«Қазақстан тарихы » курсының оқытудың мiндеттерi, студенттің дағдысы мен біліктілігі. -Қазақ халқының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін және шаруашылығы мен тұрмысын әлеуметтік-саяси кұрылым жүйесінің тарихи даму заңдылықтарын оқып игеру.
-Көшпенділер өркениетіндегі қазақ халқының өзіндік ұлттық ерекшелік өркениетіндегі еркшелігімен маңыздылығын ашу және әлемдік өркениет жүйесіндегі орнын көрсету.
-Тарихи жеке түлғалардың тарихтағы орнын көрсету. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және қоғамымыздағы реформалардың маңызын ашу.
-Негізгі тарихи мәселелердің шешімін қарастыру: этногенез мемлекеттілік тарихи ұлт-азаттық қозғалыстар және саяси ағымдар, көшпенділер мәселесі және т.б.
- Алдымен қойылатын талап: ойлау қабілеті, сараптап ой елегінен өткізіп қабылдау.
9. Пререквизиттері
Саясаттану, Әлеуметтану, Философия.
10. Постреквизиттері
Ұлттық спорт және күрес түрлері.
11. Кеңес берудің аптадағы күні және өткізілу уақыты
Дүйсенбі 14:00-ден 17:30-ға дейін
Білім беру порталындағы он-лайн чаты дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 17:30-ға дейін.
2. БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ: ағымдық бақылау;
аралық бақылау;
емтихан.
Оқу үлгерімін ағымдық бақылау оқу сабақтары кезінде өткізіледі, семинарлық сабақтарда сөз сөйлеу, дәрістік сабақтардағы белсенділік, MOODLе жүйесіндегі өзіндік жұмыс тапсырмаларын уақытылы орындау бағаланады. Ағымдық үлгерімнің барлық бағалары 100 %-дық баллдық-рейтингтік жүйе бағамы бойынша қойылады.
Оқу үлгерімін аралық бақылау оқытушы 1,2 АБ апталарында өткізетін бақылау (бақылау тест түрінде MOODLе жүйесіне енгізілген) мен өзіндік жұмыстарды есепке ала отырып жүргізетін, ағымдық үлгерімнің қорытындысын шығару іс-шаралары.
Өзіндік жұмыс белгіленген кестеге сәйкес орындалады. Студент әрбір апта сайын MOODLе жүйесінде берілген бір тапсырманы орындауы тиіс. MOODLе жүйесінде берілген тапсырмалардың мерзімі шектеулі. Өз мерзімінде орындалмаған тапсырма қабылданбайды және бағаланбайды.