Сыныпта өнерлі оқушылар көп. Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе? Сыныпта өнерлі оқушылар көп!
Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген. Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе? Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген!
Сергіту сәті
Шығармашылық тапсырма
187-жаттығу. Алақай, ура, жасасын сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
Алақай мен бес алдым! Ура апам келді! Жасасын Қазақстан!
Терең ойлау тапсырмасы
188-жаттығу. Сөйлемдерді
салыстырып, айырмашылығын дәлелде.
Әкем шаңғы әкелді. Қар қалың жауды. Ауа райы жақсы екен.
Алақай, әкем шаңғы әкелді! Қардың қалың жаууын-ай! Ауа райы қандай жақсы!
Қосымша жұмыс. (Тақтаға алдын-ала дайындалып ілінеді).
Бақшада
Күз мезгілі еді. Аспан қара көк түске еніп, түнеріп тұр. Колхозшылар егін жинап жүр. Біз бақша жинауға көмекке келдік. Не деген тамаша! Қарбыз, қауын, асқабақтар төңкеріліп жатыр. Не деген байлық!
Тапсырма:
Мәтінде неше сөйлем бар? (7)
Лепті сөйлемнің астын сыз.
«Кім тапқыш» ойыны
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту
-Бүгін не білдіңдер?
-Лепті сөйлем дегеніміз не?
Сабағымызды ойын ойнау арқылы қорытындылайық
«Ойлан тап» ойыны
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру
189- жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра. Әңгімеге ат қой.
ҮІІІ. Бағалау