Пәні: Қазақ әдеби тілінің тарихы Тақырыбы



бет2/3
Дата22.11.2023
өлшемі21,82 Kb.
#192842
1   2   3
Байланысты:
Тіл тарихы Есерқан Данияр

Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт, Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт


Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
деп туған жері мен ата-анасын байланыстыра сөйлейді. Жырау толғауларында теңеу сөздерді жиі қолданған. Мысалы,


...Боташығы бұзаудай,


Боз сазаны тоқтыдай,


Балығы тайдай тулаған,


Бақасы қойдай шулаған...

деген жолдарда бұзаудай, тоқтыдай, тайдай, қойдай деген теңеу сөздер қолданылған. Қазтуған жыраудың: «Мадақ жыры», «Белгілі биік көк сеңгір»,


«Алаң да алаң, алаң жұрт», «Салп-салпыншақ анау үш өзен» толғаулары бар.

Өз заманында жақсы тәрбие алған, парасатты адам болған Доспамбет жырау ХVІ ғасырдың басында Азау қаласында туып, өмір сүрген. Өзінің туған жері Азауды «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?» деп ерекше жырлаған. Толғауларында «Ер Доспамбет» деп өзі жырлағандай,


Доспамбет «астына қарт күреңді мініп», «болат қылыш асынып» жаумен шайқасқан, жорыққа бастаған батыр жігіт болған. Жорық-шайқастарда басына талай қауіп-қатер төніп, оқ тиіп, өлім аузынан қайтқан.
Доспамбет «Айналайын ақ Жайық» деп, туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын, елін, жерін шексіз сүйген. «Қоғалы көлдер, қом
сулар» толғауында «Арыстандай екі бұтын алшайтып, арғымақ мінген өкінбес» деп, өмір туралы тебірене толғайды. Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын ақ Жайық», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Айнала бұлақ басы тең» деген толғаулары бар.

Қазақ жыраулық поэзиясының атасы – Шалкиіз Тіленшіұлы 1465-1560 жылдар шамасында өмір сүрген. Үш айлығында анасынан айырылған болашақ жырау нағашы әжесінің қолында тәрбиеленеді. Мұсылманша жақсы білім жиған, сақара салтынан тамаша тәрбие алған Шалкиіз жырау Би


Темірдің тұсында өмір сүрген. Жырау «Би Темірге бірінші толғауында»:


Сен алтынсың – мен пұлмын, Сен жібексің – мен жүнмін, Сен сұлтансың – мен құлмын, Сен сұңқарсың – мен қумын. Саған дұспан маған жау
Керекті күні алдыңда


Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!

деп, Би Темірдің бейнесін асқақтатып көрсеткен.


Жырау толғауларында ерекше көтерілген тақырып


– адамгершілік мәселесі. Мысалы,


Бір жақсымен дос болсаң – Азбас-тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң – Күндердің күні болғанда
Бар ғаламға күлкі етер,

деп, жақсылық пен жамандықты қарама-қарсы қоя отырып, парасаттылықты, адамгершілік қасиеттерді асқақтата көрсеткен.


Шалкиіз толғауларының басты тақырыптарының бірі – ел бірлігі, ынтымағы. Жырау «Асқар, асқар, асқар тау» толғауында:


Малыңды бер де, басың қос, Басыңды қос та, бек сыйлас, Күндердің күні болғанда
Басың жауда қалар ма!

деп, халықты береке-бірлікке, ынтымаққа шақырған.


Шалкиіз жырау өмір жайлы да толғанған. Өзінің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауында:


Қоғалы көлдер, қом сулар


Кімдерге қоныс болмаған. Саздауға біткен қара ағаш Кімдерге сайғақ болмаған. Күлелік те ойналық,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет