Пән: «Мейіргер ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 "Мейіргерлік іс"\ 0301000 – «Емдеу ісі» Біліктілігі


Науқастарға дәрілерді тарату ережелері



бет8/50
Дата29.12.2021
өлшемі136,12 Kb.
#106131
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Байланысты:
раб.тетрадь Дәрілік ем ТИПО2

1.2. Науқастарға дәрілерді тарату ережелері.

Медбике дәрілерді дәрігердің нүсқауымен қатаң сәйкестікте таратады. Медбике өзіндік дәрілер тағайындауға, оларды науқасқа беруге немесе басқа дәрілермен алмастыруға қүқығы жоқ. Наукасқа дәрігердің жедел көмегі мен дәрі-дәрмек қажет болатын жағдайлар кездеседі. Ол туралы дәрігерге хабарлау керек.



    1. Емделушілерге дәрілерді тарату алдында жылжымалы үстел үстіне дәрілері бар ыдыстарды (қатты және сүйық), пипеткалар, (әрбір флаконға бөлек), мензуркалар, су қүйылған графин, қайшылар, белгілеу қағаздарын қойыңыз.

    2. Дәрігердің нүқауына сәйкес дәріні емделушілердің тосектері алдына таратыңыз.

    3. Емделушіге дәріні бере отырып, оны осы дәрінің ерекшеліктері туралы ескертіңіз: ащы дәм, жаман иіс, қабылдаған соң зәр иісі, нәжіс түсінің өзгеруі.

    4. Емделуші дәріні сіздің көзіңізше қабылдауы керек. Дәрілерді осы тәртіппен тарату өте ұтымды болады, өйткені:

  • медбике емделушінің дәріні қабылдауын бақылайды;

  • медбике белгіленген дәрі туралы емделуші сүрақтарына жауап бере алады.

Дәрілерді тарату кезінде қателіктер болмауын мүқият қараңыз!

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Дәрілерді тарату кезінде көбінесе дәрілерді тамақтанудан 15-30 минут бүрын береді, себебі дәрілердің бір-біріне тигізетін әсері сорылуын баяулатады.

  1. Қалыпты жағдайда дәрі дәрмектер астан 15-30минут бүрын береді, себебі тамақпен бірге ішкен кезде баяу сіңеді.

  2. Ac қорыту жолдарының шырышты қабаты тітіркендіретін (темір препараттары, ацетинсалецил қышңылы, хлорлы кальций ерітіндісі және т.б.) астан 15-30 минут өткен соң қабылдайды.

  3. Ac қорыту процесін жақсартатын ферментті препараттарды (фестал, панзинорм, асқазан сөлі және т.б.) емделушіге аспен бірге береді.

  4. "Ашқарынға" белгіленген дәрілер емделушілерге таңғы астан 20-60 минут бүрын береді.

  5. Үйықтататын дәрілер үйқыдан 30 минут бүрын қабылданады.

  6. Нитроглицерин, валидол (қажет болса) емделуші тумба- сында үнемі болады.

  7. Түнбалар, қайнатпалар, ерітінділер, микстуралар әдетте ас қасықпен белгіленеді (15 мл). Ал стационарда мөлшерленген мензуркамен ңолданған ыңғайлы.

  8. Спирттік түнбалар, сығындылар және кейбір ерітінділер (мысалы, 0,1% атропин ерітіндісі, сасық шөп түнбасы) тамшы ретінде белгіленеді. Дәрі толтырылған флаконның тамызғышы болмаса, пипеткамен ңолданады. Әрбір дөріге арналған бөлек пипетка болуы керек.

  9. Қүрамында темірі бар пилюля, драже, капсула және түймедақтар күйінде қолданылады. Көптеген емдеу бөлімшелерінде медбикелер уақытты үнемдеу мақсатымен үяшықтарға бөлінген лотоктарға дөрілерді алдын ала салып қояды. Әр үяшықта емделушінің аты-жөні, палата нөмірі көрсетілген, Медбике осы лотокпен дәрілерді емделушілерге палаталар бойынша таратады.

Осы тәртіппен таратудың кемшіліктері

    1. Дәріні қабылдағанда бақылаудың болмауы - емделуші дәрі қабылдауды үмытып кетеді, дәріні лақтырып жібереді немесе кешіктіріп қабылдайды.

    2. Дәрілерді таратудың жекешелендірілген кестесімен қабылдаудың тәртібі сақталынбайды ("астан бүрын", "астан кейін", "аспен бірге").

    3. Тарату кезінде қателер болуы мүмкін (медбикенің мүқиятсыздығынан дәрілік заттар басқа үяшыққа салынуы мүмкін немесе емделуші қателесіп, оған белгіленбеген дәрілерді алуы мүмкін).

    4. Лотоктың ішінде дәріханалың қорапшасынсыз жатқан дәрілік препараттар. Емделушіге белгілеген дәрілік препараттаржөнінде сұрақтарға жауап беру қиын, өйткені олар лоток ішінде дәріхананың қорапшасынсыз жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет