Пәні: Кристаллография және минералогия Дәріс 1 Кристаллография және минералогия пәніне кіріспе Лауазымы: аға оқытушы Кафедра



Дата07.10.2022
өлшемі258,84 Kb.
#152061
Байланысты:
1 дәріс


Пәні: Кристаллография және минералогия
Дәріс 1 Кристаллография және минералогия пәніне кіріспе
Лауазымы: аға оқытушы
Кафедра
Кристаллография және минералогия негіздері
Қатты заттар табиғатта, аморфты және кристалды түрлерінде кездеседі. Аморфты заттарды (грекше - «пішінсіз зат») құрайтын бөлшектер ретсіз орналасқан, олар өзіндік көп жақты пішіндер түзей алмайды (мысалы, жанартаулық шыны). Оларда кристалдану, симметрия құру қасиеттері жоқ. Кристалдық заттар табиғатта өте кең тараған, жер қыртысын құрайтын әртүрлі таужыныстар мен кендер кристалдық түйірлі агрегаттардан тұрады. Барлық металдар, олардың балқыламалары, айналадағы ортаны қоршаған заттардың көбі кристалдық денелерге жатады. Кристалдар деп құрамына енетін бөлшектер, атомдар, иондар, молекулалар заңды түрде орналасқан көп жақты қатты денелерді атайды. Кристалл - «кристаллос» деген грек сөзінен алынған, ол суықта қатып қалған «мөлдір дене» деген ұғым береді. Кристалдар балқыған магма, ертінділер, газдар, қатты аморфты заттар, бастапқы кристалдардың қайта кристалдануынан түзіледі.
Кристалдардың өсуі дегеніміз, оны құрайтын бөлшектердің реттеліп, кеңістік торда белгілі тәртіп бойынша түзіліп құралуы. Кристалдың құрамындағы бөлшектер - атомдар, иондар, немесе атомдар мен иондар топтары, заңды түрде, кеңістік торлардың төбелерінде орналасады. Егер осындай топ зарядталған болса, оны радикал деп атайды, ал ол бейтарапты болса - молекула дейді.
а) бірлік ұяшық; б) кеңістік торының қатары (A0-An тораптары); в) жазық тор; г) кеңістік тор
Кристалдар бұрыштарының тұрақтылық заңы. Магнетит (а, б) және тау хрусталы (в, г) кристалдарының сәйкес қырлары бір-бірімен бірдей бұрыштарды құрайды. а, в - идеал кристалдар; б, г-бұрмаланған кристалдар
Аморфты (А) және кристалды (Б) денелердегі материалдық бөлшектердің орналасу сипаты
Бравэнің кеңістік торларының 14 ұясы 1 — триклиндік, 2-3 моноклиндік, 4, 5, 6, 7 — ромбылық, 8 — гексагондық, 9 — тригондық (ромбоэдрлік), 10-11 — тетрагондық, 12, 13, 14 — кубтық
Кристалдық заттарға мынадай негізгі қасиеттер тән. Біртектілік - кристалдың құрамы мен қасиеттерінің бүкіл кристалл денесі бойынша ауытқымай, тұрақты және заңды болып қалуы. Анизотроптық деп параллель бағыттарда қасиеттері бірдей, параллель емес бағыттарда қасиеттері әртүрлі денелерді атайды. Кристалдардың әртүрлі физикалық қасиеттері, мысалы, жылу өткізгіштігі, қаттылығы, серпінділігі, т.б. осы аталған бағыттардың өзгеруіне байланысты болып келеді. Изотроптық денелер барлық бағытта да бірдей қасиетке ие. Өзіндік қайта жақтану қасиеті. Бұл қасиет тек кристалдық заттарға тән. Бос кеңістікте өскен кристалдар, өздеріне тән қабырғаларымен шектелген көп жақты денелер түзейді. Симметрия құру қабілеттілігі. Симметрия деп заттардың немесе олардың бөлшектерінің жазықтықта немесе кеңістікте заңды орналасуының қайталануын айтады. Барлық кристалдық денелерге симметриялық қасиет тән.
Назарларынызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет