Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ
ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ № 1 лекция. Клетка популяциясы мен ұлпалар жүйесін жарық микроскопының көмегімен (фазасы қарама-қарсы, интерференциялық, поляризациялык), электронды микроскоппен, сандық цитохимия әдісімен (цитофотометрия, цитофлуориметрия, авторадиография, интерферометрия) зерттеу. 1.Кіріспе. Клетка популяциясы мен ұлпалар жүйесін жарық микроскопының көмегімен зерттеу. 2. Цитология ғылымының тарихи деректері Цитология пәнінің негізгі мақсаты, қазіргі замандағы биология саласындағы орны және рөлі. Цитологияның басқа да ілімдермен байланысты: гистологиямен, эмбриологиямен, генетикамен, биохимиямен, биотехнологиямен. Клеткалық теория –ең маңызды биологиялық қорытындылап пайымдаудың бірі, соған сәкес біз барлық ағзаларды жасушалардан құрылады деп білеміз. Жасушалық құрлысты ең алғаш Р. Гук 1665 жылы өсімдіктерден байқады. Осы заманғы клеткалық теорияның негізін былай түйіндеуге болады. 1. Клетка – барлық тірі ағзалардың құрылысы мен дамуының негізгі өлшем бірлігі, яғни барлық тірі ағзаларды жаратушы, жасаушы , негізгі қызмет атқаратн құрылымның өлшем бірлігі. 2. барлық ағзалардың құрылыыс, химиялық құрамы, зат , қуат және ақпарат алмасуы жағынан біріне- бірі ұқсас. 3. Жасушалар тек бөліну арқылы көбейеді. 4. Клетка құрылсында прокариот және эукариот ағзалары болады. Микроскоптың шығу тарихы толық анық емес. Бырақта микроскопты жасап шығаруда козілдірік өндірісінің кейбір әсерінің күмәнсіз. Козілдірік 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарға қарағанда алғашқы микраскопты галландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған. 1612 жылы Галлилей де микроскопты құрастырған. Алғашқы микроскоп ғылыми зерттеу құралы болған, оған ойыншақ ретінде қараған. Ағылшын математигі, физігі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоп арқылы тығынның құрылысын қарап, оның ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды клетка деп атаған. Сонымен Р. Гук «клетка» деген дерминді қалдырған. Бұл қазіргі түсініктегі клетканың ашылуы емес. Кейінірек осы XVII ғасырда Грю мен Мальпиги микроскопты қолдана отырып өсімдіктердің құрылысын зерттеген. 1671 жылы Мальпиги «Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі түсініктер» деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда «Өсімдік анатомиясы» атты кітабын жариялаған.1671 жылы Грю «Өсімдіктер анатомиясы бастамасы» деген еңбегін Лондон Корелевалық қоғамына тапсырған. Мальпиги әсіресе Грю өсімдіктердің микроскопиялық құрылысын зерттей отырып, өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінің құрамында «көпіршіктердің» болатынын анықтаған. Өсімдіктердің клеткалық құрылысын көрген, XVII ғасырдың ұлы микроскопшілерінің бірі А. Левегук, бырақ та ол өз жаңалықтарының маңызына түсіне алмаған. А. Левегук жануарлардың клеткаларында – эритроциттерді, спермотозоидтарды, бір клеткалы жануарларды бірінші болып көрген. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің «клеткалық құрылысы» ашылған. Брақ та шын мағынасындағы клетка осы ғасырдың оқымыстыларына белгісіз болған. XIX ғасырдың соңғы ширегінде цитология өз алдына жеке ғылым болып қалыптасты. Бұған себеп болған микроскоптың жақсартылуы мен микраскопиялық техниканың дамуы. Атап айтқан микроскоптың штативы жақсартылды. Көрсету дәрежесі жоғары окулярлар жасалып шығарылды. Иммерсиялық объективтің микроскопиялық практикаға енуі үлкен жаңалық болды. Иммерсия принципін ұсынған 1850жылы Д.Амичи болатын. Брақта иммерсиялық орталық ретінде қолданылған өсімдіктер майы мен су ойдағыдай нәтиже бермеді. Микроскоп оптикасы конструкциясының одан әрі дамуы Э. Аббенің есімімен тығыз байланысты 1878жылы Аббенің басшылығымен иммерсияға арналған объектив жасалынып шығарылды. Иммерсиялық орта ретінде самырсын майы пайдаланды. 1873 жылы Аббе микроскоптың жарық жинайтын аппаратын шығарды. Бұл аппарат осы күнге дейін Аббеннің атымен аталады. Микроскоптың жақсаруымен бірге микроскопиялық зерттеу техникасы да дамыды. Фиксаторлардың жаңа түрлері белгілі болды. 1840 жылы А.Ганновер фисатор ретінде хром қышқылын ұсынды, ал 1859 жылы Г.Мюллер «Мюллердің қоспасы» деп аталатын фиксаторды практикаға енгізді. 60 жылдың аяқ кезіндке Ранвье пикрин қышқылын, 1878 жылы Ланг сулеманы фиксатор ретінде қолдана бастады. Формалинды осы мақсатта алғаш рет 1893 жылы Блум қолданды. Сөйтіп XIX ғасырдың аяқ кезінде фиксаторлар арсеналы анағұрлым артты. Микраскопиялық техниканың дамуы XIX ғасырдың соғы ширегінде көптеген цитологиялық жаңалықтардың ашылуына әкеліп соқты. Солардың бірі кариокинез бен клетка оргоноиттарының ашылуы. Клетканың тікелей емес бөлінуі жөніндегі алғашқы мәлімдемені 1873 жылы Шнейдер жасаған. Шнейдердің бұл жаңалығы тиісті баға ала алмады. Сонымен бірге афтордың өзі үшін де жаңалығы универсалдық маңызы күмән болған. Кейінгі жылдарыда клетка бөлінуінің жаңа әдісі туралы көптеген жұмыстар жарияланды 1894 жылы М.Д.Чистяков митоздық бөлінудің бірнеше фазаларын жасады Н.Д.Чистяков жаңадан пайда болған клеткалардың ядросы аналық клеткалар ядросының бөлінуінің нәтижесінде найда болатынын түсіне білді. Брақ та Н.Д.Чистяков бөлінуі фазаларының тәртібін толықтай біле алмады. 1875 жылы клетка бөлінуінің жаңа ашылған әдісіне арналған көптеген еңбектер шықты. Э.Страсбургер бірнеше өсімдіктер митозын баяндауға арналған «Клетканың бөлінуі және клетканың пайда болуы» деген монографиясын жарыққа шығарды. Страсбургер өсімдіктермен бірге шеміршек клеткаларының, асцидий жұмырқасының бөлінулерін де қарастырды. Түрлі организмдердің тікелей емес бөлінуі ортақ заңдылықпен жүретінін Страсбургер дұрыс түсіне білді. Брақ та митоздың жеке детальдарына баға берген кезде ол еңбегінде көптеген қателер жіберді. 1878-1879 жылдар кариокинез ашылуының кульминациялық дәуірі болып саналды. 1878 жылы Страсбургердің «Клетканың бөлінуі және ұрықтану жөнінде» деген екінші монографиясы шықты. Осы жылы орыс тілінде В.И.Майзельдің «Эпителийдің регенерациясы жөнінде» деген зарттемелерінің кейбір қорытындылары жарияланды. 1879 жылы В.Шлейхердің, В.И.Переможеаның және В.Флеммингтің осы тақырыпқа арналған еңбектері шықты. В.Флеммингтің «Клетканың субстанциясы, ядросы және клетканың бөлінуі» деген 1882 жылы шыққан монографиясында кариокинез жөнінде шыққан жұмыстарды қорытты. Осы кездегі қолданып жүрген кариокинезге байланысты көптеген терминдер Флеммингтің осы минографиясында кездеседі. Мысалы: тікелей және тікелей емес бөліну, митоз және амитоз, ядро торы, хромотин мен ахромотин, экватордық пластинка, «аналық және балалық жұлдыздар». «Кариокинез» деген терминді қазіргі мағынасында пайдаланған да Флемминг. «Профоза», «Метофаза» және «Анофаза» деген терминдерді Э. Страсбургер 1884 жылы енгізген. «Телефаза» деген терминді 1894 жылы М.Гейденгайн ұсынған. Органоиттардың ішінде бірінші ашылғаны клетка орталығы (цетросома). Оны алғаш рет жазған 1876 жылы Э.Ван Бенеден. Цитросома деген терминді енгізген Т.Бовери. Алғашқы кезде цетросоманы клетканың бөлінуі кезінде ғана пайда болады депсанаған. 1891 жылы Флемминг пен М.Гайденгайн бөлінбеген клетканың тұрақты органоидысы екенін дәлелдеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардан басқа көп клеткалы жануарлар клеткаларымен қарапайымдарда және кейбір өсімдіктер клеткаларында болатыны кейін анықталды. Митохондряларды алғаш рет 1891 жылы Бенда ашқан. Бұл оргоноитты зерттеуде үлкен еңбек сіңірген Ф.Мевес. 1898 жылы К.Гольджи жапалақтың мишығы мен жұлынының клеткасында тордың болатынын байқаған. 1900 жылы Э.Гольмгрен нерв және эпителий клеткаларында тор тәрізді қаналшықтардың болатынын жазған. С. Рамон-и-Кахаль бұл құрылымдар ұқсас деп санап, оларды «Гольджи-Гольмгрен қаналшықтары» деп атауды ұсынған. Кейін 1921 жылы У.Пефилд бұл құрылымдардың бір бірінен өзге екенін анықтаған. Кейін бұл аппарат «Гольджи аппараты» деп аталды. «Гольджи аппаратын» зерттеуде орыс зерттеушілері Д.ИДейнека, Л.П.Карпова, П.В.Микаров, А.В.Румиянцев, И.И.Соколов, Г.В.Ясвоин және басқалары елеулі үлес қосты. Тор тәрізді аппараттың қызметін анықтауда әсіресе Д.Н.Носоновтың еңбектерінің маңызы зор. Осы оргоноидтарының ашылуы цитолазмада клетканың тіршілігі мен қызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетеді. жүктеу/скачать 14,19 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |