Дәріс №9. Бір өлшемді жиымдар. Жиымдарды өңдеу. Си тілінде базалық немесе ішкі (негізгі: int- бүтін,-float- жылжымалы үтірлі, char - символдық, double - ұзын жылжымалы үтірлі және void - мәнсіз (құр) деп аталатын деректер типі бар. Базалық тип негізінде деректердің басқа да типтерін және деректер құрылымын жасақтауға мүмкіншілік бар. Мұндай деректер құрылымының ең қарапайымы және белгілісі –жиым (массив). Си тілінде жиым деп бір атаумен (идентификатормен) жинақталған бір типті деректер жиынтығын айтады. Жиым - біртекті, реттелген, статикалық, элементтеріне тікелей қатынауға болатын құрылым. Жиымның әрбір элементі жиым атауымен және одан кейін тік жақшаға алып жазылған оның элементінің реттік нөмерімен (индексімен) анықталады. Бір өлшемді жиым сиптталуы: