Күні:05.09.2015 Сынып 7
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Жануарларды жіктеу туралы білім беру.
Дамытушылығы:Жануарларды жүйелеуге уйренуге талыпынстарын көтеру
Тәрбиелілігі:Жануарлар дүниесін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тест, тірек-сызба, биологиялық диктант.
Көрнекілігі: Сызбанұсқалар.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын текеру (тест, ауызша)
III.Жаңа сабақ түсіндіру (сызба)
IV.Бекіту жұмыстары
V.Қорытынды
VI.Үйге тапсырма
VII.Бағалау
Жүйелеу дегеніміз - ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру. Жүйелеу тобындағы реттелуді ескеріп, бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу деп аталады. Жіктеу кезінде жануарларды бірінен-бірін ажырату да олардың құрылысы, тіршілік етуі, мекен орны негізге алынады. Бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен және жер ғаламшарында қазіргі кезде мекендейтін жануардың барлығы бір топқа - жануарлар дүниесіне біріктіріледі.
Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: біржасушалы жануарлар және көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы жануарлардың денесі негізінен бір ғана жасушадан тұрады. Сондықтан олар қарапайым жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жануарлар ағзасында жасушалар көп болады. Олар әр түрлі қызметтер атқарады. Жасушалардың бір тобы ішкі және сыртқы орталан тітіркендіргіш әрекетін қабылдап, сезімталдық білдіреді. Енді бір тобы дыбыс тербелісін қабылдап, талдау арқылы есту жүйесінің негізін құрайды. Кейбір жасушалар тобы қорғаныш қызметін атқарады. Қорегін іздел табуға жәрдемдесіп, оны қорытуға қатысатын да жасушалар бар. Бірақ бірде-бір жасуша өз ағзасынан тыс өмір сүре алмайды.
Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша омыртқасыздар және омыртқалылар болып бөлінеді. Халқымыз омыртқасыз жануарды жәндіктер дейді. Жәндіктердің денесінде ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Олардың біржасушалы да, көпжасушалы да түрлері болуы мүмкін. Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болатын түрлер омыртқалы жануарларға жатқызылады. Бұлар жануарлар деп аталады. Жануарлардың ұрығы дами бастаған белгілі сатысында ішкі қаңқа нышаны байқалады. Бұл түзіліс бас пен құйрық аралығында домбыра ішегі желісіне ұқсас керіліп жатады. Сондықтан жануарлардың бұл тобы желілілер (хордалылар) типіне біріктіріледі. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар,сүтқоректілер - жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар.
Бұларда желі (хорда) тек ұрықтық сатыла ғана сақталады. Одан әрі даму барысында жеке омыртқалардан құралатын омыртқа жотасына айналады. Ал төменгі сатыдағы жануарларда (қандауырша, қабықтылар, т. б.) желі өмір бойы сақталады
Жануарларды негізгі жүйелік топтарға жіктеу
Жер ғаламшарындағы сан алуан жануарларды жеке-жеке атау, түрлерге ажырату, жүйеге келтіру оңайға түскен жоқ. Біздің жыл санауға дейінгі (ж. с. д.) V-ІV ғасырларда ғалымдар жануарларды жүйелеп, жіктеуге ерекше назар аударды. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ (ж. с. д. 460 - 370 жж шамасында) сол кезде белгілі жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жіктеді.
Грекияның ұлы ойшылы Аристотель (ж. с. д. 384 - 322 жж шамасында) жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер және бунақденелілер деп, негізгі топтарға жүйеледі. Жануарлар өлемін жүйелеу ісінде швед ғалымыКарл Линней білгірлік көрсетті. Сондықтан ол жануарларды жүйелеудің негізін қалаушысы болып саналады. К. Линней ағзаларға қосарлы атау тізім беруді ұсынды. Мұнда ол туыстық белгісіне қарай түрге екі атау берді. Мысалы, шақшақай туыстас қүстардың үш түрі бар. Олар: «Ақ шақшақай», «Сары шақшақай» және «Сарыбас шақшақай». «Ақ», «Сары», «Сарыбас» сөздері жеке түрге ғана қолданылады. Сондықтан мұны түрге берілген белгі деп түсінуіміз қажет. Барлығына ортақ - екінші атау «шақшақай» - құстың туыстық атауы. Ағзаларға (ұсақағзалар, өсімдіктер, жануарлар) жіктеу кезінде туыстық екі атау беру қосарлы атаутізім деп аталады. Қосарлы атаутізім бойынша құс туысының қай түрге жататынын бірден біле аламыз.
Түр дегеніміз - Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік. Бір түрде бірнеше дарақтар (особь) болады. Олар өзара бірімен-бірі еркін жүптасып, өзінен кейін ұрпақ қалдырады. Әр түрге жататын дарақтар бірімен-бірі жұптасқанмен де, соңынан ұрпақ қалдыра алмайды. Оған жылқы мен есектің жұптасуынан туған қашыр мысал бола алады. Қашыр ұрпақ бермейді.
К. Линней жануарларды жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негіз етіп алды. Ол түрді - туысқа, туысты - тұқымдасқа, тұқымдасты — отрядқа,отрядты - класқа, класты - типке, типтерді жануарлар дүниесіне біріктіруді ұсынды. Сөйтіп жануарларды жіктеудің мынадай қысқаша сызбанұсқасы қалыптасты:
түр —> туыс —> тұқымдас —> отряд —> класс —> тип —> жануарлар дүниесі.
Жұмыртқа салатын қауырсын жабынды жануарлардың барлығы бір класқа - құстар класына біріктіріледі. Туыстас кластар топтасып, тип түзеді. Бұдан біз жануарларды жіктеу барысында жануарлар дүниесі - ең жоғары деңгей, ал ең төменгі деңгейдегі табиғи қүрылымның түр екенін аңғарамыз.
Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеу негізінен алғанда ұқсас. Жануарларды топтарға бөліп, жіктеудің маңызы зор. Бұдан жануарлар дүниесінің қарапайым жәндіктерден омыртқалы жануарларға дейін қүрылымының күрделене түсетіні нақтылы көрінеді. Ғаламшарымыздағы бір жарым миллионнан астам жануарлар екі топқа бөлінеді. Денесінде ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болмайтын жануарлар жәндіктер деп аталады. Ал ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болса, олар жануарлар тобына жатқызылады. Жәндіктердің біржасушалы және көпжасушалы дүние тармағы бар. Жануарлар тек көпжасушалы болып келеді. Жануарлардың ұрығы дами бастаған кезде құйрық пен бас аралығында домбыра ішегі тәрізді керілген желі байқалады. Сондықтан желілілер деп те аталады. Жоғары сатыдағы жануарларда одан әрі даму барысында омыртқадан құралатын омыртқа жотасы түзіледі. Төменгі сатыдағы жануарларда желі өмір бойы сақталады.
Жануарларды жеке-жеке атап, түрге ажырату үшін оларды жіктеп, жүйелейді. Швед ғалымы Карл Линней ағзаларға қосарлы атау тізім ұсынды. Ол жануарларды жүйелеудің негізін қалаушысы деп саналды. К. Линней жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негізгі бірлік етіп, мынадай қысқаша сызбанүсқа қалыптастырды:
түр —> туыс —> тұқымдас —> отряд класс —> тип —> жануарлар дүниесі.
Біз бұдан жануарлар дүниесінің қарапайым жәндіктерден омыртқалы жануарларға дейін құрылымының күрделене түсетінін көреміз.
