Пәні: химия Күні: 26. 09. 11 Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі273,82 Kb.
#25884
түріСабақ
1   2   3

Жылу сыйымдылық, 1 градусқа қыздырған кезде дененің сіңіретін жылу мөлшері; дәлірек айтқанда, — температураның аз ғана өзгерісінің мәнінде жылу мөлшерінің қатынасы,

П.Дьюлонг және А.Пти (1819) ережесі бойынша элементтердің атомдық массаларын анықтау (молярлы массасын анықтау).

Металдардың жылу сыйымдылықтарын зерттеу мақсатында Дьюлонг және Пти төмендегідей ереже тұжырымдады:

Қатты күйіндегі жай заттардың меншікті жылу сыйымдылықтарының атомдық массаға (молярлы масса) көбейтіндісі тұрақты 26,0 кДж/ (моль*К) шамасына тең.

Көп заттардың меншікті жылу сыйымдылықтары тәжірибе жүзінде анықталады. Мұнан соң, сол заттың меншікті жылу сыйымдылығын 26,0 санына бөлу арқылы жуықтап молярлы массасын есептейді. Молярлы массаны сол заттың эквивалентінің молярлы массасына бөлу арқылы валенттілікті анықтайды. Шыққан сан бөлшек сан болса дөңгелектеу ережесіне сәйкес оны бүтінге айналдырады, өйткені валенттілік бүтін санмен анықталады. Енді осы бүтін валенттілікті эквиваленттің молярлы массасына көбейту арқылы сол заттың дәл молярлы массасын анықтайды. Айтқандарымызды математика тілінде жазсақ, төмендегідей өрнек аламыз:



X ≈ Z,

M(A) = Z * M(

Мұндағы Сm- меншікті жылу сыйымдылық,

М(А) – А – затының молярлық массасы,

Х- дөңгелектенетін сан,

М( А – затының эквивалентті молярлы массасы,

Z–валенттілік.

Еске түсіре кететін жай, жекеленген атом, молекулалармен өлшеулер жүргізу мүмкін болмағандықтан біз тәжірибе жүзінде ылғи макроскопиялық деңгейде, яғни заттың белгілі бір мөлшерімен жұмыс істейміз. Осы себепті ылғи да молярлы шамалар анықталады. Ал, өлшем бірлігін ескермегенде салыстырмалы атом, молекула массалары сан мәні жөнінен сол заттың молярлы атом, молекула массаларына тең.



Мысал.

Вольфрамның меншікті жылу сыйымдылығы 0,1465 Дж/г ●К, ал эквивалентінің молярлы массасы 30,640 г/моль. Вольфрамның салыстырмалы атомдық массасын анықтаңыз.

Шешуі: Дюлонг – Пти ережесін пайдаланып вольфрамның молярлы массасын анықталық:

M(W) = 26: 0,1465 = 177,4744 г/моль.

Табылған шаманы эквиваленттің молярлы массасына бөліп валенттілік санын анықталық.

5,796; Z = 6

Ал валенттілік саны бүтін болатындығын ескере отырып Z = 6 деп аламыз да вольфрамның молярлы массасына түзету енгіземіз, яғни

M(W) =6 * 30,64 = 183,85 г/моль.

Олимпиадада берілген есеп

Мысал


Жылу сыйымдылығы 13,2 кал/ град тең калориметрдің ішіне 400 г 0,3% -ті сутектің асқын тотығының ерітіндісін құйып, оның үстіне аз ғана мөлшерде MnO2 қосты. Реакция аяқталған кезде температура 1,97 0С көтерілді. Егер ерітіндінің меншікті меншікті жылу сыйымдылығы С= 1 кал/г* град) тең болса, онда сутектің асқын тотығының 1 молі айрылған кезде бөлінетін жылу мөлшерін есепте.

Шешуі:


MnO2

2О → 2H2 + O2 + Q

mер.з(H2O2) =

n (H2O2) =

2.Реакция нәтижесінде бөлінген жылу мөлшері келесі формуламен анықталады.

Q1= mc *∆t + C∆t = (mc + C)* ∆t

Есептің шарты бойынша С= 13,2 кал/г*град

С= 1 кал/г*град ∆t = 1,97 0C олай болса,

Q1= (400*1 +13,2) *1,97 = 814 (кал) = 0,814 ккал

1 моль сутектің асқын тотығы ыдыраған кездегі бөлінетін жылудың мөлшері:

q = ккал/моль

Үй тапсырмасы:

1-есеп


Сыйымдылығы V= 0,01 м3 ыдыстың ішінде газдар қоспасы берілген. Егер Т = 280 К температурада қоспа құрамында m1 = 7 г азот және m2 = 1 г сутек бар. Қоспа құрамындағы әр компоненттің зат мөлшерін және парциалдық қысымын, жалпы қысымды табыңыз.

2-есеп


Автомобиль шинасындағы резеңке камераның көлемі 0,04 м3 тең. Егер оның ішіндегі ауаның массасы 160 г тең болса, t0 = 170C болғанда оның қысымы неге тең болады?

3-есеп


Құрамында қалыпты жағдайда көлемдік үлес бойынша 21% оттек, 78% азот, 1% аргоны бар бір метр куб. ауаның массасын табыңыз.

10-11 сынып оқушыларының Дьюлонг – Пти ережесі. Газдардың парциал қысымы тақырыбы бойынша білім деңгейлерін бағалаудың критериалдық шкаласы

Оқыту мақсатына сай бағалауда қолданылатын критерийлердің дескрипторлары

А – Критерийі (Дүниенің бірлігі )

Оқушының орындауы қажет «қоғамдағы ғылымның алатын орнын көрсете білу, әртүрлі қоғамдық факторларға ғылымды қолдана білу.



С (Ғылыми білім және түсіну)

Біздің дәстүрлі білім беруде оқытылған оқу материалды «білім мен түсіну» бойынша бақылау жұмыстары мен әртүрлі тестер арқылы тексеріледі. Берілетін тапсырмаларды орындай отырып, оқушы мағынасы жағынан «қиындық деңгейі жоғары дәрежедегі тақырыптарға ғылыми лексиканы кең көлемде қолданып, ғылыми терминологияны тиімді қолданып, ғылымның негізін өте жоғары дәрежеде түсінуге көмегін тигізеді.



Оқыту мақсатына сай бағалауда қолданылатын критерийлердің дескрипторлары

Критерий

B

C

жалпы

ұпайлар

0-6

0-6

0-12









Дескрипторлар

А- Критерийі

«Дүние бірлігі»

0

Оқушы төменде берілген дескриптор стандарттарының ешқайсысына жеткен жоқ.

1-2

Табиғи ортада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінігің таяз, химиялық заңдылықтары жайлы білімің нақты және дәлелді емес. Терминдік сөздерді дұрыс қолданбайсың.

2-3

Заңдылықтар жайлы түсінігің шектеулі, химиялық терминдерді орынды қолданғанмен тақырып мағынасын толық аша алмайсың. Түсінігі толық, нақты емес.

3-4

Заңдылықтар жайлы түсінігің бар, құбылыстарды олардың арасындағы байланыстарды жақсы түсінесің, мәліметтерді логикалық реттілікпен жеткізе аласың, терминдерді орынды қолданасың. Алайда, қолданған мысалдарың өте қарапайым және толық емес.

5-6

Заңдылықтарды, құбылыстарды олардың арасындағы байланыстарды сенімді, толық, орынды жеткізе аласың. Терминдерді дұрыс, нақты, сенімді қолданып, Парциал газ қысымын дәлелдей аласың.



C- Критерийі

«Ғылыми білім»

Жетістік деңгейі

Дескрипторлар




0

Төменде берілген дескриптор стандарттарының ешқайсысына жеткен жоқсың.

1-2

Берілген мәтіннен қажетті ақпаратты табуда қиналасың. Ақпараттарды талдай білмейсің, тақырып бойынша проблеманы шешуге пайдаланған қосымша мәліметтер мақсатқа сай келе бермейді.

2-3

Оқулықтардағы мәліметтерді қосымша ақпарат көздерінен тапқан матералдармен толықтыра білмейсің. Тақырып бойынша ақпарат көздеріне таңдау мен сараптау жұмысын жүргізуде қиналасың.

3-4

Тақырыпқа байланысты қажетті ақпараттар мен мәліметтерді жинақтай аласың. Дегенмен, жинақталған деректерді талдап, оны қажетті жағдайда қолдана бермейсің.

5-6

Кесте бойынша термодинамикалық күй шамаларын ажырата аласың, сараптау жұмысын жүргізе аласың, берілген мәтіндерден қажетті ақпараттарды таба білесің ғылыми ақпараттарды тақырып бойынша туындаған проблемаларды шешуде қолдана аласың.

Бағалау парағы




Оқушының аты-жөні

Критерий бойынша қойылған ұпай

Ұпай жиынтығы


Бағасы

B

C









































































Ұпай санын бағаға ауыстыру

Жинаған ұпай саны

Бағасы

0-6 (60% және одан төмен)

«2»

7 - 8 (61%-74%)

«3»

9 - 10 (75%-88%)

«4»

11-12 (100%-89%)

«5»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет