Пән: Құқық негіздері 205 топ



бет12/12
Дата01.04.2020
өлшемі1,72 Mb.
#61219
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тапсырма Қуқық 205 топ



1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беру
1. Неке және отбасы ұғымы

2. Отбасылық қатынастар ұғымы

3. Некеге тұру тәртібі қандай?

4. Некеге тұру шарттары қандай?


2 Тапсырма. Күнделікті көрініс

Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?

Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?

Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.

Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.

Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.

Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.

Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.

Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.

Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!

Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Сұрақ:

1. Отбасылық тәрбиенің осы көріністе орны бар ма?



2. Сендердің іс-әрекеттерің қалай болар еді?
3 Тапсырма. Сәйкестендір «Сен заңды қаншалықты білесің?»


Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар

Неке және отбасы ұғымы

ҚР-сының «Неке және отбасы туралы» заңы бойынша неке 18 жас деп белгіленген.

Отбасылық қатынастар ұғымы

Еңбекпен түзету мекемелерінде жазасын өтеп жүргендердің некесін тіркеу аталған мекеменің орналасқан жерінде жүргізіледі.

Некеге тұру шарттары

Отбасы – табиғи, биологиялық, рухани және материалдық қатынастардың жиынтығы.

Некеге тұру тәртібі

АХАТ органдары некені тіркеуді тоқтата тұруға құқылы.

Некеге тұру шарттары

Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі.

Некеге тұру шарттары

Туыстық қатынастар, некенің болуы, бала, бала асырап алу т.б. негіздер отбасының ең басты белгілері.

Отбасылық қатынастар ұғымы

Некені күштеп, қорқытып немесе басқада жағдайлармен мәжбүрлеп қиюға  жол берілмейді.

Некеге тұру тәртібі




  1. Тақырып. Ата – ана мен балалардың құқуқтары мен міндеттер



  1. Тапсырма. Презентация орындауы


2. Тапсырма. «ҚР отбасы құқығы» пәні бойынша есептер


  1. Павлодар облысының әкімі өзінің өкімімен өз облысы аумағындағы некеге тұрушылардың жас мөлшерін 16 жасқа дейін қысқарту туралы және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды асырап алу туралы тәртіп көзделген ережені бекітті. Облыс прокуроры бұл шешімдерге наразылық келтірді.

Прокурордың келтірген наразылығы заңды ма?


  1. Темирова мен Абдрахманов некені заңды түрде тіркемей біраз жыл бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізеді. Сонан соң олардың арасында келіспеушілік туындап, бөлек тұра бастайды. Біраз уақыт өткен соң Темирова сотқа ортақ мүлікті бөлу туралы талап арызбен жолданады.

Бұл дауды шешу кезінде қай құқық саласының нормалары қолданылады?


  1. 16 жасар Денисова деген азаматша некеден тыс ұл бала туады да, үш апта өткен соң АХАЖ органына баланы тіркеу туралы арызбен жолданады. Денисова 16 жасқа толмаған деген сылтаумен АХАЖ органының қызметкерлері оған ата-анасының жазбаша келісімі керек деп, тіркеуден бас тартады.

АХАЖ органы қызметкерлеріне баға беріңіз.


  1. 2001 ж. 15 наурызында Алматы қ. Бостандық ауданының АХАЖ бөліміне 1985 ж. туған Михайлова неке жасын азайту туралы өтінішімен барады. Өз өтінішінде Михайлова 2000 ж. қаңтарынан бастап Дубровинмен іс жүзіндегі неке қатынастарында тұратындығын айтты, одан 2001 ж. 10 ақпанында туған қызы бар. Осы уақыт аралығында олармен бірлесіп пәтер, автомобиль және өзге де мүлік алынған.

АХАЖ бөлімінің әрекеттері қандай болу керек, қандай құқықтық нормаларды қолданған жөн? Неке жасын азайтуға қандай себептер орынды болып табылады?


  1. Арман Әлібек пен Әлия Садықова неке қиғаннан кейін үш жыл өткен соң неке шартын жасасады да, оны нотариусте куәландырады. Онда үй мен автомобильге дербес (дара) меншіктің режимін белгілейді. “Вольво” автомашинасына күйеуінің, ал үйге әйелдің меншік құқығы жазылады. Қалған заттарға ерлі-зайыптылар ортақ меншік құқығын қалдырады.

Неке шарты жасалған соң, бір жыл өткеннен кейін өрт өршіп, нәтижесінде үйдің жартысы мен басқа мүліктің кейбір түрлері жойылады. Осыған байланысты күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындайды. Арман өзіне тиесілі автомашинаны сатқанды жөн көреді. Тиген ақша үйді жөндеуге және тұрмыстық техниканы: теледидарды, тоңазытқышты және басқа да мүлік сатып алуға кетеді. Арада біраз уақыт өткен соң олар некені бұзу және бірлесіп жинаған мүлікті бөлу дауларын шешу туралы талап арызбен сотқа жолданады.

Істі шешіңіз. Мүлікті бөлу қалай жүргізілуі тиіс? Қандай жағдайда осы мүлікті ортақ бірлескен меншікке жатқызуға болады?


  1. 23-жасар Ахмад Садуов пен 20-жасар Анастасия Андреева неке қию өтінішімен АХАЖ бөліміне барады. Олар некенің тіркелуін тездеткісі келді, өйткені Ахмадтың әке-шешешсі олардың некесіне қарсы болды. Әке-шешесінің қарсылығы Ахмадтың мұсылман қызына үйленбейтіндігімен байланысты. Онымен қоса, Ахмадтың ағалары үйленушілерді дәл неке қиылатын күні өлтіруге уәде берді.

Ахмадтың ата-анасы мен ағаларының пікірлері есекеріледі ме? ҚР отбасылық заңнамасы бойынша қандай жағдайларда некені бір ай өткенге дейін немесе өтінішіт берген күні тіркеуге рұқсат етіледі?


  1. Азаматша Бекова А. азамат Көккөзовпен Б. некесін жарамсыз деп тану туралы талап арызымен Алматы қ. сотына барады. Оның айтуынша, Көккөзовтың жанұя құруға ешбір ниеті жоқ, ол тек Бекованың пәтеріне құқық алғысы келді. Бұдан ерлі-зайыптылар арасында бір бірін жақтырмаушылық пайда болады және жауапкертаяу маңда сот арқылы пәтерді бөліп алуға ниет білдірді.

Көккөзов неке бұзылу керек деп айтып, талапқа қарсылығын білдіреді. Некені жарамсыз деп тануға негіздер жоқ, өйткені белгілі бір уақыт аралығында олардың арасында ерлі-зайыптылардың қатынастары болды: ол жалақысын үйге әкеліп отырды, әйелін күтіп ұстады, тек соңғы кезде ғана ерлі-зайыптылар арасында келіспеушіліетер пайда болды.

Бекованың талабы бойынша сот қандай шешім шағарғаны жөн? Некені жарамсыз деп тану негіздерін атаңыз. Некені жарамсыз деп танудың салдары қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет