Хабблдің ғарыштық телескопы: «Хаббл» ғарыштық телескопы (ағылш. Hubble Space Telescope, HST, КТХ, обсерватория коды «250») — Жерді айналып орбитамен ұшатын автоматты обсерваториясы, Эдвин Хаббл құрметіне аталған. «Хаббл» телескопы — НАСА мен Еуропа ғарыш агенттігі бірлескен жобасы; НАСА үлкен обсерваториялары тізіміне кіреді. Қазіргі кезде аспан әлемін шарлап жүрген адамзаттың «ғарыштық көзі» - «Хаббл» аппараты. Осы құралдың көмегімен бүкіл галактика, тіпті басқа галактикалық жүйелер де зерттеліп жатыр тарихы 1925 жылдан басталады. Қазіргі кезде «Спейс шаттл» бағдарламасы бойынша «Атлантис» ғарыш кемесі аспан денелерін суретке түсіріп, жан-жақты зерттеулер жүргізу үшін ғарышты кезіп жүрген «Хабблға» қатынас жасап тұрады. Телескопқа қызмет көрсету миссиясы алғашқы рет 1993 жылы желтоқсанда атқарылды. Екіншісі 1997 жылы ақпанда жасалды. Осы уақытқа дейін жер маңы орбитасындағы «Хаббл» 22 мың аспан денелерінің — жұлдыздар, тұмандықтар, галактикалар мен ғаламшарлардың 1 млн суреттерін түсірген. Бақылау барысындағы күн сайынғы ақпарат ағыны 15 ГБ құрайды. 3900-дан астам астрономдар оны зерттеуге падалануға мүмкіндік алды, 4000 мақала ғылыми журналдарда жарық көрді. Жыл сайынғы ең көп дәйектелетін 200 мақалалардың кемінде 10 %-і Хаббл мағлұматына негізделіп жасалған мақалалар.