Пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет28/111
Дата11.09.2020
өлшемі1,21 Mb.
#77805
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111
Байланысты:
UMK Ci tilinde programmalau (1)

# include

жазу керек, мұнда файл атының екі жағындағы бұрыштық жақша компиляторға осы файлдың кейбір стандарттық INGLUDE каталогінде орналасқанына нұсқайды. Ал егер # include ”файл аты. кеңейтуі” директивасын қолданса файл ағым каталогінде. Си тілінің компиляторын да түппроцессор макроалмастыруларды, шартты компиляциялау және аты аталған файлдарды қосуды іске асырады. Түппроцессор- программаны компиляциялаудың 1-ші сатысында алғашқы (sourcecode) файлды өңдеуге пайдаланатын мәтіндік процессор. Си программасы ның кезкелген директивасы # -хэш таңбадан басталады, хэш таңба жолда 1-ші символ болуы міндетті. Мұндай жол түппроцессордың командалық жолы деп аталады. Түппроцессормен өңделген мәтін программасы компиляторға түседі де оны іске асыру басталады. # include командалық жол программаның кезкелген жерінде кездесуі мүмкін және түп-процессорының мазмұнын сәйкес файлдармен алмастырады. Сонымен, Си программа құрылымының сұлбасы (5-сурет) :



<Түппроцессор> #include<>

<Түптұлғаға ( protype ) нұсқаулар >;

< Бас функция>- main()

<Деректер типін сипаттау >; int x; float z;

<Айнымалылар>;

<Функциялар>;
Си тіліндегі программа аты болмайды. Программа түппроцессордың #include командасынан басталады. Ол тақырыптық файлын іске қосады. # символы осы жол компилятордың “түппроцессорымен ”өңделетінін көрсетеді. Ал, “түппроцессор“ программаны компиляциялау алдында оның мәтінін алдын-ала өңдейді. Сонымен , #include жолы компиляторға stdio.h файлын іске қосу туралы хабарлайды. Бұл файл Си тілінде мәліметтерді енгізу-шығарудың стандарттық амалдырын, енгізу/ шығару функцияларының дұрыс орындалуын қамтамасыз етіп, олар туралы мәлімет береді. Си тілінде мұндай бірнеше файлдар бар, оларды тақырыптық файлдар (Header files) деп атайды. Мұндай файлдар кез келген Си компиляторының пакетінде болады және кіріс / шығыс функциясын сипаттайды. Файл атау ретінде кіріс-шығыс файлының стандартты тақырыбының Standard Input Оutput Header ағылшынша жазылуының бас әріптері пайдаланған. Std- Standard( стандарт), i-Input( енгізу), O-Оutput (шығару), ал кеңейтілуі h-Header( тақырып). Бұл жол Си тілінің операторы емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет