Клетканың мембранасыз органоидтарының құрылысы мен қызметі. Клетка орталығы, олардың жануарлар клеткаларында кездесуі. Нәзік құрылысы: репликациясы, клетка бөлінуіне қатысуы. Клетканың өмір циклінде клетка орталығының өзгеруі. Қарапайымдылардың клетка орталығына ұқсас аналогы. Клетка орталығының клеткада қимыл қызметін атқаратын органоидтармен байланысы. Эукариот клеткаларындағы кірпікшелер мен талшықтардың құрылысы.
Цитоқаңқа. Микротүтікшелер: нәзік құрылысы мен химиялық құрамы. Тубулиндер, олардың микротүтікшелер жасаудағы маңызы және рөлі. Ұршық жіпшелерін жасаудағы микротүтікшелердің рөлі. Хромосомаларды полюске тартудағы ұршық жіпшелерінің рөлі. Микрофиламенттер: құрамы, құрылысы, қызметі. Микрофиламенттердің плазматикалық мембранамен және басқа да клетка органеллаларымен байланысы. Микрофибриллдер немесе аралық микрофиламенттер, оларға мінездеме, атқаратын рөлі. Тонофибрилдер.