Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет12/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Метикті (ішкі) жарылу деп ағаш діңіндегі ішкі радиалдышытынауларды айтады. Оны діңнің сыртынан байқау мүмкін емес. Барлық ағаштарда кездеседі. Қарағайда, балқарағайда, шамшатта жиі кездеседі. Кесу жасынан асып кеткен ағаштарда көбірек байқалады. Жарылудың ұзындығы дің бойымен 10м-ден асуы мүмкін, кейде ағаш түбірінен бөрікбасына дейін орналасқанын байқауға болады. Бұл жарылуды кейде ағашты кескенде жерге соғылуына байланысты пайда болды деген пікір бар.
Ойық жарылу өсіп тұрған ағаш діңінің ішіндегі жылдық қабаттар бойымен бір бірінен ажырап шытынауды айтады. Ойық жарылуда көлденең кескінде сақина немесе дока түрінде кездестіруге болады. Әлі күнге дейін оның пайда болу себебі толық анықталмаған.
Аяз жарылулары діңнің сыртқы қабатынан өзегіне қарай тереңдеп ұзына бойы шытынаған жарылуды айтады. Ол қатты аяздан дің ішіндегі судың күрт қатуына байланысты (ішкі және сыртқы кернеудің екі түрлі болуына байланысты) пайда болады.
Кебу жарылулары - ішкі кебудің әсерінен пайда болады. Радиалды бағыт бойынша сортименттің (ішінен) сыртынан ішіне қарай тереңдеп жарылады. Ішкі және аяз жарылудан ерекшелігі сортимент ұзындығы бойынша қысқа (1м-ден аспайды) және аз тереңдікте ғана болады. Бұл жарылулар дөңгелек сортиметтердің көлденең кескінінде пайда болады. Кептірудің соңғы кезеңінде көбінесе жалпақ жапырақтыларда жарылу ішіне қарай тарайды. Оны тілген кезде ғана байқауға болады. Сортиментте орналасуына байланысты көлденең кескіндегі жарылу (торцовые) және қаптал жарылулары олар екіге бөлінеді: жалпақ жағынан жарылуы (пластевые) және бүйірінен (кралочные) жарылуы.
Дің пішіндерінің кемістіктері
Дің сүйірлілігі (сбежистость) - кез келген ағаш өсе бастағаннан кейін дің түбірінен ұшына қарай диаметрі біртіндеп кемиді. Егер әрбір метр сайын діңнің ұзындығы (сортименттің) 1см-ден артық кемитін болса онда бұл құбылысты кемістік деп санайды. Жалпақ жапырақтылардаң діңдері қылқандыларға қарағанда осы кемістік жиі кездеседі. Сүйірлілік ағаш діңінің ортаңғы бөлігінде аз болса ұшар басына қарай көбірек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет