Пәнді оқыту бағдарламасының (Syllabus) титул парағы


Құрастырушы: аға оқытушы Токжигитова Н.К



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі351 Kb.
#28901
1   2

Құрастырушы: аға оқытушы Токжигитова Н.К.

5В060200 - «Информатика» мамандығының

студенттеріне арналған MPI 3214 – Информатиканы оқытудың әдістемесі
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Бағдарлама «____»________ 2013 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленген.


Кафедраның отырысында қарастырылған «____»________2013ж.

№___ хаттама

Кафедра меңгерушісі____________ Н.Н.Оспанова «__» ______ 2013ж.

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде құпталған

2013ж. «_____»______________ №____ хаттама

ОӘК төрайымы _______________ А.Б.Искакова

«____» ________2013ж.

1. Оқу пәнінің төлқұжаты
Информатиканы оқытудың әдістемесі
Міндетті компонент

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Барлық аудиториялық сағат саны – 30 сағат

Дәріс - 15 сағат

Практикалық сабақ - 15 сағат

СӨЖ – 60 сағат оның ішінде СОӨЖ – 15 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы - 90 сағат
Бақылау түрі:

Емтихан (тестілеу, ауызша) – 6 семестр


2. Пререквизиттер:

  • ақпараттандыру;

  • тілдер және программалау технологиялары;

  • алгоритмдер және деректер құрылымы

Постреквизиттер

1. жаңа ақпараттық желілік технологиялар

2. программалау
3. Оқытушылар туралы мәліметтер

Дәріс, тәжірибелік және СОӨЖ жүргізуші: Токжигитова Нургул Каирбаевна информатика магистрі, аға оқытушы, жұмыс стажы – 12 жыл, жұмыс орны - «Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы, Ломов көшесі 64, 407 аудитория;

Кафедрада болу уақыты – сабақ және кезекші кестелеріне сәйкес;

Байланыс телефоны - 8-7182-67-36-87

Электрондық адрес – Nurgul287@mail.ru

4. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты – информатика пәнінің оқыту әдістемесі, компьютерлік білім беру, программалаудың негізін оқыту әдістемесі және алгоритмдік тілдер, компьютерде есептерді шешу әдістемесі мәселелерін зерттеу.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- информатика курсы бойынша оқытудың қазіргі заман әдістеріне студенттерді үйрету;

- программалау тілдерін оқытудың әр түрлі әдістеріне үйрету;



- жаңа ақпараттық технологияларды өз бетімен меңгеру дағдысына үйрету.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер міндетті:

  • есептеу машиналары, жүйелері және желілірдің архитектурасын, техникалық құрамдастарын, программалық жабдықтауын білуі тиіс;

  • дербес компьютерде іске асыру үшін есептерді құрылымдау, алгоритмдеу және программалау және есептерді дайындауы тиіс;

  • негізгі типтер, мәліметтер құрылымы және олардың қазіргі заман программалау тілдерінде жүзеге асыруы тиіс;

  • қазіргі заман қолданбалы программалаық жабдықтауын қолдануы тиіс;

  • программалау тілдерінде программалау дағдыларын қалыптастыруы тиіс;

  • ақпараттану, программалау пәндері бойынша қазіргі заманға сай сабақ берудің әдістерін меңгеруі тиіс;

  • сабақтың материалын дұрыс жеткізу дағдысын қалыптастыруы тиіс;

  • сабақтың барысында есептеу техникасын қолдана алуы тиіс.


5. Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар:

  • есептеу машиналары, жүйелері және желілірдің архитектурасын, техникалық құрамдастарын, программалық жабдықтауын білуі тиіс;

  • дербес компьютерде іске асыру үшін есептерді құрылымдау, алгоритмдеу және программалау және есептерді дайындауы тиіс;

  • негізгі типтер, мәліметтер құрылымы және олардың қазіргі заман программалау тілдерінде жүзеге асыруы тиіс;

  • қазіргі заман қолданбалы программалаық жабдықтауын қолдануы тиіс;

  • программалау тілдерінде программалау дағдыларын қалыптастыруы тиіс;

  • ақпараттану, программалау пәндері бойынша қазіргі заманға сай сабақ берудің әдістерін меңгеруі тиіс;

  • сабақтың материалын дұрыс жеткізу дағдысын қалыптастыруы тиіс;

  • сабақтың барысында есептеу техникасын қолдана алуы тиіс.


Тәжірибелік дағдыларды қалыптасыру:

  • ақпараттану, программалау пәндері бойынша қазіргі заманға сай сабақ беруді;

  • сабақтың материалын дұрыс жеткізу дағдысын қалыптастыру;

  • қазіргі операциялық жүйелерде желілік аппараттық құралдарды орнатуды және баптауды білу;


Құзыретті болу:

  • қолдану кұқығын реттеу, парольмен корғау және файлдық жүйенің қапшықтар құрылымын көшіру, бірге қолдану мақсатында желілік программалық және аппараттық ресурстарын бөлуді игеру;

  • қазіргі желілік технологияларды дамыту перспективалары мен тенденциялары білу керек.


6. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Академиялық сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу


п/п

Тақырып атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

дәріс

зертханалық

Барлығы


Оның ішінде СОӨЖ


1 тақырып

1

-

2





2 тақырып


1

-

3

1



3 тақырып

1

-

5

1


4 тақырып

1

2

5

1


5 тақырып


1

3

5

2



6 тақырып

1

4

5

2


7 тақырып

1

3

5

2


8 тақырып


2

1

10

2



9 тақырып

4

1

10

2



10 тақырып

2

1

10

2




Барлығы:90 сағат

(2 кредит)

15

15

60

15



7. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 тақырып. Ақпараттандыруды оқыту әдістемесі. Ақпараттандыруды оқыту әдістемесі пәнінің қалыптасу тарихы.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Ақпараттандыруды оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы. Ақпараттандыру ғылым ретінде: пән және ұғым. Ақпараттандыру орта мектептегі оқу пәні ретінде. Ақпараттандыруды оқыту әдістемесі педагогика ғылымдарының жаңа тарауы ретінде және ақпараттандыру мұғалімінің даярлығының оқу пәні ретінде.



Әдебиет: [1], [5]

2-тақырып. Ақпараттандыруны пән ретінде орта мектепке енгізудің мақсаттары мен міндеттері.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Жалпы және нақты мақсаттар туралы. Оқушылардың ақпараттық мәдениеттелігі. Ақпараттандыру білім беру аймағы ретінде. Ақпараттандыруды орта мектепте оқытудың мақсаттары. Мектептің оқу жоспарындағы «Ақпараттандыру» пәнінің орны.



Әдебиет: [3], [6]

3-тақырып. Мектептегі ақпараттандыру курсының мазмұны мен құрылымы.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Ақпараттандыру бойынша оқушыларда білімдер мазмұнын қалыптастырудың жалпы дидактикалық принциптері. Жалпы орта білім беретін мектептер үшін ақпараттандару курсының тұжырымдамасын қалыптастыру. Курстың программаларына талдау. Ақпараттандыру бойынша оқулықтар. Ақпараттандыру курсы бойынша оқу-әдістемелік және программалаық жабдықталуы.



Әдебиет: [2], [3]

4-тақырып. Ақпараттандыруны оқытуды ұйымдастыру.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Ақпараттандыруды оқытудың формалары мен әдістері. Ақпараттандыруды оқытудың құралдары. Есептегіш техника кабинетінде жұмыстарды ұйымдастыру. Ақпараттандыру сабағының дидактикалық ерекшеліктері. Сабақтар типтерінің жіктелуі. Ақпараттандыру сабағын ұйымдастырудың дәстүрлі және жаңа әдістерін қолдану.



Әдебиет: [4], [7]

5-тақырып. Ақпарат және ақпараттық үрдістер.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері. Ақпаратты өлшеудің тәсілдері. Ақпаратты сақтаудың үрдістері. Ақпаратты өңдеу үрдістері. Ақпаратты беру үрдістері. Ақпарат және ақпарттық үрдістер бағыты бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар.



Әдебиет: [1], [4]

6-тақырып. Ақпаратты көрсету бағыты.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Ақпараттандырудағы тіл ұғымының орны мен ролі. Ақпараттандыру курсындағы формальды тілдер. Сандарды көрсетудің тілдері: логика тілі және оның негізгі курстағы орны. Ақпаратты көрсету бағыты бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар.



Әдебиет: [3], [5]

7-тақырып. Компьютер бағытын оқыту әдістемесі.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Мәліметтерді компьютерде көрсету. ЭЕМ архитектурасы ұғымын ашуға әдістемелік тәсілдер. ЭЕМ-нің программалық жабдықталуы туралы оқушылардың білімдерін дамыту. Компьютер бағыты бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар.



Әдебиет: [3], [6]

8-тақырып. Формальдау және модельдеу бағытын оқыту әдістемесі.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

«Ақпараттық модель», «ақпараттық модельдеу» ұғымдары. Ақпараттандыру курсындағы жүйелік талдаудың элементтері. Модельдеу бағыты және мәліметтер қоры. Ақпараттық модельдеу және электрондық кесте. Ақпараттандыруда білімдерді модельдеу. Формальдау және модельдеу бағыты бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар.



Әдебиет: [1], [7]

9-тақырып. Алгоритмдеу және программалау бағытын оқыту әдістемесі.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Алгоритмдеу және программалау бағытын оқыту әдістемесі. Алгоритм ұғымын енгізу әдістемесі. Шамалармен жұмыс алгоритмдерін оқыту әдістемесі. Ақпараттандырудың негізгі курсындағы прогрммалау элементтері. Алгоритмдеу және программалау бағыты бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар.



Әдебиет: [3], [6]

10-тақырып. Ақпараттық технологиялар бағытын оқыту әдістемесі.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Мәтіндік ақпаратты оқыту әдістемсі. Графиктік ақпаратпен жұмыс жасау әдістемсі. Желілік ақпараттық технологиялар. Мәліметтер қоры, ақпараттық жүйелер. Электрондық кестелер. Алгоритмдеу және программалау бағыты бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар.



Әдебиет: [2], [7]

8. Тәжірибелік сабақтар мазмұны, және олардың сағат көлемі


1. Позициялық санау жүйелері. (2 сағат)

1.1 Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.



2. Алгоритмдер. (3 сағат)

1.1 Алгоритмдердің қасиеттері.

1.2 Әртүрлі алгоритмдердің блок схемаларын құру әдістемесі.

3. Программалу тілдерін оқыту әдістемесі. (4сағат)
1.1 Меншіктеу операторы.

1.2 Енгізу – шығару операторлары.

1.3 Қарапайым программаларды құру.

1.4 Басқаруды тапсыру операторлары.



4. Индекстелген айнымалылар. (3 сағат)

1.1 Массивтер.

1.2 Массивтің сипаттамасы.

1.3 Массивтерді пайдаланып программа құру.



5. Программаны құру әдістемесі: шартты қанағаттандыратын элементті табу. (1 сағат)

1.1 Матрицаның элементтерін сорттау, қосу, көбейту.

6. Процедуралар мен ішкі программаларды қолдану әдістемесі. (1 сағат)

1.1 Сызықтық, тармақталған операторлар



7. Файлдармен жұмыс жұмыс жасау. (1 сағат)
9. Өздік жұмыс тапсырмалары

Жалпы білім беретін орта мектептің ақпараттандыру пәні бойынша оқытылатын тақырыптар бағыты бойынша төмендегі жұмыстарды орындау:



  1. Оқу материалдарымен танысу және тақырыпты оқытудағы негізгі міндеттерді ерекшелеу.

  2. Сөзжұмбақ құрастыру.

  3. Ребустар құрастыру.

  4. Презентация даярлау.

  5. Қорытынды тест даярлау.

  6. Терминологиялық сөздік даярлау.

Тақырыптар тізімі:

  1. Ақпарат және ақпараттық үрдістер.

  2. Ақпаратты көрсету.

  3. Компьютер.

  4. Формальдау және модельдеу.

  5. Алгоритмдеу және программалау.

  6. Ақпараттық технологиялар (Мәтіндік редакторлар және процессорлар. Графиктік редакторлар. Электрондық кестелер. Мәліметтер қоры. Интернет. Компьютерлік желілер.)



10. СОӨЖ кеңесінің кестесі




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

ТЖ бойынша кеңес




12.35

13.25














2.

СӨЖ тапсырмалары бойынша кеңес







14:45-15:35










3.

Тест тапсырмалары бойынша кеңес













12:35-13:25





Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі



Жұмыс түрі

Тақырып, мақсаты және тапсырманың мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

ТЖ №1-3

Формальдау және модельдеу.

(3 сағат)



1,5,6

3 апта



1-3 апта

2

ТЖ № 4-6

Алгоритмдеу және программалау.


1,3,7

3 апта




4-6 апта

3

ТЖ №7-9

Ақпараттық технологиялар

2,4,5

3 апта




7- 10 апта




ТЖ№10-15

Ақпарат және ақпараттық үрдістер.


3,4,7

5 апта




11-15 апта

4

Межелік бақылау










тестілеу

15- апта



11. Білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлері


Пәнді оқып-үйрену өтілген барлық материалдарды қамтитын емтиханмен аяқталады, емтихан аралас, яғни тестілеу және жазбаша түрде өткізіледі. Емтиханға жіберудің міндетті шарты – бағдарламадағы барлық тапсырмаларды орындау болып табылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардың түрлеріндегі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалары, практикалық сабақтардың тапсырмалары және т.б., межелік бақылау) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық мәнімен шығарылады.

Қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық және СӨЖ тапсырмаларын орындаған және тапсырған), жіберу рейтингі 50 балдан төмен емес студенттер жіберіледі.

Студенттердің әр пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен анықталады:

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі, мұнда ЖР 0,6-дан көп емес, ал ҚБ 0,3-тен төмен емес.
Пән бойынша қорытынды баға білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы 50-ден жоғары болғанда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеген студентке «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Студенттерге емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері емтихан тапсырған күні немесе ертеңінде (егер жазбаша емтихан түстен кейін қабылданса) хабарланады.

Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақылау және қорытынды емтихан 0-100%-ға дейін бағаланады.

Студенттің оқу жетістіктері төмендегі кестеге сәйкес бағаланады.

.


Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


12. Оқытушының талаптары, саясат және процедуралар

Босатылған сабақтар деканатпен қойылған тәртіп бойынша қайта тапсырылады. Көп дегенде екі сабақты ғана босатуға болады. Сабаққа 2 рет кешігу 1 рет сабақ босатқанмен тең. Екі рет сабақ босатқаннан кейін оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуіне құқылы және бұл мәселе әкімшілік шешімін табуы керек. Дәрістерге бөтен, яғни осы топтың студенті емес адамдарға кіруге болмайды.

Берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан сессиясының басталуына 3 күн қалғанға дейін.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды қайталау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі жазбаша жұмыстармен тексеріледі.

Студенттің оқытушымен орындайтын өздік жұмысын орындау барысында келесілерді есте сақтау қажет:



  • оқу пәні бойынша кестеге сәйкес сабақтардан оқытушының берген ақпаратын студенттердің белсенді түрде қабылдауын жүзеге асыру;

  • оқытушының нұсқауларына сәйкес студенттер өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып-үйрену, үй тапсырмаларын, курстық жұмыстарды орындайды. Осы кезеңде студенттерден жұмыс әдістерінің білуді, олардың жұмысты орындау барысында кездескен қиыншылықтарын хабарлауды, жұмыстарды өзіндік ұйымдастыруды талап етіледі;

  • оқу материалын меңгеру барысында кездескен қиыншылықтарды жүйелеу және талдау, осы жұмысты оқытушымен реттеу;

  • студенттер оқытушыға өздерінің сұрақтарын қойып, түсініксіз жайларды нақтылап, кеңестер алады.


13. Әдебиеттер тізімі

Нормативті құжаттар

  • ҚР-сының «Білім туралы заңы»;

  • Информатика бойынша мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

  • Информатика бойынша орта білім беру;

Негізгі:

  1. М.П. Лапчик и др. Методика преподавания информатики: Учеб. Пособие для студ. вузов. – М.: Издательский центр «Академия», 2001.

  2. Семакин И, Г., Шеина Т.Ю. Преподавание базового курса информатики в средней школе. — М.: Лаборатория Базовых Знаний, 2001.

  3. Бочкин А. И. Методика преподавания информатики: Учеб. пособие. —Минск: Вышэйш. шк., 1998.

  4. Н.Ермеков, Л.Н.Кафтункина Ақпараттандыру 9кл. Алматы «Жазушы», 2002

  5. Л.Н.Кафтункина, В.А. Криворучко Методические рекомендации. Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2002 г.

  6. Л.Н.Кафтункина, В.А. Криворучко Сборник задач. Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2002 г.

  7. Л.Н.Кафтункина, В.А. Криворучко Дидактические материалы. Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2002 г.

Қосымша:

  1. Камардинов О., Азаматов С. Ақпараттандыру негiздерi. - Алматы, - 2003. - 218б.

  2. Изучение основ информатики и вычислительной техники: Пособие для учителей / Под ред. А.П.Ершова, В.М.Монахова. — М.: Просвещение, 2000.-Ч. 1,2.

  3. Основы информатики и вычислительной техники: Пробное учеб, пособие для сред. учеб, заведений: В 2 ч. / Под ред. А, П. Ершова и В. М. Монахова. - М.: Просвещение, 1985, 1986. — Ч. 1, 2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет