7-тақырып. Соңғы жабындық ұлпалар
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал– жабдықтар: 1) Картоп түйнегі, талдың, ырғайдың бір жылдық бұтақтары, қарағай, шырша, қарағаш бұтақтары. 2) Ырғай немесе жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісінен жасалған дайын преператтар: бөтелкенің мүжілмеген тығыны. 3) Реактивтер: хлор-цинк- йод, судан 3, спирт, глицерин. 4) Микроскоп және оған қажетті лабораториялық құрал – жабдықтар. 5) Кестелер.
Тапсырма:
1) Картоп түйнегінің кесіндісінен және тал, қайын, терек т.б сүректі өсімдіктердің бір жылдық бұтағынан препарат дайындап, тоз қабатын зерттеу.
2. Ырғай және жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісінен жасалған дайын препараттарды пайдаланып, тоз қабаты мен жасымықша клеткаларының құрылысын байқау.
3. Осы жасаған препараттармен қатар емен, қарағай ағаштары сабақтарының көлденең кесінділерінен қыртыты қарау.
4. Тоз қабаттары қыртыс пен жасымықшаның суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.
5. Қысқаша қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |