Пән: Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#89896
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан ғалымдарының «Оқушылардың даму физиолгиясы»

И.П. Павлов (1849-1936) организм ағзала-рының қызметін нервизм түрғысынан зерттеп, реттелу зандылықтарында жүйке жүйесінің же-текші мәнін көрсетті. Алдыңғы саптағы өзінің әріптестері И.М. Сеченов, СП. Боткин, В.М. Бехтерев, Г.А. Захарьин ілімдеріндегі нервизм бағыты И.П. Павловтың барлық жүмысында көрнекті орьш алды. Оньщ алғашқы еңбектері қанайналымының реттелу тетіктеріне арналды (1874-1889). Ол жүрек қызметін реттейтін үш түрлі жүйке талшықтарының болатындығын анықтады. Бүл зерттеуінде ол физиология тарихында түңғыш рет жүйкенің жүрек етіне нәрлендіру (трофикалык) әсерін тапты. И.П. Павлов жүрек-тамыр жүйесін тексерумен қатар асқорыту физиологиясын (1889-1901) зерттеді. Ол көптеген жаңа тәжірибелік хирургия әдістерін енгізіп, бүкіл асқорыту бездерінің тікелей жүйке жүйесі қатысуымен қызмет атқаруын дәлелдеп берді. Асқорыту без-дерінің жүйке жүйесі катысуы арқасында ғана тамақтың әртүрлі қүрамы мен мөлшеріне лайықты икемделетінін көрсетті. И.П. Павлов зерттеулерінің екінші бір маңызды жағы - организмді жеке ағзалардың жай ғана жиынтығы емес, сыртқы ортамен тығыз бай-ланыста қызмет атқаратын толық біртүтас жүйе ретінде қарауы. Ол орга-низмнің қоршаған ортамен өзара байланысы оның қүбылмалы жағдайла-ры жоғары жүйке ісәрекеті арқылы атқарылытьш дәлелдеді (1901-1936). И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісі организмнің мінез әрекеті негізін қалаушы психикалық әсерленістерді тексеруге мүмкіндік берді. Әсіресе, шартты рефлекстердің қалыптасу мен теже­лу зандылықтары жоғары жүйке ісәрекетінің типтері олардың тәжіри-белік неврозда бүзылуы үйқы, гипноз сигналдық жүйелердің басым негіздері анықталды. Соның нәтижесінде жоғары жүйке ісәрекеті ту­ралы материалистік ілім қалыптасты. И.П. Павловқа 1935 ж. Халықаралық XV физиологиялық конгресс "дүниежүзілік физи-ологтардың атасы" деген қүрметті атақ берді. И.П. Павлов көптеген шәкірттер даярлады. Олар кейін физиологиялық жаңа ғылыми бағыттарын жасап маңызды жаңалықтар ашты. 
Біздің республикамызда тірі организмдердің анатомиялық құрылысын зерттеуде Ф. М. Мұхаметқалиев, А. Р. Рақышев т. б. ғалымдар мен олардың шәкірттерінің зерттеулерінің үлесі бар.
Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А. П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес одағының Қ. И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын (болімшесі), 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады:
Негізін А. П. Полосухин қалаған қан және лимфа айналысының реттелуі мен оларға байланысты вегетативтік қызметтер. Бұл бағытта А. М. Бекетаев, I. А. Бірімжанова, Л. Е. Болекбаева, Қ. Қ. Сәтбаева, т. б. ғалымдар мен олардың шәкірттері зерттеулер жүргізіп, кезеген нервтің қан тамырларына әсері, жүрек-қан тамырлар жүйееіне бірінші және екінші сигнал жүйелері арқылы шартты ескерулер, ауру организмдегі гемодинамикалық өзгерістер анықталды. Ғалымдар Ж. Жұмажанов, Ф. Ж. Жұмағалиева Қазақстанның жерінде өсетін түрлі шипалы өсімдіктердің құрамындағы белсенді биологиялық заттарды бөліп алып, олардың жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсерін, олардың емге пайдалану мөлшерін анықтауда көп еңбек етті.
Академик Н.О.Базанованың шәкірттері профессорлар Қ. Д. Дүйсембин, Т.О. Измайлов, 3. Қ. Қожебеков, Б. Н. Никитин, К. Т. Ташенов организмнің ас қорыту ерекшеліктерін, оның реттелу механизмдерін, жас ерекшеліктерін, сүттің пайда болуы мен реттелуін, босанған әйелдердің сүтсіздігін (агалактия) және оның бала организміне тигізген әсерін зерттеп үлкен табыстарға жетуде. Қазақстандағы физиология ғылымының жаңа салалары – нейрофизиологияның және сыртқы ортаға бейімделу мәселесінің дамуына профессорлар Қ.С.Рымжанов, С.Ж.Тілеулин, С.Т.Төлеуханов және олардың шәкірттері үлесін қосуда.
Қазақстанда гигиена ғылымының негізін қалап, гигиеналық-санитариялық жұмысты жонге келтіруге, қоршаған сыртқы ортаны залалды заттардың әсерінен сақтау мәселелерін шешуде ҚРҮҒА-ның мүше-корреспонденті, медицина ғылымының докторы, профессор Б. А. Атшабаров пен академик Т. Ш. Шарманов және олардың шәкірттері көп еңбек етті. Қазақстандық ғалымдар Арал мен Балқаш, Семей экологиялық жағдайларына коп коңіл боліп, халықтың денсаулығын сақтау, үлкен қырғынға ұшырататын ауруларды болдырмау жолдарын іздеуде көп еңбек сіңіріп жатыр.
Профессор Б. А. Атшабаров өзінің шәкірті Б. А. Әбеуов екеуінің ашқан мидың қан айналыс ерекшелігін зерттеу тәсілінің жаңа түрін, өндіріс орындарындағы ауыр металдармен улану, оның миға әсерін анықтау жолдарын ұсынды. Қазірде гигиенаның үлкен мәселелерінің бірі -үлкен өндірістер мен ірі қалаларда ауыр металдармен уланудың алдын алу мәселелерін шешу.
Академик Т. Ш. Шарманов пен профессор А. А. Алдашев Қазақстан жағдайында тамақтану ерекшеліктерін ұзақ зерттеп, адамға қажетті витаминдердің мөлшерін анықтады және авитаминоз ауруларын емдеу тәсілдерін ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет