Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
«Философия» пәні бойынша жазбаша емтихан жұмысын бағалау шкаласы
Балдар:1 сұрақ-30, 2 сұрақ – 30, 3 сұрақ - 40
Білім алушы:
A
- берген жауаптарын стилистикалық сауатты, логикалық дұрыс ашқан;
- теориялық ережелерді нақты мысалдармен келтіре білген;
- ғылыми терминологияны тура қолдануды толық көрсеткен
- тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде, шығармашылық жолын қолданып орындаған
B
– баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше қателіктер жіберілген;
– жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберілген.
C
– тәжірибелік тапсырманы орындау кезінде немесе теорияны жаңа жағдайда қолдана алмаған.
D
– терминдерді пайдалану кезінде түсініктерді анықтауда қателіктер жіберген.
F
білім алушының тексеріліп отырған пән бойынша міндетті білімі мен машықтарының толығымен жоқтығы байқалады.