Жануарлардың таксономиялық категориялары: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы – туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар – тұқымдасқа (famіlіa), тұқымдастар – отрядқа (ordo), отрядтар – класқа (classіs), кластар – типке (phylum) біріктіріледі. Жануарлардың ең ірі жіктелімдік бірлігі – тип. Алғаш рет ғылымға тип терминін 1825 ж. француз зоологы А.Бленвиль (1777 – 1850) енгізген. Тип – ғасырлар бойы дамыған филогенетик. жүйенің қорытындысы. Типке бірнеше класс біріктіріледі. Мыс., бассүйексіздер, дөңгелекауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер кластары хордалылар типіне жатады. Ж-дік топтар өзара тармақтарға бөлінеді. Олар тип тармағы, класс тармағы, отряд тармағы, т.с.с. Мыс., хордалылар типі бас желілілер (басхордалылар), қабықтылар және омыртқалылар тип тармағына бөлінеді. Бұдан басқа класс үстілік, отряд үстілік, отряд астылық, тұқымдас астылық, т.с.с. таксондар да бар. Мыс., адамтәрізді маймылдар – тартанаулы маймылдар тұқымдасы үстілік; ал адамтұрпатты приматтар – примат отряды астылық таксономиялық категорияға жатқызылады. Өсімдіктер номенклатурасында Халықаралық ботаникалық конгрестің шешіміне сәйкес мынадай таксондар жүйесі бекітілген: өсімдіктер дүниесі – бөлім тармағы – класс – класс тармағы – қатар-қатар тармағы – тұқымдас – тұқымдас тармағы – туыс – туыс тармағы – секция – секция тармағы – серия – серия тармағы – түр – түр тармағы – форма – форма тармағы. Таксондардың негізгілері – бөлім, класc, қатар, тұқымдас, туыс, түр. Ж-дік көрсеткіштің ең ірісі – бөлім; ең кішісі – түр. Өсімдіктер Ж-дік тұрғыдан осы таксондардың әрқайсысында жеке бөлінуге тиісті. Мыс., қарағай ағашы гүлді өсімдіктер бөліміне, қылқан жапырақтылар класына, бүршіктілер қатарына, қарағай тұқымдасына, қарағай туысына, кәдімгі қарағай түріне жатады. Организмдердің жіктелімін түзуге ежелгі дәуірлерден-ақ (Аристотель, Теофраст, т.б. ғалымдардың еңбегінде) талпыныс жасалды. Ж-нің ғылыми негізінің қалыптасуына ағылшын ғалымы Дж. Рей (1627 – 1705) мен швед ғалымы К.Линнейдің жаратылыстану саласындағы ашқан жаңалықтарының әсері көп болды. Алғашқы кезде өсімдіктер мен жануарларды ғыл. тұрғыда жіктеу жасанды түрде қалыптасты. Яғни организмдер тек сыртқы белгілеріне қарап топтастырылды да, олардың жақын туыстық байланысы ескерілмеді. 19 ғ-да Ч.Дарвиннің эвол. ілімінің қалыптасуы – эвол. салыстырмалы анатомия, эвол. эмбриология, эвол. палеонтология сияқты жаңа бағыттардың пайда болуына жол ашып, организмдер Ж-і эвол. сипат алды. Организмдердің эвол. дамуының негізгі бағыты олардың табиғаттағы генеалогиялық (жақын туыстық) қарым-қатынасын филогенетикалық (тарихи) дамуы бойынша дәл және толықтай сипаттауға мүмкіндік берді. 20 ғ-дың басында Ж-нің эвол. сипатынан басқа филогенетикалық (кладистикалық) және фенетикалық (сандық) бағыттары қалыптасты. Филогенетикалық Ж. – қандай да бір топтың эвол. дамуының өзгеру ауқымын ескермей, әр түрлі организм топтарының тарихи даму заңдылығына сүйене отырып, олардың қандай таксономиялық категорияға жататынын анықтау. Фенетикалық Ж. – генетик. тұрғыдан зерттеуге қиындық келтіретін немесе зерттеуге мүмкіндік жоқ түрлер мен формаларға бірдей мән беріп, организмнің көптеген өз бетімен алынған белгілерін матем. өңдеуден өткізу. 20 ғ-дың ортасынан бастап Ж-де биохим. мәліметтер (хемотаксономия) пайдаланылды. Организмнің әр түрлі топтарындағы маңызды белок құрамындағы аминқышқылдардың бір ізділігін, ДНҚ мен РНҚ-ның нуклеотидті құрылысын салыстырмалы түрде зерттеу – әр түрлі топтардың бір-бірімен байланысын анықтауға және оларға жүйелік сипаттама беруге жол ашты. Осы заманғы жетілген алдыңғы қатарлы ғыл. әдістерді пайдалану, сондай-ақ түрлердің популяциялық құрылымын жете зерттеудің нәтижелері – Ж-ді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беріп, жаңа деңгейге көтерді.
Организмдер жүйесі
Қазір тірі организмдер әлемінің 2 млн-нан астам түрі белгілі. 20 ғ-дың ортасына дейін биология ғылымында тірі организмдер екіге – жануарлар мен өсімдіктерге жіктелді. 19 ғ-да кейбір ғалымдар барлық бір клеткалыларды, тіпті барлық төм. сатыдағы организмдерді (қарапайымдар, балдырлар және төм. сатыдағы саңырауқұлақтар) өз алдына жеке шығару керек деген көзқараста болса, микологтар саңырауқұлақтарды жеке патшалыққа жатқызу керек деген пікірлер айтты. Тек 20 ғ-дың ортасында электрондық микроскоп пен молек. биологияның дамуына байланысты тірі организмдерді жүйелеуді түбегейлі қайта құру басталды. Биологияда қол жеткен маңызды жетістіктің бірі – бактерияны, цианбактерияны және архебактерияны басқа тірі организмдерден бөліп алып өз алдына жеке қарастыру. Оларда ядро болмайды, генетик. материал ДНҚ-ның сақиналы тізбегі тәрізді нуклеоплазмада бос жатады да, нағыз хромосом түзбейді. Сондай-ақ, олар митоз жолымен бөлінбейді, сондықтан оларды прокариотты немесе ядросыз организмдер деп атайды. Ал бұдан басқа, құрамында мембранамен қоршалған ядро, ДНҚ, РНҚ және ақуыздан тұратын генетик. материалы бар, митоз жолымен бөлінетін, сондай-ақ микротүтікшелері, митохондрия және пластидтері ретпен орналасқан – бір не көп клеткалы организмдерді эукариотты немесе ядролы организмдер деп атайды. Органик. тіршілік дүниесінде прокариоттар патшалығы мен эукариоттар патшалығы қалыптасқан. Жануарлар патшалығына қарапайымдылар мен көп клеткалы жануарлар жатады. Бірақ қарапайымдылар тобы ғалымдар арасында осы күнге дейін пікірталас туғызуда. Мыс., 1980 жылдан қарапайым (бір клеткалылар) бір ғана тип деп берілетін, ал қазір оның өзі жеке-жеке 7 типке бөлініп беріледі. Өсімдіктер патшалығы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерді, сондай-ақ, ядролы балдырларды қамтиды. Бірақ көптеген биологтар ядролы балдырларды протистерге (бір клеткалылар) жатқызып, өсімдіктер патшалығын мүктәрізділер мен түтікшелі өсімдіктер құрайды деген пікір айтады. Сонымен, осы уақытқа дейін бір келісімге келген, бекітілген тірі организмдердің жүйесі жоқ. Ал қазіргі уақытта жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін ғалымдар 2 империя мен 5 патшалыққа бөледі (кестені қ.). Жүйенің экология және биогеография ғылымдары үшін маңызы зор. Қазба жануарлар мен өсімдіктердің Жүйесі стратиграфия мен геохронология ғылымдарында қолданылады. Ж-нің қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын ұйымдастыруда алатын орны да ерекше.
V.Қорытынды
Оқушылар 4 топқа біріктіріледі. Топ жетекшілері жауап берген оқушыны белгілеп отырады. Сабаққа тез бейімделу үшін шапшаң жауап беруге арналған сұрақтар қойылады.
1. Жануарлардың табиғаттағы маңызы қандай?
2. «Зоология » сөзінің қазақша баламасы қандай, ол нені зерттейді?
3. Адам өмірінде жануарлардың пайдасы мен зияны қандай?
4. Жануарлардың мекен ету ортасы дегеніміз ен?
5.Жүйелеу дегенімізді қалай түсінеміз?
6.Жануарларды жүйелік топқа кім жіктеді?
VI.Үйге тапсырма
VII.Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |