Тапсырма 6. Қазақстандағы орта тап және оны бөлудің өлшемдері (Талқылау).
Әдістемелік нұсқау: Қазақстандағы орта тап және оны бөлу өлшемдерін талқылау. Студенттер берілген тақырыпты ғылыми негізде дерек көздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын нақты дәлелдер келтіру үшін ойын жинақтап, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасағанда ғана талқылай алады. Мәселені талқылауға барысында теңсіздіктің пайда болуының негізгі теорияларына сараптама, стратификациялық жүйелердің әртүрлі типтеріне талдау жасау керек. К.Маркстың таптық құрылым туралы іліміне, Қазақстандағы орта таптың қалыптасуына, Батыс әлеуметтануындағы орта тап теориясына, Л. Уорнердің таптық құрылым туралы теориясына ерекше назар аударып, оқығанда ғана тапсырманы өте жақсы талқылауға болады. Сонымен қатар теңсіздік, табыс, байлық, кедейлік, әлеуметтік түп ұғымдарына түсінік беру, талдау жасау да әлеуметтанулық сөздікті тиімді пайдалану қажет.
Әдебиет
1. Бринкерхоф Д. Әлеуметтану негіздері : оқулық / Д. Бринкерхоф. - Д.Уейтс,С.Ортега. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 464 бет.
2. Ритцер Д. Әлеуметтану теориясы : оқулық / Д. Ритцер. - Д.Степницки. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 856 бет.
3. Социологические и аналитические исследования по вопросам языковой политики в республике Казахстан : социальное исследование. - под ред.Комитета по развитию языков Министерства культуры и спорта Республики Казахстан. - Астана : ТОО Сана, 2018. - 145 с.
Тапсырма 7. Жаңа отбасылық түрлер және қоғамдық пікірталас. Қазақстанда гендерлік саясаттың дамуы (Пікірталас).
Достарыңызбен бөлісу: |