерін: мазмұндама, шығарма жоспарын, қазақ тілі, дүниетану, орыс тілі, сурет, еңбек сабағына керекті сызбалар, лото, түрлі-түсті суреттер сериясын күні бұрын даярлап алудан бастайды.

Мысалы, балалар бірден жұмысқа кірісіп кету үшін 5-10 минут шамасында тапсырма берілді. Бұл кезде басқа сынып оқушылары өздігінен орындайтын жұмыстармен айналысады. Ал өздігінен орындалатын тапсырманың мақсаты айқын болуы тиіс. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не 4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады.

Мысалы, балалар бірден жұмысқа кірісіп кету үшін 5-10 минут шамасында тапсырма берілді. Бұл кезде басқа сынып оқушылары өздігінен орындайтын жұмыстармен айналысады. Ал өздігінен орындалатын тапсырманың мақсаты айқын болуы тиіс. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не 4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады.


Бүгінгі күнге дейін сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең «үлкен сабақтың» өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың ұйымдастыру барысына тоқталайық: ортақ тақырыптық қағиданы ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты барлық сыныпқа бір мезгілде өткізуге болады. Ал, жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындатуға болады. Мұнда сабақ екі кезеңнен: біріктірілген (ортақ) бөлімнен және сараланған (дифференцияланған) бөлімнен тұрады.
Мұғалім бір сыныпта сабақты түсіндірген кезде, екінші бір сыныптың балалары мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмысқа өз бетімен әзірленеді.
Төменгі сыныпта да, жоғары сыныптарда да жаңа материалды түсіндіру балаларға өздігінен істейтін жұмыстарды тапсырумен аяқталады.
Балалар өздігінен істейтін жұмыстарды, алдымен мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. Бұл үшін жаңа сабақты түсіндіруге арналған уақыттың бірнеше минуты бөлінеді. Содан кейін балалар өздігінен жұмыс істеуге көшеді.
Олар уақытқа байланысты тапсырманың біразын сыныпта орындайды, біразын үйде орындайды. Мұғалім сабақтың екінші жартысында жаңа материалды түсіндірген сыныптың балалары сыныпта өздігінен орындайтын жұмыстың аз ғана бөлігін орындайды − жұмысты сыныпта бастап, үйде аяқтайды.
Бір сыныпта жаңа материалды түсіндіру, ал екінші сыныпта өткенді пысықтау немесе қайталау, оқушылардың білімін есепке алу сабағын жоспарлағанда жұмыстың барысы жаңа материалдың қай сыныпта түсіндірілетініне қарай анықталады.
Егер мұғалім жаңа материалды жоғары сыныпта түсіндіретін болса, сабақтың жоспары, шамамен айтқанда, мынадай болып құрылуы мүмкін:
Дегенмен, мұғалім көбінесе мына тәртіпті басшылыққа алуы керек: бұл тәрізді сабақтарды өткенді пысықтау немесе қайталау, оқушылардың білімін жазба жұмыстары арқылы тексеру, белгіленген сыныптарға тапсырма беруден бастау керек. Бұл мұғалімге келесі сыныпқа жаңа материалды түсіндіруге уақытты молырақ қалдыруға мүмкіншілік береді.
Дегенмен өткенді пысықтау немесе қайталау болатын сыныпта, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарынан кейін, мұғалімнің басшылығымен істейтін жұмыстар үшін 10-15 минут шамасында уақыт қалдыру қажет екендігін естен шығармау керек. Осылай жасағанда ғана өткен материалды пысықтау және қайталау ойдағыдай болады.
Материалды қайталау арқылы өтетін сабақтың үлгі жоспары мынадай болып жасалуы мүмкін:
Ал екі сыныптың екеуінде де өткенді пысықтау немесе қайталау жұмысы жүргізілетін болса, онда мұғалім екі сыныптың екеуімен де тікелей жұмыстар жүргізеді не балалардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.
Жоғары сыныптарда мұғалімнің басшылығымен өткенді қайталау немесе пысықтау бойынша балалармен жүргізетін тікелей жұмыстары балалардың өз бетінше жұмыс істеуі үшін берілетін тапсырмаларды түсіндіруге байланысты сабақтың алдында, одан кейін балалардың өздігінен істеген жұмыстарының нәтижесіне байланысты сабақтың соңында жүргізіледі.
Жаңа материалды түсіндіру, әдетте, өткен сабақты пысықтауға немесе қайталауға қарағанда мұғалімнің балалармен көбірек тікелей жұмыстар жүргізуін талап етеді. Мұғалімнің бұрын даярлап берген материалдары бойынша өздігінен жұмыс істейтін сыныптарда, өздік жұмыс көп уақытты алатындықтан, мұғалімнің басшылығымен тікелей жүргізілетін жұмыстардың шамасы ол сыныптарда 5-10 минуттан аспайды. Балалардың орындаған жұмыстарына қарап шығуға қажетті нұсқаулар беруге, болмаса тапсырманың сипатын өзгертуге бұл уақыт толығынан жетіп жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет