Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы



бет27/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені
Сабақ 2 Косымша 3 Сәйкестендіру тапсырмалары
Жоспар:
1. Сайлау жүйесiнiң түсiнiгi, түрлері
2. Мажоритарлық сайлау жүйесі: түсінігі, түрлері
3. Бара-бар өкілдік сайлау жүйесі: түсінігі
4. ҚР Президентi, Парламент, маслихаттар депутаттары және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерi сайлауын өткiзу сатылары
5. саяси партиядан Парламент депутаттарын сайлаудың өзгешелiктерi.

Сайлау жүйесі – бұл мемлекеттің өкілді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен сайланбалы лауазымды тұлғасын (Президент) құрудың заңмен бекітілген тәртібі, яғни кандидаттарды ұсыну мен дауыстарды санаудың жүйесі. Басқаша айтқанда, сайлауларды ұйымдастыру мен өткізудің нақты амалы. Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады: мажоритарлық сайлау жәйесі және бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі. Тарихи тұрғыда алғашқы сайлау жүйесі болып мажоритарлық жүйе табылады. Оның негізінде көпшілік қағидасы жатыр, яғни белгіленген көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Бұл көпшіліктің қандай болатындығына байланысты мажоритарлық жүйе өз кезегінде әдетте үш түрге бөлінеді:


1. Салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйесі – бұл ең қарапайым сайлау жүйесі. Мұнда қарсыластарына қарағанда дауыстардың ең көбірек санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Қазақстанда Президентті және Сенаттың сайланатын депутаттарын сайлаудың екінші турында (қайта дауыс беру) және маслихаттан өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау кезінде салыстырмалы көпшілік жүйесі қолданылады.
2. Абсолюттік көпшілік мажоритарлық жүйе – сайлану үшін дауыстардың абсолюттік көпшілігін, яғни жалпы санының жартысынан астамын алу талап етеді. Қазақстанда бұл жүйе бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жартысынан астамының дауысын алуы қажет.
3. Квалификацияланған көпшілік мажоритарлық жүйе – тиісті сайлау жүйесінде квалификацияланған көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Квалификацияланған көпшілік дауыс саны заңмен белгіленеді және ол абсолюттік көпшілік дауыс санынан жоғары болып табылады. Қазақстанда бұл жүйе қолданылмайды.
Бара-бар өкілдік (пропорционалдық) сайлау жүйесі бойынша Қазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты және мәслихат депутаттары сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы мынада: әрбір саяси партия парламентте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына бара-бар болатын (сай келетін) мандаттар санын иеленеді. Бұл жүйе салыстырмалы түрде шағын партиялардың да парламентте өкілдіктерінің болуына кепілдік береді және бұл жүйеде сайлаушылар дауысын нақты кандидаттарға емес партиялық тізімге береді.
Парламент Сенаты депутаттарын, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезiнде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн кiдiрiссiз басталады.

  1. Сайлау қорытындысын анықтау және жариялау;

Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды және сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
Мәслихат депутаттарын, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайды. Мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды тиiстi аумақтық және округтік сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап 7 күннен кешiктiрмей жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Ал, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаудың қорытындысы туралы хабарды тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен кейiн 4 күннен кешiктiрмей жариялайды.
Жоғарыда аталған органдар мен Президенттікке сайлау кезінде үгіт жүргізіледі. Сайлау алдындағы үгiт – бұл сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу қаржыландыруды қажет етеді. Заңға сәйкес сайлауды қаржыландырудың екі түрі болады: мемлекеттік қаржыландыру және мемлекеттік емес қаржыландыру. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Сонымен қоса, Президенттi және Парламент және мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады. Бұл ммелекеттік емес қаржыландыру болып табылады.
Қазақстанда Президентті, Парламент, маслихат депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау процесін бірнеше сатыға бөліп көрсетуге болады. Сонымен, сайлау процесінің сатылары:
1. Сайлауды тағайындау және жариялау
2. Кандитаттар ұсыну
3. Кандитаттарды тіркеу
4. Дауыс беру. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау жөнiндегi дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырмаға дейiн өткiзiледi. Аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы. Бұл орайда дауыс берудi сағат алтыдан ерте бастап, сағат жиырма екiден кеш аяқтауға болмайды.
Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бiр күннiң iшiнде өткiзiледi. Бұл ретте дауыс беру уақытын аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды.
5. Дауыстарды санау.
Президенттi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде дауыстарды санау сайлау учаскелерiнде жүргізіледі және ол дауыс беру уақыты біткеннен кейін, яғни жергiлiктi уақытпен сағат жиырмада (егер дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса) басталады. Дауыс беру уақыты өзгерген жағдайда дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн басталады. Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауға тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет