Айып салу шаралары
Сабақты босатуы, кешігуі, плагиат, жұмысты мерзімінде орындамауы кезінде студентке белгіленген ұпайлар қойылмайды.
Егер студент нақты себеппен сабақты босататын болса және растайтын құжаты болса (мед. анықтама, деканаттан жазбаша рұқсат), студент 2 жұма ішінде оқытушы белгіленген мерзімде босатқан күндерін қосымша жұмыс алып, өтеуге құқығы бар. Бұл жағдайда балл 0,5 коэффициентімен қойылады.
Межелік және қорытынды бақылауды жүргізу формасы
Межелік бақылау жазбаша өткізіледі. Межелік бақылау сұрақтарын студент 7 және 14 аптада алады.
Курсты аяқтаудың бағасы: жалпы үлгерім мен қорытынды бақылаудың максималды балдарын қосқан кезде шығарылады. Қорытынды нәтиже СО ПГУ 8.01.1-05 4 пункті “Студенттердің білімін балл-рейтингілік жүйе бойынша бақылау және бағалау ережелеріне” сәйкес шығарылады.
Аудитория мен емтиханда тәртіпті сақтау ережелері
Студент міндетті:
Сабаққа кешікпеуге.
Сабақ барысында сөйлеспеуі, газет, журнал т.с.с. оқылмауы тиіс .
Ұялы телефондарын сөндіруге.
Сағыз шайнамауы.
Оқу үрдісіне белсенді араласуы.
Сабаққа уақытында келу.
Оқу бөлмелерінде темекі тартпау.
Аудиторияларда қоқым шашпай, тазалық сақтауы.
Сабаққа сыртқы киіммен кірмеуі.
Жиһаз бен көрнекі оқу құралдарын сақтай білу.
Студенттің тәртібі мен этикасы университеттің ішкі тәртібіне сай келуі керек.
Белгіленген тәртіптерді бұзғаны үшін оқытушы студентті аудиториядан шығарып тастау және деканның рұқсатымен сабаққа кіргізу құқығына ие.
Достарыңызбен бөлісу: |