Пәні: География. Сабақтың тақырыбы



Дата08.07.2017
өлшемі69,92 Kb.
#20923
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Күні: 11.01.16

Сыныбы: 11

Пәні: География.

1.Сабақтың тақырыбы: §31.Шығыс Еуропа елдеріне жалпы шолу. Экономикалық географиялық және геосаяси жағдайы,табиғат жағдайлары мен ресурстары.Халқы

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Экономикалық географиялық және геосаяси жағдайы,табиғат жағдайлары мен ресурстарын, халқын,көлік жүйесі мен сыртқы байланыстарын анықтайды. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі:

Білу:. Шығыс Еуропа елдеріне жалпы шолу жасайды Экономикалық географиялық және геосаяси жағдайы,табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына,көлік жүйесі мен сыртқы байланыстарына. сипаттама беруді үйренеді. түсініктерін кеңейтеді.

Түсіну: Шығыс Еуропаның аймақтары мен елдерінің шекарасын,ел астаналарын ажыратып,анықтайды.

Қолдану: Шығыс Еуропаның аймақтары мен елдерінің шекарасын,ел астаналарын картадан көрсетіп,талдай алады.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,презентация, интернет материалдары.

Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Үйымдастыру кезеңі. 3 топқа бөледі.

2.Үй тапсырмасын сұрау

(Сұрақ-жауап)

1.Батыс еуропа елдеріне қандай мемлекеттер кіреді?

2.Батыс еуропаның  дамыған мемлекеттерін ата?

3.Еуропаның басым көпшілігі қандай тілді қолданылады?

4. Неліктен еуропаның теңізге жақын елдері қарқынды дамыған?

5.Еуропадағы ең жетекші саланы ата?

6.Батыс еуропаның ергежейлі елдерін ата?

7.Еуропаның жалпы ішкі өнімінің үлесі қай саламен байланысты арқылы артып отыр?

8.Қаржы орталықтарымен және станок сағат өндірісімен танылған мемлекет?

9.Батыс еуропада ұлттың қартаюы проблемасы  орын алып отыр.Неліктен?

10 Батыс еуропаның индустрияландыру кезеңіне жаңадан қадам басқан елдерді ата?




«Пазл» құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

Топ бойынша Сұрақтарға жауап береді.









1. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

2.Мұғалім жаңа тақырыпты меңгеру үшін топтарға жигсо әдісі бойынша өз мәтінін топта талқылап, ортаға салуды тапсырады.



Жоспары:

1.Шығыс  еуропаның Экономикалық –географиялық  геосаяси жағдайы.

2.Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

3.Халқы.Шаруашылығы.Сыртқы экономикалық байланыстары.

4.Өнеркәсібі

І топқа экономикалық-географилық және геосаяси жағдайы.

ІІ топқа Табиғат жағдайлары мен ресурстары

ІІІ топқа Халқы


1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырып бойынша түсінгендерін ортаға салып, бір-біріне түсіндіреді.

2 . Оқушылар сұрақтар қойып, бір-бірлерін бағалайды.






Тұсаукеср

Шығыс Еуропа елдері ХХ ғасырда тарихи-әлеуметтік және экономикалық даму жағдайының ортақтығымен ерекшеленеді.Аймақтың саяси картасының қалыптасуына,негізінен,ХХ ғасырдағы,екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы кезеңдегі саяси оқиғалар себепші болды.1945 жылы Югославияда монархиялық билік құлатылып,6 республикадан тұратын Югославия кеңестік федерациялық республика жарияланды.

Шығыс Еуропа елдері Балтық,Адриат және Қара теңіздері аралығындағы біртұтас аумақтық бөлікті алып жатыр.Аймақтың бес елі арқылы Дунай өзені ағып өтеді,ол Венгрия мен Словакия елдерінің  мұхитқа шығу мүмкіндігін туғызады.

Шығыс Еуропа  жерінің көп бөлігін Шығыс еуропа платформасы алып жатқандықтан жер бедері жазық болып келеді.Ірі жазықтарға Балтық бойы,Полша,Орта және төменгі Дунай ойпаттары жатады.Аймақтың орта бөлігінде Судет,Морва полезойлық аласа таулар, ол оңтүстігінде Альпі қатпарлығы кезінде көтерілген. Орта биіктіктегі Карпат, Динар, Стара-Планина, Родопи таулары орналасқан. Климаты қоңыржай континентті сипатқа ауысады. Көбінесе ашық аязды болып келеді. Аяз -20º, -30ºС-қа төмендейді. Ал жазда +28º, +29º С-қа дейін көтеріледі.

Халқы. Аймақта Батыс еуропа мен салыстырғанда халықтың жалпы саны онша көп емес,шамамен 135 млн – ға  жуық. Халқы ең көп ел Польша.(38,6), халқы аз ел Эстония 1,5 млн адам.Этгостық құрамы славян тобындағы халықтар басым,оларға поляктар,чехтар,словактар,болгарлар,сербтер,хорваттар жатады.Ең көп ұлтты мемлекет Югославия 20 астам ұлттар тұрады.Діни ұстанымдары католиктер, латыштар – протестанттар,Балқан елдерінде православия діні басым.

Шаруашылығы Шығыс еуропа елдері қазіргі кезеңде өзінің даму бағытында көптеген қиындықтарға тап болып отыр.О ең алдымен, Кеңестер Одағы,Чехословакия сиақты елдердің ыдырауы мен елдер арасындағы  әлеуметтік және саяси мәселелердің күрделенуімен түсіндіріледі.  Сол сияқты жекелеген елдердің дүниежүзілік шаруашылық пен еңбек бөлінісіндегі бағыт-бағдарының өзгеруі де өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Әсіресе электр энергетикасы, машина жасау, химия өнеркәсіптері қарқынды дамуда.

Өнеркәсібі. Отын-энергетика өнеркәсібі мұнай тапшылығына байланысты таскөмір мен қоңыр көмірге негізделген.

Тас көмірдің аса ірі қоры Польша жеріндегі жоғарғы Силезия мен Чехиядағы Острова-Корвин, Болгариядағы шығыс Марица кен орындарында шоғырланған. Соңғы кезде атом энергетикасы кеңінен қолдануда.Оларға: Козлодуй (Болгария), Трнава (Славакия), Пакш(Венгрия) жатады.



Металлургия өнеркәсібі соғыстан кейінгі кезеңде аймақ елдерінің (Балтық бойы елдерінен басқа) барлығында дамыды. Түсті металлургия жергілікті шикізат, ал қара металлургия өнеркәсібі сырттан әкелетін шикізаттты пайдаланды.

Машина жасау өнеркәсібі – аймақта ең маңызды өнеркәсіп саласы, әсіресе Чехияда жақсы дамыған. Өнімдерінен пракат стандары, ұста-пресс, кәсіпорындарға қажетті құрал-жабдықтар, есептеу техникалары ,тұрмысқа қажетті техникалар түрлерін

көптеп шығарады.

Болгариядағы мұнай-химия кәсіпорындары қарқынмен дамуда.

Жеңіл өнеркәсіп аймақта жақсы дамыған. Тоқыма өнеркәсібі Польша мен Венгрияда жақсы дамыған. Әшекей заттар, қарындаш шығарудан Чехия. Тері заттарын шығарудан Болгария.











Химия өнеркәсібі өзінің дамуы жөнінен Батыс Еуропадан артта қалған. Венгрияда химия – фармацевтика, Польшадағы мұнай-химия,

Болгариядағы мұнай-химия кәсіпорындары қарқынмен дамуда. Жеңіл өнеркәсіп аймақта жақсы дамыған. Тоқыма өнеркәсібі Польша мен Венгрияда жақсы дамыған. Әшекей заттар, қарындаш шығарудан Чехия. Тері заттарын шығарудан Болгария.






15

мин

Негізгі

бөлім


1.Мұғалім оқушыларға оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдалана отырып ,әрбір елдің табиғат ресурстарының түрлерін,олардың ел экономикасын дамытудағы рөлін анықтауды тапсырады.

2. Аймақ елдерін біріктіруге не себепші болды деп ойлайсыңдар?



1. Оқушылар оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдалана отырып,әрбір елдің табиғат ресурстарының түрлерін,олардың ел экономикасын дамытудағы рөлін анықтап,сипаттайды.

2. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып аймақ елдерін біріктіруге не себепші болды деп ойлайсыңдар? деген сұраққа жауап береді.



5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма: § 31 оқу Шығыс Еуропа елдеріне жалпы шолу. Экономикалық географиялық және геосаяси жағдайы,табиғат жағдайлары мен ресурстарын, халқы.



3.кескін артаға Шығыс Еуропа аймақтарын түсіру.


1.Екі жұлдыз, бір тілек; оқушылардың бірін-бірі бағалауы. 2. Оқушылар кері байланыс жасайды


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет