Тақырыбы: Әр түрлі директивалар каталогын қамтитын бағдарламалар құру.
Тапсырма. Есептің бағдарламасын құрыңыз
1. L см аралық берілен. Оның қанша метр екекнін анықтау керек
2. М кг алмақ берілген. Оның қанша тонна екекнін анықтау керек.
3. Өлшемі байт болатын файл берілген. Оның қанша килобайт екенін анықтау керек.
4.А және В оң сандары берілген (A > B). А кесіндісіне неше В кесіндісін орналастыруға болады?. А
5. A және B (A > B) оң сандары берілген. А кесіндісіне В кесіндісін орналастыруға болады. Нұсқа А- ның қалған бөлігінің ұзындығын табу қажет.
6. Екі орынды сан берілген. Алдымен ондық бөлігін, сосын бірлік бөлігін экранға шығару қажет. Ондығын табу үшін бүтін бөлік табу операциясын, ал бірлігін табу үшін қалдық бөлігін табу операциясын қолдануға болады.
7. Екі орынды сан берілген. Олардың цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін бабу керек.
8. Екі орынды сан берілген. Цифрларының орынын ауыстырып, жаңа сан шығарыңыз.
9. Үш орынды сан берілген. Санның бірінші цифрын экранға шығарыңыз.
10. Үш орынды сан берілген. Алдымен оның соңғы цифрын, содан кейін ортаңғы цифрын шығару қажет.
11.Үш орынды сан берілген. Оның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табу керек.
12. Үш орынды сан берілген. Оның цифрларын оңнан солға қарай шығару керек.
13. Үш орынды сан берілген. Оның сол жақтағы бірінші элементі оң жақтағы соңғы элемент етіп ауыстырылған. Пайда болған жаңа санды экранға шығарыңыз.
14. Үш орынды сан берілген.Оның оң жақтағы бірінші элементі сол жақтағы бірінші элемент етіп ауыстырылған. Пайда болған жаңа санды экранға шығарыңыз.
15. Үш орынды сан берілген. Санның жүздігі мен ондығының орны ауыстырылған. (мысалы, 123 саны 213 санына өзгереді). Пайда болған жаңа санды экранға шығарыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |