Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет26/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

Бөлімшенің палаталары кең, жарық, жақсы желдетілетін, есіктері кең болуы қажет. Палата қабырғалары ашық түстес майлы бояулармен боялып, палаталар тек ең қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілуі керек (төсектермен, функциональды кереуеттермен, аласа шкафтармен, орындықтармен). Төсектерді бас жағымен қабырғаға қаратып, олардың араларында 1 м қашықтық болуы талап етіледі. Палаталардағы науқастар саны төртеуден көп болмауы керек. Әлсіз, әрі ауыр жағдайдағы науқастарды тамақтандыру үшін төсек жанындағы үстелдер және палатада науқастардың туысқандары әкелген азық-түлік сақталуына арналған тоңазытқыш болуы қажет. Ауруханадағы жиһаздар жайлы, жеңіл жуылатын және беткейлері жылтыр болуы шарт.
Науқастарға арналған палаталардың, емдеу-диагностикалық және ем-шара кабинеттеріне жақын шу және вибрация туғызатын құрал-жабдықтардың орнатылуына тыйым салынады.
Негізгі бөлмелер табиғи жарықпен қамтамасыз етілуі керек. Тек жасанды жарықпен қолдануға тек қоймалар, санитарлық бөлмелер, клизма жасайтын бөлмелер, жеке гигиенаға арналған бөлмелер, персоналға арналған душ және сыртқы киім сақталатын бөлмелер, операцияға дейінгі және операцияға арналған, аппараттар сақталатын, наркозға арналған және т.б. қолданылуы табиғи жарықпен қамтамасыз етілмейтін бөлмелерге рұқсат етілген. Бөлімшенің дәліздері қабырғалардағы терезелерден және холлдардан табиғи жарық түсіп тұру керек. Жарық түсу көздерінің ара қашықтығы 24 м аспауы керек. Жалпы жасанды жарық көзі барлық бөлмелерде болу керек. Бөлменің төбесінде орнатылған жалпы жарық беретін шамшырақтар біріңғай плафондармен жабдықталған. Палаталарды жарықпен қамтамасыз етуге арналған қабырғаға орнатылған шамшырақтар әр төсек орынның жанына, еденнен 1,7м биіктікте тұрады.
Апатты жарықпен қамтамасыз ету операциялық блоктарда, реанимациялық, бала туу бөлімшелерінде, таңу, ем-шара және манипуляция жасайтын бөлмелерде, қабылдау бөлімшелерінде, шұғыл зерттеулер жасау, кезекші мейірбикелік посттарда, оперативті бөлімшелер орындарында, шақырылған жерге барып, жедел көмек көрсететін бригадалардың жәшіктерін сақтауға арналған орындар, жедел медициналық көмек станциясының (бөлімше) дәрі-дәрмек сақтау бөлмелерінде орнатылған.
Палаталардың желдетілуі тарту-сору жүйесі және табиғи желдетілу (терезелер) арқылы жүзеге асырылады. Палаталардағы ауа температурасы +20°С, таңу, балалар бөлімшелерінде және жуыну бөлмелерінде +22-25°С, операция және бала туу бөлімшелерінде болу керек +25°С. Бөлмелердегі ауа температурасы бірқалыпты болуы шарт. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60% болу керек.
Стационарға жатқызу көрсеткіштеріне науқасқа мамандандырылған, арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің тәулік бойы медициналық байқаумен қамтамасыз етілуі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет