Пән: Информатика Тақырыбы: МҚбж microsoft Access мәліметтердің бейнеленуі Сабақтың мақсаты



бет3/16
Дата25.05.2020
өлшемі0,59 Mb.
#71000
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
20. 05.2020 Информатика

Басылымдар шебері режимінде басылымдар жасау

Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимі таңдап алынған өрістер негізінде шебер көмегімен жаңа басылымдар жасау үшін қолданылады, мұнда стиль таңдауға және байланысқан кестелердің өрістерін пайдалануға болады. Сондай-ақ, мәліметтерді топтастыру мүмкіндігі бар, мысалы, уақытқа байланысты ақпараттардағы күн-ай мерзімі өрісі үшін жылдар, тоқсандар, күндер, немесе басқа да уақыт аралықтары бойынша мәліметтерді топтастыра аламыз. Өрістердің сандық және қаржылық типтері үшін Толық мәні бойынша (По полному значению) немесе Аралық (Интервал) (10, 50 және т.б.) мәндер бойынша да топтастырылу жүргізіледі. Мәтіндік өрістерді толық мәні, бірінші символы немесе алғашқы бірнеше символдары бойынша топтастыруға болады. Сұрыптау жүргізіп (ең көп дегенде 4 өріс бойынша), әрбір топ үшін есептеліп шығарылатын қорытындылық нәтиже алуға (жалпы қосындысы, орташа, максимум, минимум мәндері) да мүмкіндік бар. Парақтарға альбомдық немесе кітаптық бағытта мәтіндер басып, өрістердің де қажетті енін тағайындауға болады. басылымды басқаша етіп те құруға болады. Мысалы, басылымдарға бірнеше кестелер мен сұраныстардан алынған өрістер енгізуге, топтастыру ісін жүргізбеуге, топтастыру жүргізілгенде, оның әртүрлі аралықтарын таңдауға, топ ішінде сұрыптау жүргізу үшін бір немесе бірнеше өрістерді таңдап алуға мүмкіндіктер бар. Бұларға қосымша қорытынды нәтижелер есептеу үшін бір немесе бірнеше өрістер тағайындап, сондай-ақ, тек нәтижелерден ғана тұратын басылымдар да жасауға, яғни басылымдардың түрі мен стилін таңдауға болады.

2 сурет. Басылым үшін кестелер мен өрістер таңдау



3 сурет. Жазбаларды топтастыру үшін өрістер таңдау



4 сурет. Топтастыру кезіндегі аралықтарды тағайындау



5 сурет. Сұрыптау өрісін таңдау



6 сурет. Нәтижелерді шығару тәсілін беру



7 сурет. Жоба түрін таңдау



8 сурет. Басылым стилін таңдау



9 сурет. Басылым атын енгізу



10 сурет. басылымы бейнесі

Уйге тапсырма:




1. MS Access дегеніміз не?

2. Мәліметтер қоры (МҚ) деген не?

3. МҚ-да кестелер деген не?

4. МҚ- да өрістер деген не?
5. МҚ- да жазулар дегеніміз не?

6. МҚ-ын құрудың қандай және неше қадамы бар? 
7. МҚ-ын құрудың әдістері қандай? 
8. МҚ-да қандай нысандар бар?

9. МҚ-на өзгерістер енгізуге болам ма?

10. МҚ-да кесте құруды неден бастайды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет