Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)


«Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу»



бет3/3
Дата12.03.2018
өлшемі1,4 Mb.
#38475
1   2   3
«Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу»


пәні бойынша оқыту бағдарламасы(Syllabus)
Бағдарлама 20 ж. «___» ___________ бекітілген, жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Кафедра отырысында ұсынылды 20 ___ ж. «__» ____________ №__ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _________Бейсембаева Г.М. 20___ ж. «__» ____________

(қолы)
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20 ___ж. «__»_________№___ хаттама

ОӘК төрайымы _______________Темиргалиева А.Б. 20___ ж. «__» __________

(қолы)
Келісілді: «Педагогика-психология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор _____________ Бурдина Е. Н. 20___ ж. «__» ____________


1.Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы «Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу»

Міндетті компонент пәні


Кредиттер саны және оқу кезеңі

Барлығы-3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Аудиториялық сабақтардың барлығы-45

Дәрістер – 30 сағат

Семинар сабағы – 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

соның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат

Жалпы сыйымдылығы – 135 сағат



Бақылау нысаны

Емтихан – 6 семестр



Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: экономикалық теория, микроэкономика, менеджент, қаржы.


Постреквизиттер

Пәнді оқғаннан кейін әртүрлі меншіктегі әлеуметтік жұмысты ұйымдастырушылық-экономикалық негіздеріне толық икемделеді, және одан әрі келесі пәндерді қарастырады «Экономикалық теория негіздері».



Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары

А.Ж.Т. Кагибат Азамат Кагибатович

Ғылыми дәрежесі,атағы аға оқытушы

Кафедра « Менеджмент», аудитория _524__,

телефон: __673646______________________,

Е-mail kausar52@ mail.ru



2. Пәні, мақсаты және міндеттер

Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу - пәнді оқытудың міндеттері еңбекпен қамту саласында болып жатқан және тұрғындардың басым көпшілігінің материалдық жағдайлары мен әлеуметтік психологиялық көніл-күйіне едәуір әсер ететін әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және этикалық процестерінің механизмдерін оқып білу, сонымен қатар:

  • әлеуметтік басқару негіздері туралы түсініктеме беру;

  • басқарудың, билік жүргізу және ұйымдастырудың, жұмыстың технологиялардың, әлеуметтік жұмыстың құжаттарын теориялық негіздерін оқу;

  • әлеуметтік қызметкерлерге кәсіби қызметтің ерекшеліктері мен спецификасын терең таныстыру.


Пәнді игеру мақсаты Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу, оның міндеттері мен мазмұнын басқару әдістерін; әлеуметтік қыз-меткерлердің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру.

3 Пәннің тақырыптық жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

№ п/п


Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

Зерт.

студ

СӨЖ

СӨЖМ

1

Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу

2

1







7

1

2

Адамның еңбек етуге және еңбек ету бостандығына конституциялық құқығы

2

2







7

1

3

Халықты еңбекпен қамту, оның әлеуметтік-экономикалық мәні

2

2







7

2

4

Жұмыссыздық - әлеуметтік-экономикалық құбылыс

2










7

2

5

Еңбек нарығы, оның құрылымы, моделі, әрекет механизмі

4

2







7

2

6

Еңбекпен қамтудың классикалық, неоклассикалық және өзекті концепциялары, оларды реттеу

2










7

2

7

Халықты еңбекпен қамту саясаты – мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі ретінде

2

2







7

1

8

Еңбекпен қамту саясатын іске асырудың халықаралық тәжірибесі

2










7

2

9

Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту саясатыны ерекшеліктері және оны реттеу

2

2







7

2

10

Әлеуметтік-сегменттік еңбек нарығы: әйелдер мен жастарды еңбекпен қамту

2

2







7

2

11

Еңбекпен қамту мен жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық және этникалық проблемалары

2

2







7

1

12

Әлеуметтік қызметін жұмыссыздар мен олардың отбасын әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қолдау жұмысы

2










7

1

13

Еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік жұмыс: әлеуметтік серіктік, еңбек даулары және оларды шешу

4










6

1,5




Қорытынды:

30

15







90

22,5


5 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып. Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу

Жоспар

  1. Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу пәні, мазмұны және басқа ғылымдармен байланысы

  2. Халықты жұмыспен қамту бағыттары

  3. Мемлекетік сектордағы әлеуметтiк жұмыс қағидалары


1 Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу пәні, мазмұны

және басқа ғылымдармен байланысы
Еңбекпен қамту саласында болып жатқан және тұрғындардың басым

көпшілігінің материалдық жағдайлары мен әлеуметтік психологиялық көніл-күйіне едәуір әсер ететін әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және этикалық процестерінің механизмдерін оқып білу, сонымен қатар:



  • әлеуметтік басқару негіздері туралы түсініктеме беру;

  • басқарудың, билік жүргізу және ұйымдастырудың, жұмыстың технологиялардың, әлеуметтік жұмыстың құжаттарын теориялық негіздерін оқу;

  • әлеуметтік қызметкерлерге кәсіби қызметтің ерекшеліктері мен спецификасын терең таныстыру.

Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу, оның міндеттері мен мазмұнын басқару әдістерін; әлеуметтік қыз-меткерлердің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру.

әлеуметтік ортаны басқару, оның міндеттері мен мазмұнын әлеуметтік жұмысты басқару әдістерін; әлеуметтік қыз-меткерлердің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру.

Студент пәнді оқып білу нәтижесінде:


  • басқару ойдың даму тарихын;

  • Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу әлеуметтік жұмысты басқару мағынасын мен мазмұнын;

  • әлеуметтік жұмыста басқарудың ұйымдастыру құрылымын;

  • Жұмыссыздық - әлеуметтік-экономикалық құбылыс

  • әлеуметтік қызметін басқарудың институтционалдық негізі ретінде;

  • персоналды басқаруға үйренеді.

Басқару сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.

«Басқару және ретттеу» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «монус», яғни «қол», «күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

1 адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;

2 билік және басқару өнері;

3 шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

4 басқару органы, бөлігі.

Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар топтарының алуан түріне түрліше қолданылғанымен оның түп негізі, мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджмент негізгі 6 түрге тармақталады:

1 Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

2 Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

3 Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4 Құрама одақтық (ассоциялық) немесе клубтық менеджмент.Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда да қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5 Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.


  1. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі.



  1. Халықты жұмыспен қамту бағыттары

Халықты жұмыспен қамтуды басқару мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:



  1. экономикалық

  2. әлеуметтік – психологиялық

  3. құқықтық

  4. ұйымдық – техникалық

Экономикалық бағыттың мәні - өндірісті процесті басқару. Мұндай жағдайдағы менеджер қызметі аз шығындала отырып, материалдық және еңбек ресурстарын кординациялау.

Әлеуметтік – психологиялық бағыт – басқарудың барлық деңгейіндегі менеджерлерді біріктіру.

Басқарудың төменгі және орта деңгейіндегі менеджерлердің қызметі және жұмысшылар мен коллектив арасындағы дұрыс өндірістік қатынастар орнатуға бағытталған.

Басқарудың құқықтың бағыты – фирманы құру бойынша заңдар, кедендік және салықтық саясат, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу бойынша заңдарды қамтиды. Менеджерлердің ұйымдық – техникалық міндеттерді тағайындау, ресурстармен жабдықтау, жұмысшылар еңбегін жетілдіру және т.б. қамтиды.

Реттеудің 3 кезеңі белгілі:

- стратегиялық басқару;

- оперативтік басқару;

- бақылау.

Стратегиялық басқару – менеджменттің мақсаттарын тағайындау, жобалау мен перспективті жоспарлау.

Оперативтік басқару – қызметтің екі түрін қамтиды: ұйым және жетекшілік.

Бақылау – пайдаланбаған өндірістік резервтерді, қойылған мақсаттарға жетудегі нәтижелерді талдау мен бағалау.

Тиімді әрекет етуші мекеме менеджменттің барлық бағыттары емен кезеңдерінің бірлігін қамтамасыз етеді.

Пайданы қамтамасыз ету – менеджменттің басты міндетті.


  1. Мемлекетік сектордағы әлеуметтiк жұмыс қағидалары

Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уинслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған. 1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредрик В. Тейлор процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең деп қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.

Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:

1 Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да, көпір салу секілді асқан дәлдік керек.

2 Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, ол арды жаттықтыру және баулу.

3 Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.

4 Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.

Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіпқоя отырып, тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б. көздеді.

Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге жәнеде хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді.

Жұмыс уақытын дәл есептеу құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды енгізуді және жұмыс барысын бақылауды қажет етті.

Тейлор жұмысындағы басты жүйе – жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін жәнеде соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімнің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданылды.

20-жылдары Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Френк Б. Гилберт, Лилиан Гильберт, Хорейс Хетэуй, Сенфорт, Харригон, Эмергон, Г. Форд болды.

Эммерсон ойлап шығарған «өнімділіктің 12 принципі» жұртқа кеңінен мәлім болды. (1912). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды, әрі тұжырымдады. Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:


  • дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен қол астындағылар ұмтылады;

  • болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;

  • білікті кеңес беру - өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;

  • тәртіп – барлық ұжым (коллектив) мүшелерінің белгіленген тәртіп пен ережеге бағынуы;

  • қызметкерлерге әділ төрелік;

  • басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;

  • ұжым қызметін мұқият, жедел, басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;

  • ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;

  • ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыпқа келтіру;

  • уақытты белгілеуді және операцияның кезегімен орындалуын ұсынатын операциялар нормасы;

  • атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;

  • әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін сыйлыққа ақы төлеу.

Г. Эммерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің қажеттігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әсіресе, тиімділік тұрғысынан рационализациялауды (ұтымды етуді) қарастыруы (ол алғаш рет енгізген ұғым) ерекше көңіл аударарлық. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап көрсетті.

Менеджменттің негізгі принциптері – деп басқарудың практикалық міндеттерін қоярдағы басқарудың жүйесіне түрлі құрылымның (элементтің) аралығындағы байланыстарды, (қарым – қатынастарды) жүргізудің жалпылама заңдылықтарын түсіндіреді.

Менеджменттің негізгі принциптері мынадай:

- орталықтан және жергілікті жерден басқаруын ыңғайлы байланыстыру;

- құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті байланыстыру;

- басқаруды демократизациялау;

Форд басқаруды ұйымдастырудың мынадай принциптерін қолданды:

- барлық өндіріс процесін, ондағы сатыларды байланыстарды дәл есептеу және жоспарлау;

- жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;

- шикізаттарды, материалдарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу;

- өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;

- өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.

Өндірісті ғылыми басқару концепциясы елеулі өзгерісті кезең болды, соның әсерінен басқару ісі ғылыми зерттеудің дербес саласы ретінде танылды. «Ғылыми басқару» қозғалысы АҚШ-тан тыс жерлерге қанат жайып, Германияда, Англияда, Швецияда, Францияда және басқа да европалық елдерде кеңінен мәлім болды, мұның өзі оларда «басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», «еңбекті ғылыми ұйымдастыру» т.б. аттармен жарияланды.

Негізгі әдебиет: 1,3,8

Қосымша әдебиет: 4,5



2 тақырып. Адамның еңбек етуге және еңбек ету бостандығына конституциялық құқығы
Жоспар

1 Экономикадағы мемлекеттің орны



  1. Саяси цикл және басқару шешімдері

3 Қоғамдық мүдде

1 Экономикадағы мемлекеттің орны

Мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты мақсаты – қоғамды, яғни әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе – теңдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарында құрылымды нығайту.

Бұл орайда мемлекеттік реттеудің аттану нүктесі мен басты бағыттары келесі болады: Елдің экономикалық саясаты (барлық ресурстарды тиімді, ұтымды пайдалану саясаты). Ішкі экономикалық және әлеуметтік саясат, сыртқы экономикалық саясат

Елімізде әлеуметтік – экономикалық реформаларды нарықтық экономикалық қатынастарға көшудің басты мақсатын және экономикамен әлеуметтік дамудағы нақты мақсаттарды келесі кестеден көруге болады.

Негізгі мақсат: әр адамға дербес жолын таңдауға және экономикалық өзін – өзі айқындауға, өзінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және саяси мүдделерін іске асыруға тең мүмкіндігін ашатын көп укдадты нарықтық экономикасы бар, демократиялық қоғам құру.

Экономика саласында.

1) меншіктің негізгі түрлерін үлестіре және өзара дамыта отырып, бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік нарықтық экономика құру

2) әр адамның экономикалық тұрғыдан өзін айқындау принципін әске асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасау

3) Қазақстанның табиғи ресурстарының негізінде дүниежүзілік тауар нарығында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен оны бөлісу және ғылымды көп қажет ететін салаларды жеделдете дамыту

4) қазіргі шетелдік және отандық техника мен технологияларды қатыстыра отырып экспорттық және импорттық өндірістердің орнын алмастыратын өндірістер есебінен, оның экономикасын қайта құру.

5) тұтыну нарығын толықтыру

6) шет елдер инвестицияларын тарту және тиімді пайдалану

Әлеуметтік дамуда.

Негізгі мақсаты: іс жүзінде бәрінің игілігін: балалық, еңбекке қабілетті және қабілетсіз жастағы, сонымен бірге жағдайдағы адамдардың игілігін іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату.

1) кез келген салада күш жұмсауға ниет білдіретін әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндікпен мүмкіндік туғызып, олардың қабілеттісінің, еңбек сүйгіш, әрі іскерлерінің қоғамда жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету

2) экономикалық өсу мен тұрақтануына және оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақы арттыру, бірақ соның өзінде заңсыз баюға жол бермеу. Осы негізгі мақсатты және экономика мен әлеуметтік салалардағы мақсаттарды орындаудағы мемлекеттік реттеудің алдына қоятын мақсаттарын 3 топқа бөлуге болады. Олар:

1) Экономиканы тұрақтандыру

2) шаруашылық жүгізудің тиімді механизмін құру

3) нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру

Негізгі мақсаты: республиканың, халық шаруашылығының Қазақстанның үлкен табиғи және экономикалық мүмкіндіктеріне сай келетін қоғам мүшелерінің жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуге, заттық жағдай жасауға мүмкіндік беретін әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға енуін қамтамасыз ету.

Экономиканы тұрақтандыру – экономиканың қаржылық салықтандырылуы және айналымының тұрақтандырылуы

1) тұтыну нарығын жақсарту

2) өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету

3) шаруашылық байланыстарын нығайту және дамыту

Шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру:

1) меншік қатынастарын өзгерту

2) еркін кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету

3) бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету

4) қаржы несие жүйесін қайта құру және дамуын жетілдіру

Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру:

1) нарық инфроқұрылымдарын құру, қалыптастыру

2) тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нарығын қалыптастыру, құру

3) өндіріс заттарының нарығын құру

4) ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығын құру

5) еңбек нарығын құру

6) тұрғын үй нарығын құру

7) қаржы нарығын құру

Бұл мемлекеттік реттеудегі мақсаттар жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты екендігін, бір – бірін толықтырып отыратындығын және олардың іске асырылуы, орындалуы негізгі мақсатын орындалатындығын қамтамасыз ету керек екендігін көруге болады.




  1. Саяси цикл және басқару шешімдері

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с. Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі құбылыс.

Онда әмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықган ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім кабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін артгыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жи- нақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпы ұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты.

Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т.т. да солардың іс-қимылдарымен айкындалады. Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондықтан саяси процесс белес-белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырады. Демократиялық елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады. Бұрынғы Кеңес өкіметінде СОКП-ның съездері бүкіл саяси жұмысқа ырғақ беріп, цикл содан басталатын. Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.т.) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсаттандалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер катынасады т.т. ойластырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұқият тексерілгенінде ғана табысты болады.

Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, коғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. Саяси жүйені тұтас алсак, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

1 Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.

2 Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

3 Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажетгіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Бұл — саяси мәселе. Батыстың көптеген елдерінде биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топтары және т.б. ақыл-кеңес беретін құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми-талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дұрыс, қолайлы шешімдерді қабылдауға жәрдемдеседі. Мұнда шешім қабылдаушы саяси басқарушылар мен оны орындаушы бағыныштылардың арасында тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар ештеңеге жауап бермейтін. Жауапты партаппараттың айтқанын орындап, соның бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік органдар мекемелердің жауапты қызметкерлеріне артатын. Сондықтан ақылға сыйымсыз жағдай туған шешімді қабылдаушылар ештеңеге жауап бермейтін, ал жауап берушілер оны қабылдауға қатыспайтын. Мұның бәрі қандай нәтижеге әкелетіндігін өмір өзі көрсетті.

4 Саяси жүйенің жағдайымен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында шыға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жан сақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.Ол екі жолмен жүргізіледі.

Біріншісі — мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен козғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл — саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі бақылауы.

Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны "төменнен бакылау" десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.

Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады. Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. Мұнда саяси процесс басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгертпей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды. Яғни, мемлекет үйреншікті қалпында, әдеттегі ырғағында қызметін жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс-әрекетінде жанашылдык, өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси сабақтастық басты рөл аткарады. Саяси тәртіптің дамуы. Ел ішіндегі және халықаралық аренада саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бұл жаңа талабын байқап, өз жұмысын соған орай бейімдейді.

Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыларының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдістердің күресімен қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси құбылыстарды сәйкестендіруге жәрдемдеседі. Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бұл жағдайда саяси процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін тигізеді. Кірігу, жинақгалудың орнына саяси субъектілердің бөлшектену үрдісі басымдық алады. Билеуші тәртіптің ыдырауы күмән тудырмайды. Оның шешімдері басқару қабілетін жояды. Мұндай процеске Еуропа және Азия аймақгарындағы бұрынғы социалистік елдердің құлдырау, ыдырау тағдыры толық мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады. Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардын, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, козғалысын айтады.




  1. Қоғамдық мүдде

Мүдде - қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші. Мүдде әлеуметтік, табиғи, мәдени қажеттіліктер негізінде пайда болады. Мүддені жіктеу барысында оның бірнеше салалары анықталады: қауымдық деңгейде – жеке дара, топтық, қоғамдық, жалпы адамзаттық; бағыттық аясы бойынша – экономикалық, саяси, діни, рухани; субъектінің сипатына байланысты – ұлттық, мемлекеттік, партиялық, кәсіби. қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші.Әрбір жеке адам табиғи-материалдық деңгейде өзінің жеке басын қорғауға, өзін қамтамасыз етуге және ұрпақ қалдыру арқылы тіршілікті үзартуға мүдделі. Осыған орай, адамдар арасында өзара Мүдделі катынастар, бәсекелестіктер, кайшылықтар туындайды. Адамдардың, әртұрлі әлеуметтік топтардың рухани мүддесі негізінен, ақиқат заңын иойындап, сол жолмен жүруте тырысуынан басталады. Рухани тазалыкка ұмтылу, моральдық нормалар мен бағдарларды тіршідіктің қайнар көзіне айналдыру - түбінде адамның өз бойындағы калыптасқан табиғи өзімшілдігін жүгендеуше әкеле-осындай негіздерде қалыптаскан адамдық Мүдде ғана - нағыз дамуға себепкер болатын түсініқтер мен іс-қимылдар жүиесі болып табылады Мүдденің қалыптасуы әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топта өзіндік басымдықтарға негізделеді, яғни кейде сезімдік ұшқырлық негізгі рөл атқарса, кейде зерделік байсалдылықтың басымдылығы байқалады.

Мүдде әлеуметтік субъектінің ішкі жан дүниесінен, дүниетанымынан, құндылық бағдарынан хабардар етеді және рухани дамумен, адамгершілік ұстанымдармен астаса отырып, өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді. Әрбір жеке адамның Мүддесі, алдымен, оның қандай құндылықтарды бағалайтынына байланысты қалыптасады. Ол өз кезегінде қоғамдағы, тарихи кезеңдегі басымдылық танытатын сұраныстармен, қажеттіліктермен, құндылықтар жүйесімен байланысып жатады. Сондықтан жеке, топтық және қоғамдық мүдде бір-бірімен әлеуметтік деңгейде тығыз байланыста болғандықтан, осы қатынастар үнемі жеке тұлғалардың дара Мүдделеріне түзетулер енгізіп отырады.

Мүдде деңгейіндегі қайшылықтар заңды құбылыстар болып, әлеуметтік деңгейдегі әр түрлі қайшылықтарды туғызады және адамдар мен әлеуметтік топтар арасында шешімін табуға тиіс күрделі мәселелер бар екенін көрсетеді. Әрбір адамның дүниедегі қайталанбас даралығы, негізінен, оның дүниетанымы, өмірлік түсінігіндегі ерекшеліктер түрінде байқалып, әрқилы Мүдделер сипатында бейнеленеді. Мүдде деңгейінде көрініс берген жеке адамның қалауы мен тілектері біртұтас құбылыс болып келетін материалдық және рухани заңдылықтар ауқымында болады. Бұл адамзат дүниесі тарихының және болашағының рухани біртұтастығын білдіреді. Сондықтан әрбір қоғамның тұтастығы мен ішкі бірлігінің сақталуы, адамдар мен әлеуметтік топтар арасында түсіністіктің ұлғая түсуі мен әлеуметтік саланың жете дамуы үшін мүдде деңгейіндегі үйлестік пен үндестік терең болуы шарт, онсыз әр түрлі тартыстар көбейеді. Әрбір жеке адам табиғи-материалдық деңгейде өзінің жеке басын қорғауға, өзін қамтамасыз етуге және ұрпақ қалдыру арқылы тіршілікті ұзартуға мүдделі. Осыған орай адамдар арасында өзара мүдделі қатынастар, бәсекелестіктер, қайшылықтар туындайды. Адамдардың, әр түрлі әлеум. топтардың рухани мүддесі, негізінен, ақиқат заңын мойындап, сол жолмен жүруге тырысуынан басталады. Рухани тазалыққа ұмтылу, моральдық нормалар мен бағдарларды тіршіліктің қайнар көзіне айналдыру түбінде адамды өз бойында қалыптасқан табиғи өзімшілдігін жүгендеуіне әкеледі. Осындай негіздерде қалыптасқан адами мүдде ғана нағыз дамуға себепкер болатын түсініктер мен іс-қимылдар жүйесі болып табылады. Қазақ даласының ойшылдары – Қорқыт Ата, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Абай, Шәкерім өз еңбектерінде осы рухани мүдденің құндылығы туралы айтып, нәпсіні тұсап қана адамдық жолына түсуге болатынын көрсетті. Мұндай мүддені қалыптастыруда оқу мен білімнің, қанағат пен тәубенің, ізгілік пен қайырымдылыққа ұмтылудың рөлі зор екені ескертілді.

Аса маңызды қоғамдық мүдделердің бірі – ұлттық мүдде. Ол кең мағынасында – елдің жалпы ұлттық, мемекеттік. мүддесі, кез келген мемлекет халқының мұң-мұқтажына сәйкес келетін қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қажеттіктердің жүйелі түрдегі көрінісі. Ұлттық мүдде мемлекет дамуының ішкі және сыртқы қатынастарының бағыт-бағдарымен, саясатымен тікелей астасып жатады. Бұл деңгейдегі әрқилы мүдде тарихта уақытында және тиімді түрде шешімін тауып отырса, онда қоғамдық дамудың өркениеттілігі, пәрменділігі, үйлесімділігі арта түседі, сондай-ақ мемлекеттің ішкі қайшылықтарының әлеуметтік тұтастықты бұзбауына негіз болады.

Ұлттық мүдденің тар мағынасындағы сипаты – этностық субъектінің мүддесі. Бұл деңгейдегі ұлттық М. әр түрлі халықтың ғасырлар бойы қордаланған этн. келбетін, ұлттық мәдениетін сақтап дамытумен байланысты. Әрбір ұлттың өзіндік “мені” осы ұлттық М-ні жария ету арқылы білінеді. Егер ұлттық мүдде басқа халықтардың есебінен емес, негізінен, этностың ішкі мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы айқындалса, ол жеке адамға да, ұлттық мәдениетке де, жалпы адамзаттық өркениетке де тиімді қызмет етеді. Кейде ұлттық мүдде діни-конфессиялық мүддемен астасып кетеді. Мұндай жағдайда әлеуметтік шындықта тек мәдени саладағы күрделі бірегейлену ғана жүрмейді, сондай-ақ мемлекеттік саясат саласында да біршама ерекшелігі бар мәселелер туындайды. Шынайы діни мүдденің мазмұны мемлекеттік саясаттан, қоғамдағы саяси процестерден алшақтау болып келеді әрі ұлтты іштей біріктіруге қызмет етеді.

Әлеуметтік-саяси мүдде қоғамдағы әлеуметтік топтардың әр түрлі қажеттіліктерінен туындайтын құбылыстар болып табылады. Әлеуметтік.-саяси мүдденің ортақтығы әр түрлі саяси топтарды жақындастыра түседі, олардың қоғамдағы рөлі мен мәртебесіне сәйкес әр қилы бағыттағы саяси бағдарларды, құндылықтық басымдылықтарды ұстануы саяси субъектілер арасында біршама жіктер туғызады. Мүдденің жіктелуін мақсат етуді абсолюттендіру саяси күштердің бір-бірінен алшақтауына әкеліп соғады. Мұндай әрекеттер адамдар арасында әлеум. қайшылықтарды тудырады. Саяси субъектілер арасындағы мүдденің саяси тартыстық сипат алуы – саяси қажеттілік болғанымен, пәрменді әлеуметтік даму үшін аса тиімді емес. Себебі бұл тартыстың, бәсекелестіктің түпкі негізі қоғамның іргесін шайқалтып, әлеуметтік іріткі туғызуы мүмкін. Сондықтан саяси күштер мүдделерінің жақындасуы әлеуметтік субъектілердің бірлігіне әкеліп, ол өз кезегінде көптеген қайшылықтарды оңтайлы шешуге негіз болады. Нағыз ұлттық мүдденің қалыптасуы қоғамдағы ұлттық идеяның мазмұнымен, құрылымымен байланысты.Мүдденің қалыптасуы әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топта өзіндік басымдықтарға негізделеді, яғни кейде сезімдік ұшқырлық негізгі рөл атқарса, кейде зерделік байсалдылықтың басымдылығы байқалады. Мүдде әлеуметтік субъектінің ішкі жан дүниесінен, дүниетанымынан, құндылық бағдарынан хабардар етеді және рухани дамумен, адамгершілік ұстанымдармен астаса отырып, өзінің парасаттылығымен ерекшеленеді.

Әрбір жеке адамның мүддесі, алдымен, оның қандай құндылықтарды бағалайтынына байланысты қалыптасады. Ол өз кезегінде қоғамдағы, тарихи кезеңдегі басымдылық танытатын сұраныстармен, қажеттіліктермен, құндылықтар жүйесімен байланысып жатады. Сондықтан жеке, топтық және қоғамдық мүдде бір-бірімен әлеуметтік деңгейде тығыз байланыста болғандықтан, осы қатынастар үнемі жеке тұлғалардың дара мүдделеріне түзетулер енгізіп отырады. Мүдде деңгейіндегі қайшылықтар заңды құбылыстар болып, әлеуметтік деңгейдегі әр түрлі қайшылықтарды туғызады және адамдар мен әлеуметтік топтар арасында шешімін табуға тиіс күрделі мәселелер бар екенін көрсетеді. Әрбір адамның дүниедегі қайталанбас даралығы, негізінен, оның дүниетанымы, өмірлік түсінігіндегі ерекшеліктер түрінде байқалып, әрқилы мүдделер сипатында бейнеленеді.



Мүдде деңгейінде көрініс берген жеке адамның қалауы мен тілектері біртұтас құбылыс болып келетін материалдық және рухани заңдылықтар ауқымында болады. Бұл адамзат дүниесі тарихының және болашағының рухани біртұтастығын білдіреді. Сондықтан әрбір қоғамның тұтастығы мен ішкі бірлігінің сақталуы, адамдар мен әлеуметтік топтар арасында түсіністіктің ұлғая түсуі мен әлеуметтік саланың жете дамуы үшін мүдде деңгейіндегі үйлестік пен үндестік терең болуы шарт, онсыз әр түрлі тартыстар көбейеді. Әрбір жеке адам табиғи-материалдық деңгейде өзінің жеке басын қорғауға, өзін қамтамасыз етуге және ұрпақ қалдыру арқылы тіршілікті ұзартуға мүдделі. Осыған орай адамдар арасында өзара мүдделі қатынастар, бәсекелестіктер, қайшылықтар туындайды. Адамдардың, әр түрлі әлеум. топтардың рухани мүддесі, негізінен, ақиқат заңын мойындап, сол жолмен жүруге тырысуынан басталады. Рухани тазалыққа ұмтылу, моральдық нормалар мен бағдарларды тіршіліктің қайнар көзіне айналдыру түбінде адамды өз бойында қалыптасқан табиғи өзімшілдігін жүгендеуіне әкеледі. Осындай негіздерде қалыптасқан адамимүдде ғана нағыз дамуға себепкер болатын түсініктер мен іс-қимылдар жүйесі болып табылады. Қазақ даласының ойшылдары – Қорқыт Ата, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Абай, Шәкерім өз еңбектерінде осы рухани мүдденің құндылығы туралы айтып, нәпсіні тұсап қана адамдық жолына түсуге болатынын көрсетті. Мұндай мүддені қалыптастыруда оқу мен білімнің, қанағат пен тәубенің, ізгілік пен қайырымдылыққа ұмтылудың рөлі зор екені ескертілді. Аса маңызды қоғамдық мүдделердің бірі – ұлттық мүдде. Ол кең мағынасында – елдің жалпы ұлттық, мемлекеттік мүддесі, кез келген мемлекет халқының мұң-мұқтажына сәйкес келетін қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қажеттіктердің жүйелі түрдегі көрінісі. өлттық мүдде мемлекет дамуының ішкі және сыртқы қатынастарының бағыт-бағдарымен, саясатымен тікелей астасып жатады. Бұл деңгейдегі әрқилы мүдде тарихта уақытында және тиімді түрде шешімін тауып отырса, онда қоғамдық дамудың өркениеттілігі, пәрменділігі, үйлесімділігі арта түседі, сондай-ақ мемлекеттің ішкі қайшылықтарының әлеум. тұтастықты бұзбауына негіз болады. Ұлттық мүдденің тар мағынасындағы сипаты – этностық субъектінің мүддесі. Бұл деңгейдегі ұлттық мүдде әр түрлі халықтың ғасырлар бойы қордаланған этностық келбетін, ұлттық мәдениетін сақтап дамытумен байланысты. Әрбір ұлттың өзіндік “мені” осы ұлттық мүддені жария ету арқылы білінеді. Егер ұлттық мүдде басқа халықтардың есебінен емес, негізінен, этностың ішкі мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы айқындалса, ол жеке адамға да, ұлттық мәдениетке де, жалпы адамзаттық өркениетке де тиімді қызмет етеді. Кейде ұлттық М. діни-конфессиялық М-мен астасып кетеді. Мұндай жағдайда әлеум. шындықта тек мәдени саладағы күрделі бірегейлену ғана жүрмейді, сондай-ақ мемлекеттік саясат саласында да біршама ерекшелігі бар мәселелер туындайды. Шынайы діни мүдденің мазмұны мемлекеттік саясаттан, қоғамдағы саяси процестерден алшақтау болып келеді әрі ұлтты іштей біріктіруге қызмет етеді. Әлеуметтік-саяси мүдде қоғамдағы әлеуметтік топтардың әр түрлі қажеттіліктерінен туындайтын құбылыстар болып табылады. Әлеуметтік-саяси мүдденің ортақтығы әр түрлі саяси топтарды жақындастыра түседі, олардың қоғамдағы рөлі мен мәртебесіне сәйкес әр қилы бағыттағы саяси бағдарларды, құндылықтық басымдылықтарды ұстануы саяси субъектілер арасында біршама жіктер туғызады. Мүдденің жіктелуін мақсат етуді абсолюттендіру саяси күштердің бір-бірінен алшақтауына әкеліп соғады. Мұндай әрекеттер адамдар арасында әлеуметтік қайшылықтарды тудырады. Саяси субъектілер арасындағы мүдденің саяси тартыстық сипат алуы – саяси қажеттілік болғанымен, пәрменді әлеуметтік даму үшін аса тиімді емес. Себебі бұл тартыстың, бәсекелестіктің түпкі негізі қоғамның іргесін шайқалтып, әлеуметтік іріткі туғызуы мүмкін. Сондықтан саяси күштер мүдделерінің жақындасуы әлеуметтік субъектілердің бірлігіне әкеліп, ол өз кезегінде көптеген қайшылықтарды оңтайлы шешуге негіз болады. Нағыз ұлттық мүдденің қалыптасуы қоғамдағы ұлттық идеяның мазмұнымен, құрылымымен байланысты
3 тақырып. Халықты еңбекпен қамту, оның әлеуметтік-экономикалық мәні
1 Мемлекеттік билік түсінігі.

2 Мемлекеттік билік пен мемлекеттік баскарудың өзара байланысы.

3 Қазакстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесінің біртұтастығы.

1 Мемлекеттік билік түсінігі.

Жалпы саясаттың негізгі мәселесі билік, мазмұны билік үшін күрес, билікті жүргізу. Шығыстың ойшылы Ибн Холдун адамдардың басқа жан – жануарлардан ерекшелігі билік үшін күресуінде деп айтқан. Ал ағылшын философы Рассел физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғалымдарда нгізгі ұғым билік болып табылады. Билік негізінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдар бар:

1 теологиялық;

2 бихеверистік;

3 инструменталистік;

4 струптуалистік;

5 конфлектілік.

1 Телеологиялық анықтама - Билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді

2 Бихевиористтік анықтама - Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі

3 Инструменталисттік анықтама - Мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі

4 Структуралисттік анықтама - Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады

5 Конфликтілік анықтама - билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

 Саяси биліктің пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Билік ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай бөлінеді: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық,саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани және т.б.

Саяси биліктің ерекшліктері, өктемдік сипаты бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі кәсіби басқарушылардың ерекше тобының болуыбасқаларға қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т.б. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар, себебі, біреулері басқарады, екіншілері бағынады.

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.

Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.

Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет.

Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.

Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:

1 Әдет-ғұрыптық легитимдік – халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.

2 Харизматикалық легитимдік – ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі – қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.



  1. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі – қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.



2 Мемлекеттік билік пен мемлекеттік баскарудың өзара байланысы
Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз жылдар бұрын пайда болған. Оның негізін қалаушылар болып ағылшындық философ — материалист, материализмнің идеялық — саяси доктринасын құрушы Джон Локк (1632 –1704) пен француздық философ және құқықтанушы Шарль Луй Монтескье (1689-1755) шықты.

Мемлекеттік билік бөлудің маңыздылығы мен қажеттіліктері жөніндегі Джон Локктың идеялары 1690 жылғы жарық көрген «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген басты еңбегінде көрініс тапса, Монтескьенің идеялары «Персиялық хат» романында мазмұндалады. Бұл еңбегінде Джон Локк «билікті бөліске салу керек, себебі абсолютті  монархия-тирандық режимнің қалыптасуына ықпал етсе, заңсыздық — адамзат болмыс — бітіміне қарама-қайшы келеді, ал билікті бөлу қағидасы негізінде пайда болған жария саяси (мемлекеттік) билік адамдардың табиғи болмыс-бітімін сақтап, мүдделерін көздейді» десе,1 Шарль Луи Монтескье. Әрбір мемлекеттік биліктің үш тегі болуы керек: заң шығарушы билік, халықаралық құқық сұрақтарын жүргізетін атқарушы билік және азаматтық құқық мәселелерімен айналысатын атқарушы билік. Осы аталғандардың біріншісінде мемлекет басшысы немесе мекеме уақытша немесе тұрақты заңдар шығарады және әрекет етіп жатқан заңдардың күшін тоқтатады немесе оларға өзгертулер енгізеді. Ал екінші биліктің құзыретіне соғыс жариялау, бейбітшілік орнату, өкілдерді қабылдау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты күрделі мәселелері енеді. Сондай-ақ, үшінші билік қылмысты жазалауды, жеке тұлғалардың қақтығыстарын реттеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар ең соңғы билікті соттық билік деп қарастыруымыз керек» деп салиқалы пікір  айтқан.1

Мемлекеттік биліктің кеңестік концепциясының негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс жене В.И.Ленин мемлекеттік билікті «жұмысшы корпорация» ретінде қарастырған. Көптеген уақыт бойы билікті бөлу теориясы кеңестік ғылыммен буржуазиялық болып есептелінеді. Яғни, мұндағы концепциялар мемлекеттің әр-түрлі органдары арасында қызметті, еңбекті бөлу қажеттілігін мойындамады.

Алайда уақыт өте келе билікті бөлу теориясы кең етек жая бастады. Осылайша, мемлекеттік биліктің механизмінің элементтері деген ұғым қалыптасты. Мұндай элементтер болып мемлекеттік билік субьектісі (билік жүктелуші) мен институттар (органдар, тікелей демократия нысандары) шықты. Мемлекеттік билік қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік топтың, яғни халықтың мүддесін көздеуші ролге ие болды.

Мемлекеттік билікті бөлу қағидасының тарихы ежелден бастау алған. Француз құқықтанушысы Монтескье 1748 жылғы атаулы бір еңбегінде «Жеке тұлға саяси бостандықта болу үшін үкімет адамдар бір — бірінен қорықпайтындай дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. Егер заң шығарушы және атқарушы билік бір адамның немесе бір магистратура органдарының иелігіне шоғырланса, онда бостандық болуы мүмкін емес, мұндай жағдайда қоғамда үрей, қорқыныш пайда болады және бүкіл билікті бір өзінің қолына алған монарх немесе сенат тирандық заңдар шығарып, оны тирандық сипатта қолдануы мүмкін.

Сонымен қатар, соттық билік заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе, онда бостандық туралы әңгіме қозғау мүмкін емес. Егер сот билігі мен заң шығарушы билік біріксе субъектінің өмірі мен бостандығы ақылға қонымсыз кетуі мүмкін. Ал атқарушы билікпен біріксе сот қатыгездікке бой ұрады», — деген.

Билікті бөлу теориясы көптеген саясат зерттеушілерімен анықталды: идея Аристотелмен айтылып, теориялық, тұрғыдан Джон Локкпен (1632-1704 ж.ж) негізделді және дамыды, классикалық түрде Шарль Луй Монтескьемен (1689-1755 ж.ж) әзірленіп, бұдан кейін Алексендр Гамильтонмен, Джеймс Мэдисонмен жанданды.

Билік бөлу теориясының негізгі ережелері мынадай:

1) Билікті бөлу Конституциямен бекітіледі.

2) Конституцияға сәйкес Заң шығарушы, атқарушы   және соттық     билік әр-түрлі органдармен және адамдармен ұсынылады:

3) Барлық, билік тең

4) Ешқандай билік өзге билікке тиесілі құқықтарға ие бола алмайды.

5) Соттық билік саяси ықпал етуден тәуелсіз.

Билікті бөлу қағидасының теориялық және практикалық қайнар көздері — Ежелгі Греция мен Римде.

Ежелгі Грецияда Солон архонт бола тұра 400 кеңесін құрды және өз өкілеттігі бойынша бір-бірімен деңгейлес ареопаг қалдырды. Солонның сөзі бойынша осы екі орган мемлекеттік кемені кез-келген дауылдан қорғайтын якор болды. Кейінірек, б.э.д IV-ғасырда Аристотель өзінің «Саясат» еңбегінде мемлекеттік құрылыстың үш элементін көрсетті: заң шығарушылық кеңестік орган, магистратуралар және сот органдары. Екі ғасыр өткеннен кейін грециялық тарихшы және саяси қызметкер Полибий (210-123 ж.ж. б.э.д.) бұл құрамдас элементтердің қарсыласы отырып, бір-бірін қолдап отыратынын көрсетті. Ол аты аңызға айналған спартандық заң шығарушы Ликург туралы жазды.

Биліктің бөліну теориясы өзінің теориялық дамуын орта ғасырда тапты. Яғни Ағылшын философы Джон Локк (1690 ж) «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген еңбегінде биліктің жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті және өзара байланысы қағидасын қарастырған. Мұнда басымдылық билік бөлу механизмінде заң шығарушы билікте қалды. Ол елде жоғары, бірақ абсалютті емес. Қалған биліктер заң шығарушыға қарағанда бағынушы сипатқа ие.

«Мемлекеттік басқару туралы екі трактаттан» кейін жүз жыл өткен соң 1789 жылы 26 тамызда Францияның Ұлттың Жиналысымен қабылданған адамдар мен азаматтардың құқтарының Декларациясында «Билік бөлінбеген және құқықтарды пайдалануға қамтасыз етілмеген қоғамда, Конституция болмайды» делінген.

Джон Локктың көзқарасы француздық философ Шарль Луй Монтескьенің билікті бөлудің классикалык теориясын дамытты. Монтескьенің пікірі бойынша билікті бөлу жүйесінің болуы қоғамды мемлекеттік билікті шектен тыс пайдаланудан сақтайды. Ол «заң шығарушы және атқарушы билік бір тұлғаның қолына немесе бір мекемеге біріксе, онда бостандық болмайды, себебі сенат пен монарх тирандық заңдар шығарады. Сонымен қатар, егер сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе бостандық та болмайды. Егер осы үш билік бір мекемеге, бір тұлғаға біріксе онда бәрі құриды» деп жазған.

Бұл заңды. Себебі біз қазір өз таңдауымызды жасап мемлекеттік билікті өз орнына қоюдамыз. Бұл жерде жоғарыда аталған өткен ойшылдардың да пікірін бетке ұстадық.


  1. . Қазакстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесінің біртұтастығы.

1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының бұрын буржуазиялық саяси институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу қағидасын бірінші рет жариялаған акт. Қазақстан КСР-ының 1978 ж. Конституциясы, жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай бүкіл билік болмаса да, Жоғарғы Кеңеске бүкіл билікті бекітті. Жоғарғы өкілді органның бірыңғай билігінің мәні, міне осында. Алайда, Қазақ, КСР-інің Жоғары Кеңесі Парламенттей болған жоқ, өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғарғы өкілді органдары болған жоқ.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы Жоғарғы Кеңеске кең өкілеттілік бергені сондай мемлекеттік   билікті   бөлісу   қағидасы шын мәнінде болған жоқ. Сонымен қатар, тежемелік және тепе тендік жүйесі де
орнықтырылмады. Сөйтіп, 1993 жылғы Конституция мемлекеттік билігінің қайшылықты құқықтық, базасын жасады. Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес әрине, өз қызметін толық атқара алмады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікірінше, «Қазақстан үшін парламенттік республиканың орнықтырылмаған себебі онда парламентаризмнің дәстүрі мен мәдениеті, көп партиялылықтың дамыған жүйесі болмады және ең бастысы, мұның бәрін халықтың қалың санасы қабылдамады.  Бүгінгі таңда бізде ол жоқ».

1993 жылдың қаңтарында қабылданған Конституцияда Президенттік басқару жүйесі орнықтырылмады. Мұнда Президент биліктің бірде-бір тармағына жатқан жоқ. Конституциялық Сот органы болып табылмайтын Конституциялық Кеңеспен алмастырылды. Жоғарғы Соттың шеңберінде біртұтас жүйе орнықты. Осындай қайта құрулар нәтижесінде мемлекеттік биліктің Президенттік басқару жүйесіне тән жоғарғы және жергілікті органдарын қайта құрулар негізінен аяқталды.

Қазақстан Республикасының «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну және өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады» делінген (3-бап 4 тармақ). Мемлекеттік билік жүйесі тек көлбегей ғана емес тік те бөлу қағидаларына негізделген. Алайда, біртұтас мемлекеттік билікті тік бөлудің жоғарғы және жергілікті мемлекеттік органдарының арасында іс жүргізуді шектеуде өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстанның Конституциясы және тиісті заң актілері мемлекеттік билік органдарына, бір жағынан олардың жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуге, екінші жағынан жоғарғы органдардың өкілеттігіне араласып, біртұтастық қағидасын бұзуға болмайтындай өкілеттіктер шегін белгіледі.

Билік бөлу қағидасының маңызды болатын себебі ол мемлекеттің ұйымдастырылуының, оның тетіктерін белгілейді. Конституция бұл қағиданы тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибиесін ескертуді, құқықтық мемлекет бағыт ұсынуды білдіреді.

Қазақстан Республикасында Конституция нормаларын талдау билік бөлу жүйесінде Президенттің жағдайы ерекше деп есептеуге негіз қалайды. Біріншіден, Президент толық күйінде биліктің бірде-бір тармағына қойылуы мүмкін емес, екіншіден, оның биліктің барлық тармағына қызметіне бірдей араласуына мүмкіндік беретіндей құқығы бар, үшіншіден, оның өкілеттілігі мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасіз ете алады.

Конституцияға сәйкес мемлекеттік билікті шығарушылық, атқарушылық билік, сот билігі тармақтарына бөліну принципінің қабылдануына орай – Қазақстан халқының еркі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы болып табылады. Міне, осыдан келіп мемлекет органдарының қызметі халықтың еркі негізінде жүзеге аса бастады. Ал, мемлекеттік билік органдарының қызметің, өзара іс-қимылын үлестіруші күш болып – Президент болады.

Мемлекеттік билікті бөлу біздің дербес және тәуелді мемлекетіміз үшін жаңа қағида болғанымен, басқа елдерде ол ежелден бері қолданыста.

Өздеріңізге белгілі, екі жүз елу миллионнан астам халықты бір ұранның астында ортақ саяси көзқараспен ұстаған Кеңес Одағы араға жетпіс жылдан астам уақыт салып күйреп, ыдырап, жеке-жеке отау тіккен он бес мемлекетке айналды. (Бұл санның көбеюіде ғажап емес).

Бұдан кейін, қоғамдық қатынастың жаңа құрылымында қай бағытта дамып, билікті қай шеңберде ұстау керек деген күрделі сұрақ біздің жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасын мазаландырылғаны ақиқат. Алайда, еліміз өз таңдауын жасады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық болып бекітілді. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
4 тақырып. Жұмыссыздық - әлеуметтік-экономикалық құбылыс
Жоспар

1 Жоспар және оның түрлері

2 Жоспарлау кағидалары

3 Жоспарлау әдістемесі




1 Жоспар және оның түрлері

Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау. Микроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау өңдіріс ішілік, фирма ішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады.



Макроэкономикалық жоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды.

Макроэкономикалық жоспарлау директивалық (нұсқаулық) жоспарлау және индикативтік жоспарлау болып бөлінеді. Директивалық (нұсқаулық) жоспарлау – тоталитарлық қоғамдағы халық шаруашылығын мемлекет басқарудың орталық буыны болып табылды. КСРО-дағы, т.б. елдердегі директивалық, яғни бір орталықтандырылған жоспарлауды жүзеге асыру тәжірибесіндегі мемлекет тапсырыстардың, разнарядкалардың, ресурстарды жинақтаудың, т.б. қатаң белгіленген жүйесі өнім өндірушіні еркіндіктен, дамуға деген ынталылықтан айырып, экономика өсу қарқынының баяулауына, сөйтіп, халық шаруашылығындағы дағдарысқа әкеліп соқты.

Жоспарлаудың бұл түрінің зиянды салдарлары Қазақстанда да анық байқалды (қ. Бесжылдықтар, Жоспарлы экономика). Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналып, нарықтық экономикаға көше бастаған кезден бастап (1991), елдегі экономика және әлеуметтік өзгерістерді индикативтік жоспарлау үлгісі қолданылды. Индикативтік жоспарлау немесе экономикалық бағдарламалау – ел экономикасын мемлекеттік реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол – елдегі қоғамдық өндірістің дамуы мен әлеуметтік-экономика саясаттың стратегиялық тұжырымдамаларының ең оңтайлы нұсқасы таңдап алынған кешенді жалпы экономика бағдарламалар негізінде экономиканы реттеп отыру жүйесі саналады және индикативтік, яғни ұсыныстық сипатқа ие. Ондағы жоспарлы көрсеткіштер ел дамуының жалпы бағдарлары түрінде болады. Жоспарлаудың бұл түрі 2-дүниежүзүзілік соғыстан соң Францияда, Нидерландта, Норвегияда, Жапонияда қолданылды, 20 ғасырдың 50 – 60-жылдары Швецияда, Финляндияда, Ұлыбританияда, Италияда, Бельгияда, Германияда, Испанияда, 70-жылдары АҚШ пен Канадада кең таралды. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде (1991 – 98) индикативтік жоспарлау елдің эконмика және әлеуметтік дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға, неғұрлым ірі ғылыми-техника және құрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыруға, экономиканы ырықсыздандыруға және кәсіпорындарды жекешелендіруге, нарықтық инфрақұрылымдар жасауға, салық және несие-қаржы жүйесін жетілдіруге, тұрақты ақша айналысын қамтамасыз етуге, т.б. бағытталды. Онда халықты әлеум. қорғау жүйелерін жетілдіру мәселелері де қамтылды. Әсіресе, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың таяу болашақтағы ел дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындаған “Қазақстан-2030” Жолдауының маңызы зор болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ел дамуының таяу болашақтағы негізгі көрсеткіштерін айқындауға бағытталған 3, 5, 10 жылдық индикативті жоспарлау ісі қолға алынды.
2 Жоспарлау кағидалары
Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жаткызуға болады:

1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті  заңдарының талаптары, отандық   және   шет   елдік   тәжірибе   мен   ғылымының   жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылымң нақтылануы жиналған тәжірибені,    нақты    қалыптасқан    жағдаиларды    елемеумен    және жоспарлаудағы жагымпаздыкпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сиыспайды.

2. Жоспарлаудың   үздіксіз   болуы.   Ұзақ  мерзімдік  жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан кұрылуы тиіс.

3. Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар   мен  жеке   адамдардың  мүдделерімен   қаншалықты  тиімді үйлескеніне     байланысты.     Аталған     мүдделерді     назарға     ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.

4. Жетекші   салаларды   белгілеу   аркылы   экономикада   тиімді үйлесімділікті     (сандық    катынастарды)    қалыптастыру    қағидасы. Жетекші салаларды, басынқыларды белгілеу — бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.

5. Жалпымемлекеттік   жоспарлардың  бірлігі   мен   кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі — жоспардың     методологиясының, көрсеткіштер    жүйесі    мен    реттегіштерінін    бірлігі, екіншіден-материалдык бірлігі.    Жоспарлардың   кешенді    болуы   кез   келген

деңгейдің жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.


  1. Жоспарлау әдістемесі

Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалык анализ (талдау), нормативтік, баланстык, экономикалык-математикалық, бағдарламалық-мақсатгықт.б. әдістер.

Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалык даму деңгейін, пайдалынылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардын орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу, индекстер мен корреляциялық коэффициенттерді есептеу, статистикалық әдістері қолданылады.

Экономика дамуы жоспарының барлық көрстеткіштерін нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланатын материалдар мен шикізат ресурстарының кажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу институттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтерді пайдаланады.

Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін колданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлык пропорцияларды құру кұралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың калыптасқан жүйесі колданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді. Олар: материалдык, еңбек ресурстары, кұндык баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.

Еңбек баланстарының көмегімен экономика салаларында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдары, халық шаруашылығын жұмысшы. және .маман кадрларымен камтамасыз ету көрсеткіштері анықталады.

Құндық баланстар арқылы қоғамдық жиынтык өнім мен ұлттық табысты бөлудегі дұрыс экономикалык пропорциялар кұрылады. Мемлекеттің, кәсіпорындардың, халыктың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалану жолдары анықталады.

Жоспардың экономнкалық тнімділік тұрғысынан оптималді вариантын аныктау үшін экономикалык-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математнкалық модельдері кұрылады. Мысалы, болжамдық халық шаруашылығы балансының моделі, салааралык өнім өндіру және тұтыну балансының моделі.

Сызықтық программалау әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлау ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.

Жоспарлаудың бағдарламалык-мақсаттык әдісі экономикадағы кұбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзкарас керектігіне негізделген. Себебі, кез келген саланың дамуы басқа да салалардың — шикізат беретін, отын-энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін пайдаланатын, сол салага әр түрлі қызмет көрсететін салалардың дам.у көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады. Сондықтан, алға койған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар жасалған кезде осы байланыстардың бәрі ескерілуі керек.

Бағдарламалық-мақсаттық әдіс мемлекеттік, салааралық және аймақтық бағдарламалар жасағанда қолданылады. Бағдарламаларда алға койған мақсат анықталады және сол мақсатқа жету жолдары мен құралдары көрсетіледі.

Бағдарламалық-максаттық әдіс: біріншіден, экономика дамуындағы күрделі мәселелер ішінен ең негізі, ең көкейкесті ғылыми-техникалык, экономикалық, әлеуметтік мәселені айқындауға мүмкіндік береді; екіншіден — сол мәселені шешу үшін керекті материалдық, еңбек және каржы ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді; үшіншіден, кешенді мәселелерді шешу мақсаты мен мерзімін экономика мүмкіндіктері мен ресурстарын үйлестіреді, соның арқасында жоспардың баланстық үйлестіру деңгейін көтереді; төртіншіден — кешенді бағдарлама көрсеткіштерін салалық және аумактық жоспарлардың көрсеткіштерімен байланыстырады.

Индикативтік жоспар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің «Министірліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына», Қазакстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялык даму жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынады.

Әлеуметтік-экономикалык дамуының индикативтік жоспары жыл сайын республика, облыс, сондай-ақ аудандар мен калалардың орта мерзімге дейін арналып әзірленеді және әміршілдік емес, ұсыныс сипатына ие, яғни нарык субъектілеріне бағыт беруші болып табылады. Индикативтік жоспар экономиканың барлық салалары (қаржы, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, экспорт, импорт және т. б.) бойынша аймақтың алдагы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалык дамуының мақсаты мен міндеттерін және негізгі багыттарын қамтнді.

Индикативтік жоспарлау қазіргі таңда тұрған мәселелерді кешенді шешуге және этап бойынша стратегиялық мақсаттарға жетуге бағыттылған мемлекеттің орта және ағымды мерзімге әлеуметтік-экономикалық саясатын айқындайды.

Жоспарлау барысында, ен алдымен мақсат айқындалады немесе жобаланған кезеңде неге жетуіміз керек. Сосын стратегия айқындалады, қойылған   мақсатка  жетуге   есептелген   істің  тәуір   болып   бітіуінің тәсілдерін   таңдалады.   Қолда   бар   ресурс,   басымдылықтарға   және  мүмкіндіктерге     карай,     әр     экономика     саласының     стратегиясы жасалынады.

Мұнда облыстың  әлеуметтік-экономикалық  даму перспективалары өндірістік және әлеуметгік инфрақұрылымның, шағын және орта бизнестік, кедейшілікпен және жұмыссыздыққа қарсы күрестің басымды бағыттары карастырылады.

Негізгі әдебиет: 1,3,8

Қосымша әдебиет: 4,5
5 Тақырып. Еңбек нарығы, оның құрылымы, моделі, әрекет механизмі

Жоспар

1 Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен нысандары.

2 Мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру технологиясы.

1 Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен нысандары.

Барлық басқару деңгейлеріндегі басқарушылық шешімдердің ішінде біз мемлекеттік шешімдерді қарастырамыз. Мемлекеттік шешім – бұл қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органдар әрекетінің нақты жобаларын таңдау мен негіздеу.

Саяси және әкімшілік шешімдерді бірінен-бірін ажырата білген жөн. Саяси шешімдер саяси басшылықты шоғырландырылған көрінісін білдіреді. Олар әлеуметтік топтардың немесе нақты қоғамдастықтың ортақ мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Саяси шешімдер аймақтық деңгейде немесе белгілі бір жергілікті қоғамдастықтың шеңберінде қабылданса да сол мемлекетте тұратын адамдардың мүдделеріне, мемлекеттік биліктің қызметіне қатысты болады.

Әкімшілік шешімдер адамдардың өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік және мәдени өмірін, жеке ұйымдардың ағымдағы қызметін реттейтін басқарушылық әрекеттер актілері. Әкімшілік шешімдерді шығару атқарушы билік пен басқару органдарының функциясына жатады.

Саяси шешімдер әкімшілік шешімдерге қарағанда нақты қоғамдық топтарға тікелей немесе жанама түрде бағытталады, олардың арасындаы қатынастарды реттеу құралы, әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсаттарын білдіру, жүзеге асыру тәсілі болып табылады. Олар саяси билік пен саяси басқару субъектілерінің қызметінің нәтижесінде туындайды. Мемлекеттік басқарудағы саясаттың басымдылық қағидасына сәйкес саяси шешімдер әкімшілік-басқарушылық шешімдерге қарағанда артықшылық сипатқа ие.

Мемлекеттік шешім, ең алдымен шешім қабылдайтын субъект – мемлекеттік биліктің басқарушы органымен алқалы немесе жеке лидермен; шешімді атқарушы субъект – мемлекеттік қызмет аппаратымен; шешім бағытталған объектімен (төмен деңгейдегі басқару органдары, қоғамның әр түрлі сфераларында жұмыспен қамтылған әлеуметтік топтар, саяси және қоғамдық бірлестіктер) сипатталады.

Мемлекеттік шешімдердің басқа да сипаттамалары бар: шешім беделі, яғни шешім қабылдаушы мемлекеттік билік субъектісінің деңгейін, оның заңға сәйкестілігі мен негізділігін білдіреді;

Шешім диапазоны, өзі әрекет ететін саяси кеңістікті және аталған шешім қамтитын міндеттер көлемін сипаттайды; әдетте саяси шешімдер көп мақсатты болып келеді.

Шешімдердің ақпаратпен қамтамасыз етілуі, яғни оны қабылдаудың ғылыми және ақпараттық негізі – шешім қабылдаудың технологиясы мен стилі – шешімді әзірлеу мен қабылдау әдіс-тәсілдерінің, шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтау мен қабылдау әдістерінің жиынтығы; жобалардың баламалы нұсқаларын талдау тәртібі мен сипаты, олардың ішіндегі басым бағыттарын айқындау және оларды іске асыру үшін қажетті құралдарды таңдау амалдары, тәсілдері.

Шешім қабылдау түрлері – демократиялық немесе авторитарлық.

Мемлекеттік шешімдер көптеген белгілер бойынша топтастырылады. Соның ішінде мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі субъектілер деңгейіне қарай: жалпы ұлттық, аймақтық және жергілікті органдардың шешімдері; мақсаттар мен міндеттер сипатына қарай – саяси және әкімшілік шешімдер, басқаратын және атқарушы, стратегиялық немесе оперативті-тактикалық, жалпымемлекеттік немесе мемлекеттік өмірдің жекелеген облыстарына қатысты шешімдер; қоғамның өмір сфералары бойынша – шаруашылық-экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік құрылыс және басқару мәселелері бойынша, мәдени құрылыс және т.б. бойынша шешімдер; басқару объектісін қамту масштабына қарай-жалпы жүйелік, жалпысаяси, макроэкономикалық, микроэкономикалық шешімдер; басқару функциялары бойынша – жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және тағы басқа мәселелер бойынша шешімдер.

Саяси шешімдердің мысалы ретінде мемлекеттік бағдарламаларды, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси және әскери-стратегиялық тұжырымдамаларды, елдің Парламентімен қабылданған конституциялық сипаттағы заңнамалық актілерді, мемлекет қызметіне қатысты жалпы мәселелер бойынша ҚР Президентінің Жарлықтарын айтуға болады. Әкімшілік-басқарушылық шешімдер қатарына Үкіметтің қаулыларын, министрліктер мен ведомстволардың бұйрығы мен өкілдері жатады.


2 Мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру технологиясы.
Шешімді жасау процесі  үш негізгі кезеңнен тұрады: Шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Қарапайым міндеттерді шешкен кезде аталған кезеңдердің барлығын пайдалану міндетті емес, және де керісінше біршама күрделі міндеттерді, әсіресе перспективалық мәселелерді шешкен кезде шешім қабылдауға, әдетте барлық ережелер сақталған.

Жалпы шешім қабылдау барысында қолданылатын әдістердің барлық түрлерін алты топқа топтастыруға болады:

- субъектінің рефлекстенбеген, сезімдік, гипотетикалық ойларын жүйелейтін интуитивті топ;

- субъектіні ұқсас немесе сырттай ұқсас жағдайларда жүзеге асырылатын бұрыңғы әрекеттердің әдіс-тәсілдерін (және құралдарын) механикалық тұрғыда қайта жаңғыртуға бағдарлайтын прецедент әдістері;

- тиімді (ғылыми), математикалық әдістер, олар жағдайды талдау үшін «дұрыс» (ақиқатты шынайы түрде көрсететін) ойлау нормаларын қолдануға бағытталады. Мұндай жағдайда «шығын мен пайда», «шығын мен әрекеттілік», зерттеуден бүрын болатын», «нарық пен көңіл-күйді зерттеу» және т.б. ақылы әдәстердің ауқымды жиынтығы туралы сөз қозғауға болады;

- инкрементті жолы, оның бастапқы қалануы мен жобаланған жағдайдың аздаған аздаған өзгерісі;

- аралас (аралас-сканерлі жолы), нақты проблемалы жағдайды эмпириалдық зерттеуге, қоғамдық (саяси) жалпы анализды оның бастамасы ретінде қолданады;

- проблемалы жағдайды және оған сай іскерлік әдістерін жасанды моделдеуді қарастыратын экспериментті жолы.

Мемлекеттің мақсат жүйелерінің саналы жағдайын құру мүмкіндігін шектейтін факторларға: қиындық тудыратын жағдайлар туралы ақпараттың жеткіліксіздігі мен растығы; ЛПР-ның құнды, психологиялық және басқа да кереғар жағдайлары (легетимсізділік, тәуекелділікке бармау немесе, керісінше, басқарманың авантюралық стилі және т.б.); ситуациялық жағдайлар (шешім қабылдауға қажетті уақыттың немесе субъектілер мүмкіндігін шектейтін ресурстардың дефициті, болған жағдайлардың алдын-ала ескерілмеуі, жағдай қарқынына әсер ететін нақты факторларды болмауы, т.с.с); ұйымдастыру жағдайлары (ведмстволық ережелердің тар болуы, ұйымдастырушы құрылымдардың шешім қабылдауға дайын болмауы, қойылған мақсаттарға аппараттың нақты-бюрократтық қатынасы және т.б.).

Қабылданған шешім – бұл мақсатқа сәтті түрде жетудің мүмкіндігі ғана, сондықтан мақсаттарды тандаудың алғышарты болып табылады, оның мәні мемлекеттің сәйкесінше шешімдерді жүзеге асрыуды құрайды. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі басқарушыларды жұмылдыру және кері механизмін ендіру есебінен басқарма циклі қатысушылар санын кеңейтуде жатыр. Мемлекетте, негізінен, шешімдердің қабылдануы, біріншіден, шешім қабылдайтын адамдармен ғана қабылданбайды, екіншіден, бұл шешімдер бастапқыдан құрылым м ен азаматтардың кең аясына (оның ішінде қандай да бір міндеттерді орындау бойынша білгілі бір міндеттемелер қойылған осы шешімдердің қарсыластарына да) арналған.

Бұл кезеңде мембасқару технологиясының мазмұныны, негізінен, директивтілік (бұйыру-ұсыну формада шешімді жеңенілдетуді көздейді), адрестілік (яғни, белгілі бір халық тобына, құрылымдарға, ұйымдарға қаратылуы, ендеше оларға сәйкес келетін жауапкершілік формаларын қарастыру); заңдылық; шешімді жүзеге асырудың резервті жүйесінің болуы; қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үрдісін бақылаудың институциализациясы; талаптардың қайшы болмауы; мақсаттарды іске асырудың сипаттамасы мен салдары туралы ақпараттың толассыз берілуі сияқты және т.б. принциптер қызметімен анықталады. Мұның барлығы мемлекеттік биліктің жалпы (не ұйымының, ведомствосының) көзқарасы тұрғысынан, күтілетін табыстың жасалған критерийлері негізінде, өз әәрекетін түзету (қажеттілік бойынша) есебінен өз іскерлігінің мақсаты мен нәтижесін салыстыру жолымен мемлкетке мәліметтерді жедел түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Технологиялық амал-тәсілдердің қиын болуы мемлекеттің контрагенттерінің мінезіне байланысты, олар барлық қоғам (халық), сол сияқты жеке мемлекеттік құрылымдар, басқа мемлекетре мен ұйымдар болуы мүмкін. Мемлекеттің басқарудың осындай объектілерімен байланысы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан қолданылатын технологиялар шекті түрде икемді болуы керек, мақсаттарды жүзеге асыруға артықшылық беретін институттарға бағдарланып, айқын дисфукционалды әдістерді қолданудан бас тартуы керек және т.б. Жалпы олар зорлықты (тіпті террорды да), құқықтық реттеу құралдарын, логралинг техникаларын (сауда, компромисс, мәміле), сендіруді және т.б. қолдануға негізделуі мүмкін.

Мемлекеттік басқарудың директивті жүйесін күшейтуі орындаушы органдар рөлі мен әсерін ұлғайтады, іскерліктің құқықтық және заң шығарушы реттеуді қамтамасыз ететін технологиялардың мәні де артады. Сонымен бірге олар мемлекет халыққа көрсететін қызметінде монополияға ие болатын қоғамдық өмір салаларында қолдану айырықша қиындық тудырады. Сондай-ақ жеке министрліктер мен ведмстволардың құрылымдары қабылданған шешімдерді іске асыруға жеке жауапкершілігін белгілеуге мүмкіндік бермейді. Шешімдерді жүзеге асырудың тиімділігін арттырудың ұйымдастырушылық жағдайлары да аса маңызды: шешімнің қабылдану үшін (яғни болжамданған әрекеттер уақытында жасалуы үшін) басқарушы Орталық органдарын оқиға орындарына максималды түрде жақындастыруға, басқару жүйесін барынша орталықтандырып, оның төменгі құрылымдарының жауапкершілігін арттыру қажет және т.б.

Негізгі әдебиет: 1,3,8

Қосымша әдебиет: 4,5
6 Тақырып. Еңбекпен қамтудың классикалық, неоклассикалық және өзекті концепциялары, оларды реттеу

Жоспар

1 Кәсіпкерлік және оның түрлері

2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және оның ерекшеліктері

3 Кәсіпкерлік туралы нормативтік-құқықтық актілер



1 Кәсіпкерлік және оның түрлері

Кәсіпкерлік- осы инициативті шаруашылық қызметінің барлық қатысушылары пайда табу мақсатында өзіндік және басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру)

Кәсіпкерлік – жалпыға бірдей ортақ қызмет түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті бар ҚР-ның кез келген азаматы бола алады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі басқа коммерциалық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық ретінде пайда табу саналады. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:

1 өндіріс ресурстары

2 өндірісті қалыптастыру мен дамыту

3 кәсіпкерліктін өсімін нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру.

4 нәтижесінде пайда табу.

Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады:

1 жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігімен протенциалды зерттеу; жана идея кәсіпкердін көз қарасы мен жеке сапаларына ықпал етуі. Кәсіпкердін жана өнімінің бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда басымдылығын бағалау.

2 бизнес планды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік, қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды.

3 қажетті рес-рды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің тиімділігін қарастыру.

4 қалыптастырылған кәсіпорынды басқару – бұл кезенде басқару стилі құрылымды ұйымдастыру, женіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою жолдарын қарастыру және бақылау.

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңірек алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.

А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзегс асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліклік жауапкершілігі негізінде жузсгс асыратын ынталы қызметі.

Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады,

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.

Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылык қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдаддық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.


Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлеріге бөлінеді:

Өндірістік кәсіпкерлік — тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік, кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады

Коммерідиялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар кұрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болады. алз.шсатарлық болып есептелмейді

Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдеделі жактардың басын қосатын қызметте керінеді Бұңдай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлік — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Керіп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қарастырып пайдалануға үйрену керек.
2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және оның ерекшеліктері
Қоғамдық санада кәсіпкер – бүл тек адам, индивидум деген пікір берік орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.

Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкердік ерекше сипатқа, ерекше мәнге ие болады. Мемлекет нарықтық жүйе жолында заңды тұлға ретінде жаңа функцияны – кәсіпкерлік қабілетті игеруі қажет.

Қазақстан Республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санының 23,5% құрады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігі үлесі көп емес, бірақ, нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік береді.

Келтірілген кәсіпорындар Қазақстан Республикасында коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуында жұмыс істейді.

Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына байланысты үш топқа бөледі:

1). Бюджеттік (ведомстволық);

2). Қоғамдық (корпорациялар);

3). Аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер).

Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар жатады:

1). Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)

2). Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және т.б.).

Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі аталған кәсіпорындармен жұмысын шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің экономикалық әуелетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.


  1. Халықты еңбекпен қамту туралы нормативтік-құқықтық актілер




  1. Тақырып. Халықты еңбекпен қамту саясаты – мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі ретінде

Жоспар

1 Реформа және оның түрлері

2 Саяси үрдістің субъектісі ретіндегі бюрократия

3 Мемлекеттік органдардағы бюрократия


1. Реформа және оның түрлері

Реформа(лат. reformate — қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.

Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды.

Әлеуметтік-саяси реформа — өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі.

Экономикалық реформа — қоғамның экономика негіздерін қайта құру немесе жаңғырту арқылы жағдаятты қайта қарау, яғни тауарды немесе көрсетілетін қызметті сатып алу не сату мақсатында сатып алушылар мен сатушылар арасында тығыз қарым-қатынас пен байланыс орнығатын жаңа яки жетілдірілген кеңістік жүйесін қалыптастыруды көздейді. Ол мемлекеттік экономикалық саясат пен нарықты мемлекет, беймемлекет реттеу арқылы жүргізіледі. Әрине, әлеуметтік-саяси және экономикалық

Реформалар реформаторсыз немесе реформалаушы көш бастаушыларсыз іске аспайды. Олар белгілі бір саяси топқа сүйеніп, солардың ортақ мүддесін көздейді. Көш бастаушының үш түрі болады, олар:

- негіздеуші көсем (харизматик),

- қорғаушы көш бастаушы

- заң шығарушы реформатор.
2 Саяси үрдістің субъектісі ретіндегі бюрократия
Бюрократия - лат. bureau - бюро, канцелярия және грек, kratos - күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі] - атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бүл байланыстар тұйықталған, иерархия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады.

Бюрократия - кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашылық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға "қондырылған" болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. "Канцелярия билігі" мемле-кеттік билік жүйесінен, оның табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған - Гегель. Оның теориясын К.Маркс дамытты. Бүл мәселе, сондай-ақ М. Вебердің, Т. Вебленнің, Р. Мертонның және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді.
3 Мемлекеттік органдардағы бюрократия
8 Тақырып. Еңбекпен қамту саясатын іске асырудың халықаралық тәжірибесі

Жоспар

1 Лоббизм

2 Лоббизмді заңмен реттеу тәжірибесі
1 Лоббизм

Лоббизм - (ағылш. 'lobby' - мәжілістен тыс жерлердегі күңкіл сөздер) - билік институттары ресми қызметінен тысқары жүзеге асырылатын, ықпалды іскерлер мен саясаткерлердің - лоббистердің - нақтылы бір топтардың мүдделерін қорғайтын заңжобасын жақтап, талап етілетін үкімет шешімін қабылдауға немесе өздеріне пайдалы мемлекеттік тапсырысты алу үшін талаптануы. Осы мақсатпен жеке кездесулер, байланыстар, келіссөздер ұйымдастырылады, ғылыми зерттеулердің нәтижесі баяндалған, қоғамдық пікірді зерттеу қорытындылары көрсетілген хат және телеграммалар табысталады. Әдетте, лоббистер өз мақсаттарына жету жолында ештеңеден тайынбайды: "ауыз бастырық", пара беру, қызмет көрсету, қоқан-лоқы жасау, арандату және т.б. әрекеттерге дейін барады.

Лоббизм АҚШ саяси өміріне анағұрлым жақын. Алайда, мұнда лоббизм - тек мәжілістен тыс жерлерде уағдаласу (ол да кеңінен таралған) ғана емес, сонымен қатар, заң жобаларын, биліктік-нұсқаулық актілерді сарапшылар, кеңесшілер ретінде дайындап, қабылдауға қатысудан көрініс табады. Лоббизмді заңды және заңсыз деп бөлуге болады. Екеуінің аражігін ажырату қиынға соғатындықтан, оған саяси құбылыс ретінде қарау да біржақты емес. Лоббизмге екі тәсіл қолдану қалыптасқан: тыйым салушы және құқықтық-реттеушілік. Бірінші тәсілді жақтаушылар лоббизмді қылмыстық әрекетпен теңестіреді және осы негізде заңнамалық санкциялар енгізу арқылы оны жоюға талпынады. Екінші тәсілдің жақтаушылары лоббистік белсенділікті құқықтық шеңбермен шектеуді ұсынады. Мысалы, Францияда лоббистік әрекет заңсыз болып танылса, Үндістанда сыбайлас жемқорлыққа теңдестірілген, АҚШ пен Канадада заңмен реттеледі.[1]



Парламент депутаттарына, үкімет мүшелеріне әлдебір не басқа әлеуметтік немесе саяси күштердің пайдасы үшін әлдебір не басқа шешімдердің пайдасына (ресми емес кездесулер, пікір алмасулар, құлағдар қоғамдық аялардағы ресми емес әңгімелер мәжіліс залынан тыс жерде) ұйымдастырылған қысым көрсетулер тобы. Кәсіподақтардың, соғысқа қарсы қозғалыстардың, кәсіпорын директорларының, экономиканың аграрлық секторы өкілдерінің және т.б. парламентте өз лоббилары болуы мүмкін; осы топтардың агенттері — лоббисте
2 Лоббизмді заңмен реттеу тәжірибесі

Лоббистік қызметті заң жүзінде реттеу механизмінің енгізілгеніне көп болған жоқ. АҚШ-та ХІХ ғасырда лоббистердің қызметін реттеу туралы реестр, 1946 жылы әлемде лоббизм туралы тұңғыш заң қабылданып, ал 1996 жылы Конгресс пен Сенатта ғана емес, атқарушы биліктің лоббистік іс-әрекетін реттейтін заң күшіне енді. Заңды түрде лоббистік қызметпен корпоративті лоббистер және лоббистік фирмалар шұғылданады. Корпоративті мүдделерді қорғаумен арнайы құрылатын биліктің мемлекеттік органдарымен байланыс департаменті жүзеге асыратын болса, ал лоббистік фирмалар ақылы негізде мемлекеттік органдардың тапсырысын орындаумен айналысады, былайша айтқанда, оның қызметін адвокаттың жұмысымен салыстыруға болады. Лоббистік фирмалар өзінің клиенттері, есеп-қисаптары туралы мәліметтерді жария етуге міндеттеледі. Заң шығару үрдісін жеделдету және тиімділігін көтеруі себепті кәсіби лоббистерді «биліктің эксперттері» деп бекер атамаса керек.

Лоббизм туралы заңдар өркениетті елдерде, соның ішінде Австралияда, Ұлыбританияда, Германияда, Канадада, Польшада, Францияда жұмыс істейді. Посткеңестік елдер арасында тек Литвада ғана 2000 жылдан бастап күшіне енген. Ресейде, бізде қызу талқылау кезеңін өткеріп жатыр.


  1. Тақырып. Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту саясатының ерекшеліктері және оны реттеу

Жоспар

1 ҚР жұмыспен қаму туралы заң

2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары

1    ҚР жұмыспен қаму туралы заң

Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк  құқықтық  актiлерден тұрады.

2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.

Жұмыспен қамтылған халыққа:

      1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;

      2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;

      3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;

      4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;

      5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерi;

      6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;

      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;

8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.


Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер

      1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:

      2) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауға;

      3) уәкiлеттi органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепiлдiк бередi.

2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi шараларды қамтамасыз етедi.
      - Нысаналы топтарға:
      - табысы аз адамдар;
      - жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;
      - балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      - кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
       - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      - зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      - мүгедектер;
      - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      - бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      - оралмандар;     
      - жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      - жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      - қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар жатады.
      - Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
      1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетiн саясат жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.

      2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;

      2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;

      3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;

      4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;

      5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;

      6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;

      7) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;

      9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;

      10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;

      11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;

      12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

      13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;

      14) жұмыс берушiлер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкiлдерiнiң мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын әзiрлеу мен iске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;

      15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестiрiлген, қосымша жұмыс орындарын ашу iсiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргiзуге бағытталған.

10. Әлеуметтік-сегменттік еңбек нарығы: әйелдер мен жастарды еңбекпен қамту

Жоспар

1Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы

  2


1. Жұмыс берушiлер мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
      2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесiн дамыту;
      2-1) кадрларды техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары арқылы даярлау;
     3) құрылымдық өзгерiстер барысында бiлiктi қызметкерлердiң кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
      4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
      5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
      6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес қызметкерлердi сақтандыру арқылы қатысады.
      2. Жұмыс берушi:
      1) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсiптерi, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемiнде екi ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;
      1-1) күшi жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;
      3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
      4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;
      5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге мiндеттi.
      3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.

Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; стратегиялық қожалық ету аймағының деңгейі; функционалдық деңгей: төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия).


2 Шетелдiк жұмыс күшiн тарту

      1. Iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi.


      Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру туралы нормалары:

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi;

Дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;

Индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламаларында дамыту көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және жоғары бiлiмдi оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар;

индустриялық-инновациялық жобаны iске асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган бiлiктiлiгi жоғары шетел мамандарын тартуға инновациялық грант беру туралы шешiм қабылдаған ұйымдарда басшылар және жоғары бiлiмдi мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн;

Ұлттық даму институттарында, олармен байланысты ұйымдарда басшылар және жоғары бiлiмдi мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шекте және тәртiппен бөледi.

2-1. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн адамдарды қоспағанда, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және шетелдiк қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және керi қайтарып алады.

      3. Квота белгiлеу тәртiбiн, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және шетелдiк қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң бiлiктiлiк анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшiлердiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келуге тиiс.


Тақырып 11 Еңбекпен қамту мен жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық және этникалық проблемалары

Еңбекпен қамтудың әлеуметтік-психологиялық проблемалары. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық зардаптары. Еңбекпен қамту мен жұмыссыздық проблемалары қоғам мен мемлекеттің қатынасы: психологиялық және этикалық аспектілері.




Тақырып 12 Әлеуметтік қызметін жұмыссыздар мен олардың отбасын әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қолдау жұмысы

Еңбекпен қамтудың мемлекеттік қызметі, құрылымы мен іс-әрекетіні негізгі бағыттары. Жұмыссыздарға мемлекеттік кепілдіктер. Еңбекпен қамту қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Еңбекпен қамту қызметінің технологиясы.


Тақырып 13 Еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік жұмыс: әлеуметтік серіктік, еңбек даулары және оларды шешу

Жұмыспен қамтуды басқару және әлеуметтік серіктік. Әлеуметтік серіктестіктің мазмұны, принциптері және оны ұйымдастыру. Еңбек даулары, оның формалары. Еңбек дауларын шешуде әлеуметтік қызметтің рөлі
7. Тәжірибелік сабақтар мазмұны және олардың сағаттағы көлемі
Тақырып 1 Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Пәннің әлеуметтік қызметкерлер дайындау жүйесіндегі орны мен рөлі. Пәннің басқа ғылымдармен өзара байланысы.


Тақырып 1 Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Пәннің әлеуметтік қызметкерлер дайындау жүйесіндегі орны мен рөлі. Пәннің басқа ғылымдармен өзара байланысы.


Тақырып 2 Адамның еңбек етуге және еңбек ету бостандығына конституциялық құқығы

Кесте түрде адамны еңбек пен еңбек бостандығына конмтитуциялық құқығын сипаттау.


Тақырып 3 Халықты еңбекпен қамту, оның әлеуметтік-экономикалық мәні

Сызба нұсқа немесе кесте түрде халықты еңбекпен қамту бағыттарын атау.
Тақырып 4 Жұмыссыздық - әлеуметтік-экономикалық құбылыс

Кесте түрде жұмыссыздықтың типтерін, түрлерін бейнелеу.


Тақырып 5 Еңбек нарығы, оның құрылымы, моделі, әрекет механизмі

Кесте түрде еңбек нарығының негізгі түрлеріне сипаттама беру.


Тақырып 6 Еңбекпен қамтудың классикалық, неоклассикалық және өзекті концепциялары, оларды реттеу

Еңбекпен қамтудың классикалық және неоклассикалық және актуалды концепциясын сипаттау. Нәсижесін кесте түрде көрсету.



Тақырып 9 Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту саясатыны ерекшеліктері және оны реттеу

Ститистика мәліметін пайдаланып республикадағы халықты еңбекпен қамтудың хал-жайын сипаттау



  1. Өздік жұмыстардың тапсырмасы


Тақырып 1 Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Пәннің әлеуметтік қызметкерлер дайындау жүйесіндегі орны мен рөлі.



Бақылау түрі: ауызша сұрау

Тақырып 2 Адамның еңбек етуге және еңбек ету бостандығына конституциялық құқығы

Қазіргі қоғамдағыжеке адам жай-күйінің құқықтық негіздерін анықтау – адам құқығы принциптерінің жиынтығы.



Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 3 Халықты еңбекпен қамту, оның әлеуметтік-экономикалық мәні

«Халықты еңбекпен қамту» ұғымы. Нарық қатынастары жағдайларындағы халықты еңбекпен қамтудың әлеуметтік-экономикалық мәні.



Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 4 Жұмыссыздық - әлеуметтік-экономикалық құбылыс

Еңбекпен қамту және жұмыссыздық арасындағы өзара байланыс. Жұмыссыздықтың мәні әлеуметтік-экономикалық құбылыс.



Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 5 Еңбек нарығы, оның құрылымы, моделі, әрекет механизмі

«Еңбек нарығы» ұғымы. Еңбек нарығының негізгі түрлеріне сипаттама. Еңбек нарығы құрылымы мен модельдері.



Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 6 Еңбекпен қамтудың классикалық, неоклассикалық және өзекті концепциялары, оларды реттеу

Еңбекпен қамтудың классикалық және неоклассикалық, кейнсиандық және неокейнсиандық концепциялары. Еңбекпен қамту проблемаларының әлеуметтік интерпритациясы.



Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 7 Халықты еңбекпен қамту саясаты – мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі ретінде

«Әлеуметтік мемлекет», «Әлеуметтік шамамен алынған экономика» ұғымы. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, оның мәні мен құрылымы.



Бақылау түрі: ауызша сұрау

Тақырып 8 Еңбекпен қамту саясатын іске асырудың халықаралық тәжірибесі

Еңбек құқығы, еңбекпен қамту мен жұмыссыздық проблемаларына әлемдік бірлестіктер (Б¦¦, МОТ, ЕС) позициясы. Дамушы елдердің еңбекпен қамту саласындағы әлеуметтік жұмыс тәжірибесі.



Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 9 Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту саясатыны ерекшеліктері және оны реттеу

Қазақстан Республикасындағы қазіргі еңбек нарығының қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары.



Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 10 Әлеуметтік-сегменттік еңбек нарығы: әйелдер мен жастарды еңбекпен қамту

Еңбек нарығының сегментациясы, оның мәні мен маңызы.



Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 11 Еңбекпен қамту мен жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық және этникалық проблемалары

Еңбекпен қамтудың әлеуметтік-психологиялық проблемалары. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық зардаптары.



Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 12 Әлеуметтік қызметін жұмыссыздар мен олардың отбасын әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қолдау жұмысы

Еңбекпен қамтудың мемлекеттік қызметі, құрылымы мен іс-әрекетіні негізгі бағыттары. Жұмыссыздарға мемлекеттік кепілдіктер.

Бақылау түрі: ауызша сұрау
Тақырып 13 Еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік жұмыс: әлеуметтік серіктік, еңбек даулары және оларды шешу

Жұмыспен қамтуды басқару және әлеуметтік серіктік. Әлеуметтік серіктестіктің мазмұны, принциптері және оны ұйымдастыру.

Бақылау түрі: ауызша сұрау

10. СӨЖМ кеңесінің кестесі


Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсембі

жұма

сенбі

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру










12.35

13.25








Семинар сұрақтары бойынша кеңес беру







12.35

13.25











СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес беру













12.35

13.25





Тест тапсырмалары бойынша кеңес беру

12.35

13.25


















11. Білім алушылардың білімдерін тексеру кестесі

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі


Жұмыс түрлері

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Қолданылатын әдебиеттер

Орындалу ұзақтығы

Бақылау нысаны

Тапсыру уақыты

Реферат

Мемлекеттік менеджмент және билік




2 аптаға



3-ші апта

Реферат

Мемлекеттік шешімдерді қабылдау және орындау үрдісі ретіндегі мемлекеттік менеджмент




2 аптаға




6-шы апта

Реферат

Экономикадағы мемлекеттік кәсіпкерліктің рөлі мен функциялары




1 аптаға




7-ші апта

Межелік бақылау

Модуль 1,2







коллоквиум

8-ші апта

Реферат

Мемлекеттік басқарудағы реформалар және бюрократия




2 аптаға




11-ші апта

Презентация

Мемлекеттік шығындар мен кірістер




2 аптаға




14-ші апта

Презентация


Мемлекеттік сектордағы стратегиялық басқару жүйесі




1 аптаға




15-ші апта

Межелік бақылау

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ші апта


12. Білім алушылардың білімін бағалау критерилері
Пәнді оқудың соңы емтихан тапсырмен аяқталады, яғни өткен барлық материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілу міндетті түрде бағдарламада көрсетілген барлық тапсырмалаларды орындап тапсырғаннан кейін ғана іске асады.

Әр бір пән 0-100 баллдық жүйемен бағаланады.

Жіберу рейтингісі барлық ағымдағы сабақтардағы тапсырмаларды орындап, тапсырру арқылы жүзеге асады (дәрістерге қатысу, үй тапсырмаларын орындау, СӨЖ бойынша тапсырмалар, межелік бақылау және т.б.).

Пән бойынша межелік бақылауға (МБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық лабораториялық жұмыстарды, СӨЖ жұмыстарын және тапсырмаларын), курстық жұмысты қорғаудан жақсы баға алған және межелік бақылаудан 50-ден кем емес балл жинаған студенттер жіберіледі.

Әр бір пән бойынша студенттердің оқу үлгерімдерінің деңгейі (соның ішінде пәндер бойынша қорытынды бақылау нысаны (Е) қорытынды бағамен (Қ) белгіленеді, ол ЖР және ҚБ бағаларының (емтиханнан, дифференциалданған сынақтан немесе курстық жұмыстан, олардың үлес салмағы есепке ала отырып) жиынтығынан құралады.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Үлес салмағы жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6-дан артық емес болу керек, ал ҚБ үшін 0,3-тен кем емес болу керек.

Қорытынды баға пән бойынша мына жағдайда, егер білім алушы, жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылау бойынша оң баға алған жағдайда ғана есептелінеді. Қорытынды бақылауда келеңсіз жағдайлар бойынша келе алмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады.


Емтихан бағасы студенттерге сол күні белгілі болуы керек немесе жабаша емтихан түстен кейін алынған жағдайда ертеңгі күні бағасы айтылады.

Нақты есептеу үшін білім алушылардың қорытынды бағасын межелік бақылауда және ақырғы емтиханда 0 ден 100 % -ға дейінгі аралықта бағалайды.

Межелік бақылау бағасы ақырғы баға мен межелік бақылау бағаларының қосындысынан құралады.

Студенттердің білімдері, машықтықтары көп баллдық әріптік жүйемен және бағалаудың дәстүрлік жүйесімен бағаланады:




Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

A


4,0

95-100

Өте жақсы




A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



13. Оқытушы талаптары, саясаты және өткізілуі
Сабаққа қатысушылар барлық аудитория сабақтарына кешікпей келулері керек. Егер сабаққа кешіккен жағдайда, деканаттың бекітілген тәртібімен іс шара жүргізіледі. Ең жоғары дегенде екі сабақты босатқан студент болса, онда ол жіберіледі. Сабаққа екі реет кешігіп келсе, ол бір босатқан болып есептелінеді. Егер екі босатқаннан да көп болса, онда оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқылы және бұл мәселені әкімшілік тарапынан шешуге жібереді. Дәрістерге бұл курстарда оқымайтын бөгде адамдардың кіруіне рұқсат берілмейді..

Жұмыстарды берілген уақыттарында тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды ақырғы тапсыру – емтихан сессиясы басталғанға дейін 3 күн қалғанда.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған және курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Өткен тақырыптарды және өткен материалдарды міндетті түрде қайталап оқып отыру қажет. Оқу материалдарын меңгеруді бақылау тест түрінде немесе жазбаша түрде тексеріліп отырады.

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарын орындау кезінде мына төрт негізгі функцияларды ескеру қажет:

Бірінші – студенттер оқу пәні бойынша белгіленген сабақтары бойынша оқытушылардың ақпараттарын белсенді қабылдауды қажет етеді.

Екінші функциясы, студенттер өз еріктерімен оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтарды пайдалана отырып үй тапсырмаларын, бақылау жұмыстарын және курстық жұмыстарды орындайды..

Үшінші функциясы студенттер талдау жасағанда, сабақты түсінбей қиындықтар туындауы мүмкін. Осы жағдайда студенттер оқытушыға сұрақтар қою арқылы мәселелерді шешуі.



Төртінші функция студенттердің оқытушыға кеңестер алуы, талқылаулары жатады.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Негізгі

  1. Добротворский И.Л. Менеджмент. Эффективные технологии. учебное пособие. – М., 2010

  2. Делопроизводство. учебник / Басовская Е.Н. и др., – М., 2009

  3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
    мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2009, ақпан – 7.

  4. Холостова Е.И. Социальная работа. учебное пособие. – М., 2009

  5. Уровень жизни населения в Казахстане: статистический сборник / под ред. Ю.К. Шокаманова. – Алматы, 2009.


Қосымша

  1. Кафидов В.В. Управление персоналом. – М., 2008

  2. Менеджмент социальной работы. / под ред. Комарова Е.И., Войтенко А.И. – М., 2009

  3. Социальная защита населения: опыт организационно-административной работы. учебное пособие. – М., 2007

  4. Управление персоналом. Практикум. учебное пособие. / под ред. Кибанова А.Я. – М., 2010

  5. Новый Казахстан в новом мире // Послание Президента страны Н.Назарбаева народу Казахстана. – Астана, 2007, февраль – 28.

  6. Концепция социальной защиты населения РК // Казахстанская правда. – 2001, апрель – 13. - № 93 (23441).

  7. Райзин В.Я. Математические методы и модели планирования уровня жизни. - М.: Экономист. – С. 27.

  8. Родионова Г.А. Доходы и занятость сельских жителей // Аграрная реформа. - 2009. - № 3(9). - С. 7-10.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет