Жазбаша жұмыстарға қойылатын талаптар:
Мәнжазба.
1. Рәсімделуі: - А4 форматы, көлемі 20-25 бет (күрделілігіне орай), Times New Roman, 14 кегль, бір интервал. Азат жол: солдан, оңнан, жоғары және төменнен – 20 мм.
2. Мәнжазба тақырыбының бар бөлімі мен сұрақтарын ашатын жоспар:
- Кіріспе;
- Негізгі бөлім:
1-тарау.
1.1.
1.2.
1.3.
2-тарау.
2.1.
2.2.
2.3.
- Қорытынды/ұсыныстар
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2. Мәнжазба мазмұны:
- жоспардың сұрақтарын қатаң сақтауы және мәнжазба тақырыбына сай келуі тиіс;
- басқа студенттердің жұмысын қайталайтын, бір Интернет-көзден тұтастай алынған мәнжазба қабылданбайды және оқытылмайды;
- мәтін қолданылған әдебиет көздеріне берілген сілтемелерден тұруы тиіс;
3.Қорытынды/ұсыныстар: мәнжазба мазмұнынан қисынды түрде туындап отыруы тиіс.
4.Әдебиеттер:
- Силлабуста көрсетілген әдебиеттер міндетті түрде қолданылады;
- Қосымша басқа да ақпарат көздері пайдаланылуы мүмкін (монографиялар, журналдар);
- интернет материалдары ақпарат көзінің дұрыстығы анықталған жағдайда ғана қолданылады (журнал атауы, мақала тақырыбы, беті, автордың фамилиясы);
- әдебиет көздері мәтінде қолданылу тәртібі бойынша тізіледі.
Слайдтық ұсыну.
1.Рәсімделуі:
- слайдтар саны 10-15, слайдтар сапасы (стиль, контрастылық, шрифт көлемі, түстік сызбалар, анимациялық эффектілер, ақпараттық берілу тәртібімен көлемі);
- ОБӨЖ/БӨЖ тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес иллюстративті материалдар (түсірілімдер, сурет, сызба, диаграмма, т.б.).
2.Презентацияның 4 компоненті:
- заставка (ырғақты, ақпартты қабылдауға – тақырыбы мен мақсаты – позитивті ынта қалыптылау және өзектілендіру мақсатындағы әсерлі кіріспе);
- презентацияның ақпараттық (негізгі) бөлігі (мазмұны);
- қорытынды (тұжырым, ұсыныс және әдебиеттер);
-заставка (презентацияның ырғақты, әсерлі қорытынды).
Достарыңызбен бөлісу: |