Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Энциклопедия религий -. М, 2008
2. Религиоведение:. Учебник. Под ред. Вильубського -. К2002
15 Дәріс «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы
«Мәңгілік ел» – мыңжылдық мәні бар жалпыұлттық, философиялық идея. Мәңгілік ұғым-түсінігі – барша адамзатқа ортақ қазына. Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті Мәңгілік Ел ұлттық идеясы – өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы мұраттарымыз.
Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.
2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады. Осылайша кемел келешекке байсалды қадамдар жасау үстіндегі тәуелсіз Қазақстанның көздеген заманауи мақсат-мұраты артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтасып, жалғасып жатқаны, біз Еуразия түркілерінің қара шаңырағын ұстап қалған мұрагері болып табылатынымыз ресми дәйектелді. Бұл орайда елең еткізген жаңалық - тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл - Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел - түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея...» - екендігін жазған. «Мәңгі ел» – арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Күлтегін жазуында «Мәңгі» сөзі бес рет қолданылған. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда. Мәңгілік ел дегеніміз - мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады.
Әлемдік деңгейдегі ойшыл Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ойшыл «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді.
Мәңгілік Ел идеясы - қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Терең де мағыналы зерттеулер мен ұсыныстар тарихымызды тереңдете түсу үшін басты бағдар болмақ. Әлемдік өркениетке өлшеусіз үлес қосқан ата-бабаларымызды өз дәуірінің озық ұрпағы деуге негіз бар. Осыны тарихи деректермен безбендеген Ұлт көшбасшысы қазақ жері – түркі әлемінің алтын бесігі екендігін баса айтады. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» деуінің түп-төркінінде зор мағына бар.
Мақаланың бірінші тармағында:
1.Атқа міну мәдениеті;
2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия;
3.Аң стилі;
4.Алтын адам;
5.Түркі әлемнің бесігі;
6.Ұлы Жібек жолы;
7.Қазақстан- алма мен қызғалдақтың отаны.
Ал, екінші тармағында:
1. Архив- 2025;
2.Ұлы даланың ұлы есімдері;
3.Түркі әлемнің генезисі;
4.Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі;
5.Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы;
6.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі,- бастау алған.
Ұлы даланың жеті қырының кез келгені қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ Елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері - «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын Түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген - Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ Елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жәйт қана емес, сонымен қатар әрбір Қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |