Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы


Тақырып 14. Жергiлiктi мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері - 14 апта, 1 сағат



бет42/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені
Сабақ 2 Косымша 3 Сәйкестендіру тапсырмалары
Тақырып 14. Жергiлiктi мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері - 14 апта, 1 сағат
Мақсаты: жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың мәнін ашып, жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметінің ерекшеліктерін, конституциялық-құқықтық реттелуін саралау
Негізгі терминдер: мемлекет, мемлекеттiк орган, мемлекеттік басқару, жергiлiктi мемлекеттiк басқару, жергілікті өзін-өзі басқару, жергiлiктi өкiлдi орган, жергiлiктi атқарушы орган, мәслихат, сессия, кезекті сессия, кезектен тыс сессия, жергілікті маңызы бар мәселе
Жоспар:
1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың түсінігі, жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесінің қалыптасуы.
2. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары: түсiнiгi, жүйесі, қызметiнiң қағидалары, өкiлеттiктерi, актiлерi.
3. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесі, ұйымдастырылуы мен қызмет ету тәртібі
4. Жергiлiктi атқарушы органдар: мәртебесі, ұйымдастырылуы мен қызмет ету тәртібі
5. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өзара байланысы.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару – бұл тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет. Жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы, мемлекет тетігінің ерекше белшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие болады. Заңнамада жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны бекітілген және олар үшiн негiзгi талаптар мен шектеулер белгiленген. Яғни жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз қызметiнде:


1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Оларға Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады. Олардың қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.
Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық, бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы бес жыл мерзiмге сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Маслихат депутаттарының саны заңмен жеке маслихаттар үшін әртүрлі белгіленген. Мысалы, облыстық мәслихатта, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн. Депутаттар санын аталған шектерде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Ал, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
Жоғарыда аталғандай маслихаттар жергілікті маңызы бар істерді шешеді және олардың жай-күйі үшін жауапты болып табылады. Оның құзыреті біршама кең болып табылады. Нақты конституциялық өкілеттіктерін қарастырсақ, оларға мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту;
2) өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу;
3) заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау;
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Маслихаттардың өкілеттіктерінің шегі осы аталғандармен бітпейді. Олардың толық көлемі “ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңда реттелген.
Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Сессия Мәслихаттың қызметiнiң негiзгi ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Мәслихат сессиясының екі түрі болады:

  1. кезекті сессия;

  2. кезектен тыс сессия.

Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi және кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралады. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi.
Жоғарыда аталғандай мәслихат өз өкілеттігін өзінің органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихаттың органдарын екі түрге бөлеміз:

  1. тұрақты комиссиялар;

  2. уақытша комиссиялар.

Мәслихаттың ұйымдастырылуындағы ерекше жағдай – онда басқа органдардағыдай төраға болмайды. Мәслихатта мәслихат төрағасы емес, мәслихат сессиясының төрағасы қызмет етеді. Ол мәслихаттың тұрақты емес, кезеңдік түрде жұмыс істеуіне байланысты деп айтуға болады. Мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
Мәслихаттың әрбір кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды және ол өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады. Маслихатта тұрақты, басқа жұмыстан босатылған негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып мәслихаттың хатшысы табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
11.07.2017 жылы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы" заңға өзгертулер енгізіліп Мәслихаттың өкілеттігін тоқтату тәртібі өзгерді. Тиісті өзгертуге сәйкес Мәслихат өкілеттігі оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады. Мәслихаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын ҚР Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын келесі орган – жергілікті атқарушы органдар. “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңға сәйкес жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдік) – бұл облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Конституцияға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншiктi басқару;
3) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай Республика заңдарымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады. Әкім – ол атап кеткеніміздей жергілікті атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы әкімін облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы мәслихатының келісімімен облыс әкімі қызметке тағайындайды. Ал, облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімін облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен облыстық маңызы бар қала әкімі қызметке тағайындайы. Республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкiмін республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен республикалық маңызы бар қала және астана әкімі қызметке тағайындайды. 2021 жылы 24 мамырда «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойыншаа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданып әкімдерді құру тәртібіне өзгерту енгізілді. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасында тұңғыш рет кейбір деңгейдегі әкімдерді, атап айтсақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау енгізілді. Тиісті заңға сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Оған қоса, бір адам сол бір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.

Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.

Әкiмдіктер Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк құрылмайды.


Мәслихаттар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкiмдер - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағында орындалуға мiндеттi шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды.
Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiсiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
ҚР Конституциясының 89 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Тиісінше тұрғын халық жергілікті өзін-өзі басқаруды екі жолмен жүзеге асырады, ашып айтсақ: 1 - тікелей, 2 - мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы.
«ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның 1 бабында жергілікті өзін-өзі басқаруға және жергілікті өзін-өзі басқару органдары терминіне анықтама берілді. Тиісінше нормаға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару – бұл халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет. Ал, жергілікті өзін-өзі басқару органдары — бұл тиісті заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар. Байқап отырғанымыздай, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын анықтайтын тиісті норма қандай органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып табылатындығын нақты атап көрсетпейді. Тиісті баптың 4), 9), 1) тармақшаларын саралау Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде келесілерді анықтауға болатынын көрсетеді:
1. мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органы
2. әкімдіктер – жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органы
3. жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдары
«ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның 1 бабының 1) тармақшасы әкімді жергілікті өзін-өзі басқару субъектісі ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Онда әкімнің ... ҚР заңнамасына сәйкес жергілікті ... өзін-өзі басқару функциялары берілген тұлға болып табылатындығы қарастырылған. Айта кететіні, Қазақстанда мәслихаттар да, әкімдіктер де, әрі әкім де таза жергілікті өзін-өзі басқару субъектілері болып табылмайды. Олар бір мезетте атап кеткеніміздей жергілікті мемлекеттік басқару органдары болып табылады. Демек, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосарлас сипат тән.
Оған қоса, мәслихаттар мен әкімдіктерді толықтай жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде анықтауға болмайтыны олардың құрылып қызмет ету аумағының жергілікті өзін-өзі басқарудың жүзеге асырылу аумағымен толықтай сәйкес келмеуі. Тиісті заңға сәйкес мәслихаттар мен әкімдіктер тек облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан, облыстық маңызы бар шегінде ғана құрылып, қызмет етеді. Яғни, олар аудандық маңызы бар қала, ауыл, село, кент, қаладағы аудан, ауылдық округ секілді бірліктерде құрылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет