15 тақырып. Қазақстандағы мектеп мен педагогика (20-30 жж.). ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық–педагогикалық қозғалыс. Ұлттық мәдениет және ана тілде оқытатын мектептер ашу туралы ойлар. Білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін баспасөз беттерінде талқылау. Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру.
А.Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми – педагогикалық қызметі. Ана тілде оқытатын бастауыш мектептер туралы идеялар. Оқыту мәселелері, ұлттық рухани мәдениет және мектеп қажеттері.
М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Тәрбие мақсаты, тәрбие процесінің құрылымын жасау, тәрбиенің негізгі бағыттарын анықтау, педагогика пәнін және оның негізгі категорияларын қалыптастыру. Тәрбиені гумандандыру идеясы және гуманды тұлғаны қалыптастыру. Дене тәрбиесі мәселелері.
Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс–әрекеттері. Ж.Аймауытовтың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық тәрбие және кәсіби білім беру, бастауыш мектептер үшін оқу пәндерін таңдап алу, оқушыларды артық жүктемеден арылту мәселелері. Негізгі педагогикалық түсініктер мен дидактикалық категориялар, әдеттер мен дағдылардың мәнез–құлықтың қалыптасуына әсері, оқушылардың ойын, санасын және қабілеттерін дамыту. Интернационалдық тәрбие мәселелері.
С.Көбеевтің педагогикалық мұрасы. Отбасындағы бала тәрбиесі. Білім беру мен тәрбиелеу процесіндегі практикалық дағдылар, балалардың оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі мәселелері.
Н.Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны, балалардың жас ерекшелігін ескеру. Тәрбиенің табиғилық принципін, көзқарасын қалыптастыру. Мінез – құлықтың, ақыл–ой, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, рухани және дене тазалығы. Тәрбие әдістерін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |