Хамзина Айнур Корганбековнаның сабақтар топтамасына
өзгеріс енгізгені туралы рефлексивтік есебі
9 «А» сыныбында өткізген «Алюминий және оның қосылыстары» тақырыбындағы сабағымды жоспарлағанда «Сабақ құрылымын қалай өзгертсем болады? Барлық оқушыларға қолжетімді білім беруде сабағымды қалай жоспарласам болады? Оқушы нені меңгеріп шығады?» деген сұрақтарды өзіме қоя отырып, мақсат қойдым. Сабақтың мақсаты: Оқушылар алюминийдің периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттамасын, қосылыстарының қасиеттерін, кен орындарын біледі, түсіндіре алды, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс жасай алады. Сабағымды жоспарлағанда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қолданатын стратегияларымды саралап, топтық, жұптық жұмыс түрлерін, «ДЖИГСО» әдісін таңдар алдым. Бұл әдісті таңдағанда оқушылардың жаңа сабақты игеруде өз тиімділігін береді деген ойда болдым. Сабағымды жағымды ахуал орнатудан бастадым. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлдім. Ұйымдастыру сәтінен кейін бағалау критерийлерімен таныстырып, бағалау парақтарын таратып бердім. Үй тапсырмасын «Ой қозғау» әдісі бойынша интерактивті тақтадан тапсырма орындау арқылы тексердім. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын бейне сюжет көру арқылы өздері пайымдап, айқындап алды. Джигсо әдісі арқылы топта жаңа материалды талқылады. Постер құрып, бір-біріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сабақты бекіту кезеңінде «Химиялық диктант», «Химиялық анаграмма» және функционалдық сауаттылыққа байланысты тапсырмалар орындады. Тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Оқушыларды мүлде жаңа қырынан танып отырдым. Бір-бірін шынайы бағалай білді. Топтық, жұптық және жеке жұмыс кезінде оқушылардың қызығушылығы, белсенділігі, шығармашылығы айқын байқалды. Бірақ, рефлексия кезінде оқушылардың әлі де болса сөздік қорының, сөйлеу мәдениетінің аздығы байқалды. Өз ойларын толық жеткізуге дағдыланбаған. «Оқушы үніне» кезек бергенде оқушылардың белсенділігі байқалды. «Әр пікір – құнды, әр жауап – бағаға лайық» дегендей, оқушыларымның әр пікірін, ұсынысын тыңдай білуді үйрендім, яғни өзімді осыған үйреттім. Сабақ үрдісінде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, біліктілігі оқушының жеке басына бағытталу керек екенін түсіндім. Оқушылар ойлана отырып пікірлерін ортаға салады, бір-біріне қолдау көрсетеді, кері байланыс орната отырып бір-бірін бағалайды. Ең бастысы оқушыларға қолайлы орта, қолайлы жағдай жасауды меңгердім. Сабақта қолданған стратегия өз тиімділігін берді. Себебі бұл стратегиямен жұмыс жасауға балалар дағдыланып қалған. Сабағым сәтті шықты деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |