Пәні: «Информатикаға кіріспе»



Дата03.05.2020
өлшемі21,98 Kb.
#65652
түріКонспект
Байланысты:
инф кіріспе


Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті

Өздік жұмыс

Пәні: «Информатикаға кіріспе»

Тобы: ИНФ01-1110ДВ

Тексерген: Арыстанова Асель Бекбулатовна

Орындаған: Артықова Баян Манасқызы

2019-2020

№1 Тапсырма тақырыбы: Ақпарат және информатика. Есептеу техникасы және дербес компьютер. «ЭЕМнің даму тарихы. ЭЕМ негізгі блоктары» тақырыбына конспект дайындау.

Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.

"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.



Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі. 

№2 Тапсырма тақырыбы: Қазіргі информатика құрылымы. «Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық)» тақырыбы бойынша есептер шығару. Ақпараттың бейнелеуінің әртүрлі деңгейлері.



Қазіргі заманғы ақпараттанудың құрылысы: теориялық информатика, есептеу техникасы, бағдарламалау, ақпараттық жүйелер, жасанды интеллект.Теориялық информатика- математикалық бөлімдер енгізілген информатиканың бөлімі. Ол математикалық логикаға сүйенеді және алгоритм мен автоматтар теориясынан, ақпарат теориясы менкодтаутеориясынан, формальды тілдер және грамматика теориясынан, операцияларды зерттеу және басқаларынан тұрады. Информатиканың бұл бөлімі ақпаратты өңдеу сұрақтарын жалпы үйренуде математикалық әдістерді қолданады.Есептеу техникасы–есептеуіш жүйелердің жалпы құрастырылу принциптері, есептеуіш жүйелердің жаңа архитектуралары, құрылғылыардың өзара байланысу принциптері мен қазіргі функционалдық мүмкіндіктері жасалатын бөлім. Мысал ретінде ЭЕМ шиналық архитектурасын, ақпаратты өңдеудің параллельді(көппроцессорлы) архитектурасын айтуға болады.Бағдарламалау –бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйесін жасаумен байланысты қызмет. Жүйелік БКАМ ішінде –жаңа бағдарламалау тілдері мен олардың компиляторларын жасау, интерфейстік жүйе (Windows) құрастыруды атауға болады. БҚАМ қосымшалары ішінен –мәтіндерді өңдеу жүйелері, электрондық кестелік процессорлар, графикалық редакторлар.Ақпараттық жүйелер –әртүрлі күрделі жүйелерде ақпарат ағынын талдау, оларды тиімділеу, құрылымдау, ақпаратты сақтау және іздеупринциптері есептерімен байланысты информатика бөлімі. Ақпараттық анықтамалар жүйесі, ақпараттық-іздеу жүйелері, Internet-те ақпаратты іздеу және сақтаудың глобальдық жүйелері.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет