XVIII ғасыр қазақ халқының қиын-қыстау заманы болды:
Жоңғар, қалмақтың жан-жақтан қыспа-ғы елді қатты күйзеліске ұшыратты.
1723 жылғы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» оқиғасы елдің еңсесіне батты.
Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады. Осы кезде халықтың басын қосып, қа-сына батырларды жинаған ер Абылай болды.
Жастайынан жорықтарға қатысып, ерлі-гінің арқасында елдің айбатты арыста-нына айналды. Елжіреген жұрттың қамын ойлап, халықты ауызбіршілікке шақырып, елдің еңсесін көтерді.
Абылайдың төңірегінде халықтың ба-тырлары шоғырланған болатын.Абы-лай жинаған батырлар ішінде Кара Ке-рей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Сағынбай Сары, Баян менсынды ел ардақтыла-ры болатын. Бүкіл өмірін қазақ жұрты-ның тәуелсіздігі жолындағы күреске ар-наған сондай ер жүрек ардагерлердің бірі –Баян Қосаболатұлы (1710-1757). Батырлығымен, тапқырлығымен Абы-лай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқасына қатысып, көр-сеткен ерлігі үшін Баян батыр атанған.
Достарыңызбен бөлісу: |