Пән туралы мәлімет: Атауы: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» Кредит саны: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері»



бет17/39
Дата01.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#170584
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Ж.Ж.Шайекенов

14 апта
Дәріс 14
Тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық мұраттар
Дәріс мазмұны: Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», Шу батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн», «Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды. Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов («Соңғы парыз»), Қабдолов («Менiң Әуезовiм»), Мұртаза («Ай мен Айша»), Мағауин («Сары қазақ»), Жүнiсов («Аманай мен Заманай»), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары»), Ысқақ («Ақсу туралы аңыз»), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы»), Софы Сматай («Жарылғап батыр»), С.Елубай («Тағзым»), Мұратбеков («Ай туар алдында»), Исабеков («Ай-Петри ақиқаты»), Тарази («Қара жұлдызға сапар»), Жұмадiлов («Тағдыр»), А.Жақсыбаев («Тiрек»), Қ.Исабаев («Шоң би»), Д.Досжан («Құм кiтап»), Б.Мұқай («Өмiрзая»), Ә.Сарай («Едiл-Жайық»), О.Сәрсенбай («Шеңбер»), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты.
Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтикалық қиялдың ауқымдылығы, лирикалық, баяндаушылық, публицистік және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтикалық байқаулар шығармашылық iзденiстердiң молаюына түрткi болды.
20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың «Абылай хан», Ш.Құсайыновтың «Томирис», М.Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндерi» тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады.
Қазақ әдебиеті өзiнiң бүкiл даму барысында күрделi де қайшылықты жолдардан өттi. Бүгiнгi қазақ ұлттық әдебиетi өсiп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнектi авторлары бар, әлемдiк әдебиет деңгейiне көтерiлдi.
Практикалық сабақ тақырыбы: Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу жайында М.Мырзахметов зерттеулері.


СОӨЖ мазмұны: Әдеби мұраны игеру және әдебиет тарихын жүйелеу реферат


СӨЖ мазмұны: Әдеби мұра және тарих

Әдебиет:


1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет