Шайыр жолдары. Ең ірі шайыр жолдары кедрдің орташа диаметрі - 0,14мм, қарағай - 0,1мм, шырша - 0,09мм, балқарағай - 0,08мм. Шайыр жолдарының көп мөлшері қарағайда, кедрде кездеседі. Ең азы балқарағайда және шыршада кездеседі.
Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 3
Тақырып: Сүрек пен қабықтың химиялық құрамы
Сүрек негізгі органикалық заттардан құралған ол жалпы массаның 99%-ын құрайды. Элементтік құрамы бойынша әртүрлі ағаш түрлерінің құрамы бір-біріне өте ұқсас болып келеді.
Абсолютті құрғақ сүрек (100ºС температурадан жоғары) орташа есеппен 49% көміртегі, 44% оттегі, 6% сутегі және 0,1%-0,3% азот болады. Сүректі жаққан кезде онда бейорганикалық бөлім күл қалады. Оның құрамына калий, натрий, магний және басқа химиялық элементтер кіреді. Осы аталып кеткен химиялық элементтер негізгі органикалық заттарды: сүректегі целюллоза, лигнин, гемицелюллоза және экстра белсенді заттар түзеді. Қылқанды және жалпақ жапырақты ағаштардағы органикалық заттар әртүрлі болып келеді.
№
|
Органикалық заттар
|
Қылқан жапырақтылар
|
Жалпақ жапырақтылар
|
1.
|
Целюллоза
|
41-58%
|
39-47%
|
2.
|
Лигнин
|
28-34%
|
17-27%
|
3.
|
Гемицелюллоза
|
15-23%
|
20-38%
|
3.1
|
Пентозанда
|
5-12%
|
15-30%
|
4.1
|
Гексозан
|
9-17%
|
8%дейін
|
Жылдық қабаттың ерте аймағында целюллоза кеш аймаққа қарағанда аздау болады. Экстрабелсенділер шелқабыққа қарағанда ядрода көбірек болады. Шаған мен еменде целюллоза мөлшері ядросында біршама жоғары болады. Бұтақ сүрегінде діңге қарағанда целюллоза 3-10% аз болады. Ағаш қабығының химиялық құрамы сүректен онша өзгешеленбейді. Тек минералдық заттар көп болады.
Целюллоза - табиғи полимер, полисахарид, молекула тізбегі ұзын өте берік зат. Суда және қарапайым органикалық еріткіштерде (спирт, эфир) ерімейді. Ақ түсті болып келеді.
Лигнин - хош исті табиғи полифенол, целюллозаға қарағанда көміртегі көп оттегі аз. Жеңіл тотығады, хлормен әсерлеседі. Сілтіде, күкірт қышықылында және қышқыл тұздарда ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |