ПӘніне арналған оқУ-Әдістемелік материалдар



бет4/12
Дата28.01.2018
өлшемі9,22 Mb.
#34965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Күресу шаралары.

Сүгеннің қоныстанғаны анықталған жағдайда тоқтату үшін барлық күресу шараларын қолдану керек:

Қоныстанған сүлікті жою үшін, ошақтың қоныстанған аумағында 1 шақырым шамасында қоңыздар болуы мүмкін, сол жерлерді пестицидтармен жүйелі түрде өндеу керек.

Қоныстанған ағашты кесіп алып, ұнтақтап топыраққа араластырып жіберу керек. Жаңа кесілген ағаштарды бір жерге жинап инсектицидтармен өңдеу керек. Сауда қоймаларының аймағындағы отырғызылған ағаштарды 1 шақырым аумағында тексеру керек.

Құстардың ұяларын пайдалану керек, әсіресе тоқылдақ құстар сүліктің балаңқұртарының ағашқа тереңірек орналаспауына көмектеседі.

Орман құрылыс материалдарына, сүрек ағаштарының қоныстанған орындарына зиянкестердің балаңқұрттарына жүйелі пестициддермен қолдану керек. Санитарлық аумақтағы ошақтын жан жағын үлкен жәндіктерге қарсы инсектицидтерді өңдеуге қолданады және, тек оларды ғана жоюға емес, аналықтарына жұмыртқа салуына кері әсерін тигізеді. Аушылар ағашын қолдана отырып инсектицидтермен өңдеу жұмыстарын жалғастыру.



12- дәріс ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАУЫН ШЫБЫНЫ (MYIOPARDALIS PARDALINA BIG.) КАРАНТИНДІК ЗИЯНКЕСПЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН НЕГІЗДЕУ

1.Қауын шыбыны

2.Карантиндік зиянкеспен күресу шарасы

Қазіргі кезде карантиндік зиянды организмдер (КЗО) - жатаған укекіре, американдық ақ көбелек, қауын шыбыны, жусан жапырақты жэне көпжылдық ойраншөп, жүлсыз жібек көбелегі т.б. республика жеріне мил-лиондаған шығын келтіре отырып, шапшаң тарап келеді. Егер түбегейлі жою шараларын қолданбаса, осы миллиондаған шығын миллиардтаған шығынға айналуы да ғажап емес. Осыған байланысты, «Карантиндiк объектiлер, бөтен текті түрлер және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 Қаулысына өзгерістер енгізілді. Қызылорда облысының аумағында 2005 жылдан бері бұрын байқалмаған карантиндік зиянкес - қауын шыбыны пайда болды. Облыс әкімінің 2007 жылдың 7 наурыздағы №46 қаулысымен өсімдіктер зиянкесі - қауын шыбынының таралуына байланысты облыс аумағында карантиндік аймақ белгіленді. Облыста үш жылда қауын шыбынына қарсы мемлекет қаржысынан 31 млн теңге жүмсалған. Бұл зиянкес Қызылорда облысы аймағы түгілі, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарына тарап кетті. Қазақстан Республикасы бойынша қауын шыбыны 2012 жылғы маниторинг бойынша 9 облыста 31950 га жерге тексерілген. Барлығы залалданған жер көлемі 7891 га жерді құрады. Олар Қызылорда облысында (56,4%), Оңтүстік Қазақстан облысында( 43,4%), Атырау облысында (0,2%) таралған. Химиялық өңдеу жұмыстары 3170, 5 га жерде жүргізілді. Өңдеу жұмыстары Қызылорда облысында 2360 га ( 74,4%), Оңтүстік Қазақстан облысында 802,5 га ( 25,3%), Атырау облысында 8 га (0,2%) жүргізілді. Ал 2013 жылы 4720 га жер өңделді, нақты Қызылорда облысында 2360 га, Оңтүстік Қазақстан облысында 802,5 га, Атырау облысында 8 га жер. Жоғарыда келтірілген мәлеметтерге сүйенсек, қауын шыбынының негізгі шоғырланған жерлері Қызылорда облысында болып отыр. Жалпы қауын шыбыны омыртқасыздар жүйесіндегі қосқанаттылар жасағының (Diptera) алақанаттылар (Trepetidae) тұқымдастарына кіреді. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, жер бетінде өсімдіктердің жемістеріне зиян келтіретін шыбындардың 5000-нан астам түрлері бар. Олардың ішінде бақша дақылдарының жемістерін ішінен зияндайтын екі түрі өте қауіпті болып табылады. Оның біреуі - бұл жерортатеңіздік (шығыс) қауын шыбыны (Bactrocera cucurbitae Cog), ол Австралия, Үндістан, Жапония, Малайзия, Гавай аралдарының аумағында кеңінен таралған. Екіншісі - ортаазиялық қауын шыбыны(Myiopardalis pardalina Big) көптеген жылдар бойы Израиль, Ауғанстан, Түркия, Әзірбайжан, Иран, Иракта кеңінен тарап, ауыл шаруашылығы дақылдарына елеулі зиянын тигізді. Ал соңғы жылдары Түрiкменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстанның бақшалы егістіктерінде пайда болды да, бақша дақылдарына нұқ- сан келтіре бастады. Ортаазиялық қауын шыбыны Өзбекстанда өте қауіпті ішкі карантинді нысан болып табылады. Оның ғылыми атауы Carpomya pardalina Bigot. Негізгі синонимі: Myiopardalis pardalina Bezzi, Carpomyia caucasica Zaitzev. Carpomya pardalina атауын шыбынға француз ғалымы Биго 1891 ж Белуджистанда (Пакистан мен Иран территориясындағы тарихи аймақ) жиналған үлгі деректері бойынша атаған. Кейінірек Бецци (Bezzi 1910) бұл түрді Myiopardalis pardalina атауымен әкелді. Бұл бунақденелілер азия елдерінде кездеседі деп хабарланған: Азербайджан, Афганистан, Египет, Израиль, Индия, Ирак, Иран, Левант, Пакистан, Сирия, Таджикистан, Түркменстан, Түркия және Өзбекстан. Қауын шыбынының денесі 5,5 – 6,5 мм, түсі ақшыл-сары болады. Арқасында қызыл-қара-ақ түстерден тұратын қабыланның терісінің суретіне ұқсаған дақтардың жиынтығы шоқтанып орналасқан. Қанатында қоңырлау түсті үш көлденең жолақ бар. Шеткі екі жолақтың ұштары түйісіп, латынша V әріпіне ұқсап тұрады. Ұрғашы шыбындардың денесі ұзынша, сопақтау болып, реңі қанық сары болады. Олардың қарынының астыңғы жағында жұмыртқа салуға арналған іші түтік инесі бар. Жұмыртқаның тұрқы 1 мм шамасында. Құрттары ақ түсті, ұзындығы 8 – 10 мм-ге жетеді. Қуыршақтың сыртқы қабығы бірнеше бунақтардан тұрады, ұзындығы 7 – 8 мм болып, түсі қызыл-қоңыр болады. Қауын шыбынының қуыршағы жалған қуыршақтар тобына жатады. Қауын шыбыны өзінің өмір сүру кезеңінде 100 – 150-ден астам жұмыртқаны қауынның гүл шоғырына, түйнегіне, қабығына салады және сонымен қатар қауынның етін 1мм тереңдікке дейін тесіп кетеді. 16 – 18см тереңдікте топырақ астында қуыршақ күйінде қыстап шығады. Қауынның гүлдеу және түйнек салу кезеңінде қауын шыбыны жемістің шырынымен қоректенеді. Қауынның түйнегіне қауын шыбыны өзінің 120 жұмыртқасын қалдырып кетеді. 5 – 7 күннен кейін жұмыртқадан жас қауын етімен қоректенген дернәсіл пайда болады. Дернәсіл қауынның етімен қоректенгенде оның сілекейі бөлінеді, сілекейінің құрамында қауынның етін қатты, ащы және жеуге жарамсыз күйге келтіретін ферменттер болады. Қауын шыбынының өзіне тән ерекшелігі – ол қауынға оның белгілі өсу кезеңдерінде ғана зақым жасайды. Негізінен қауын шыбыны қауынның тек түйнектерін ғана, қауын іспек сала бастаған кезден бастап зақымдайды да оның басқа бөліктеріне тиіспейді. Зақымдалған қауындар шіріп кететіндіктен пайдалануға жарамайды [1,2]. Қауын шыбыны қауынға үлкен зиян келтіреді, жыл сайын орташа есеппен өнімнің 40 – 50%, ал кейде 60 – 70% жойылады. Қарақалпақстан Өзбекістан республикасының құрамында жылдар бойы қауын шыбынынан бақша дақылдарының жарты зиян шегіп отыр, сонымен қатар келесі жылдары мақта алқабына зиянын тигізеді деген қауіп бар. Мақта Өзбекістан үшін экспорттық дақыл және де мемлекетке түсетін пайданың жартысын қамтамасыз етеді. Қарақалпақстандық өсімдік қорғау инспекциясы Қарақалпақстанның оңтүстік ауданынан былтыр көктемде қауын шыбыныныңдернәсілі табылғаны туралы айтылды. Бұл туралы басшылық хабардардар еді, бірақ бұл зиянкеспен диқандар өздері күресе алады деп ешқандай шара қолданбады. Қарақалпақстан халқы үшін қауын – өте маңызды өнім, диқандар сатып пайда табады. Көп балалыларға және жағдайы төмен отбасылар үшін қауынның жазғы-күзгі кезеңде қолжетімді бағамен сатылуы олардың негізгі тағамдары болып саналады. Қауынды қыста кептірілген түрінде және жаңа піскен түрінде сақтайды. Қызылорда облысының аумағында биылғы жылы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерде қауын шыбынының зияндылығы аз болып, өңдеу жұмыстары жүргізілмеген жеке есік алдындағы қауындарға қауын шыбынының зияндылығы мол әсерін тигізді.Сол себептен химиялық өңдеу жұмыстарын есік алдындағы жеке бақшадан бастау қажет. Химиялық өңдеу жұмыстарын гүлдеп болып, түйнек сала бастағаннан 3-рет жүргізілуі керек. Жүргізілген бақылаулар мен ғылыми-зерттеулер көрсеткендей, қауын шыбынымен күресу үшін оған қолайлы кезеңдер мен мерзімдерді таңдап алу керек.Себебі ересек шыбындар ұшып жүреді әрі жылдам қозғалып отырады. Жұ- мыртқалары мен дернәсілі жемістің ішінде, қуыршақтары топырақта болады. Тиісінше қауын шыбынының көбеюінің алдын алу мен олармен күресу шараларын жүргізу кезінде осы жағдайларды есепке алу қажет. Тамыздың соңы мен қыркүйектің басында пайда болған қауын түйнектерінің көпшілігі толықтай пісіп үлгермейді. Зиянкестің осы жемістерде жұмыртқалайтынын ескере отырып, диқандардың егіс алқаптарында қалған өнімді дернәсілдер шыққанға дейін толықтай жинап алып, 50-100 см тереңдікте көміліп тасталынады.

13- дәріс

Карантинге жататын өнiмдiдер
1.Карантинге жататын өнiмдi әкелу, әкету

2.Транзиттеу, ішкі мемлекеттік тасымалдау

3.Тексеру және залалсыздандыру тәртібі

Карантинге жататын өнiмдi әкелу, әкету, транзиттеу, ішкі мемлекеттік тасымалдау, тексеру және залалсыздандыру тәртібі

1. Карантинге жататын өнiмдi беруге немесе оның транзитiне шарт жасасқан кезде өнiм берушi уәкілетті органнан карантин шаралары туралы қажеттi ақпарат алуға және карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн жағдайларды қарастыруға мiндеттi.

Құпия сипаттағы ақпараты бар жасалған шарт өнiм берушiнiң жазбаша келісімiнсiз жария етiлмеуге тиiс.

2. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге фитосанитариялық бақылау бекеттерi арқылы ғана рұқсат етiледi.

Карантинге жатқызылған өнiмге арналған кедендік құжаттарды ресімдеу фитосанитариялық қадағалаудан өткiзiлгеннен кейін жүргізіледi.

Егер басқа мемлекеттердiң карантиндік шаралары Қазақстан Республикасында қолданылатын фитосанитариялық қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, олар танылады.

Импорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнiм Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, авторефрижераторлармен және басқа да көлiк құралдарымен тасымалданады.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуi Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.

2-1. Қазақстан Республикасының аумағына:

1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарысыз карантинге жатқызылған өнімді;

2) карантиндік объектілер мен бөтен түрлер жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;

3) топырақты, тамыр жайған өсімдіктерді топырағымен қоса;

4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды – тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын әкелуге тыйым салынады.

4. Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған жағдайда:

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге – фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда;

2) Қазақстан Республикасының ішінде – карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне аумақтық органдарға мынадай мәліметтерді:

1) карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен санын;

2) импортқа шығарушы елдің атауын және карантинге жатқызылған өнім баратын мекен-жайды;

3) экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге арналған шартта көрсетiлген импорттаушы елдiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын;

4) карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту мерзімі мен орнын;

5) сол арқылы карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын импортқа шығарушы елдің шекаралық пунктінің атауын көрсетіп өтінім береді.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған әкелінетін өнімнің карантиндік жай-күйін жүкті тиеп-жөнелтудің бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, теміржол станцияларында, почта байланысы ұйымдарында, ішкі сауда объектілерінде автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектілерде қайтадан белгілейді. Қайта тиеусіз әкету кезінде шекаралық пунктте және постыда тиеп-жөнелту орнында берілген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресімделуін қадағалау ғана жүзеге асырылады.

Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің бар-жоғын зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің жеке қолымен және белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптарды орындау туралы мәліметтері болуға тиіс.

Фитосанитариялық сертификатты алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту ресімделеді.

4-1. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін карантиндік сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады.

Карантиндік сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтінім береді және карантиндік жай-күйді айқындау үшін өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.

Өтінімде карантинге жатқызылған өнімнің атауы, баратын пункті және пайдалану мақсаты көрсетіледі.

Карантинге жатқызылған өнімді жүретін жолында немесе баратын пунктінде басқа мекен-жайға жіберу уәкілетті органның өз аумағында осы операциялар жүзеге асырылатын аумақтық бөлімшесінің рұқсаты бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының карантинді аймағынан әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында басқа мекен-жайға жіберуге тыйым салынады.

Әкелінетін карантинге жатқызылған өнім оның баратын пунктінде қайтадан карантиндік тексеруге жатады.

5. Карантинге жататын өнiмдi және көлiк құралдарын тексеру мен залалсыздандыру, зертханалық сараптама, карантин құжаттарын беру олардың иелерi қаражатының есебiнен, Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасына сәйкес және онда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, карантинге жатқызылған өнім тасымалданатын көлік өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауға және қажет болғанда фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндік тексеруге, сондай-ақ тиісті актілер ресімделе отырып, карантинге жатқызылған өнім баратын жерде карантиндік тексеруге жатады.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге сыртқы тексеріп қарауды жүргiзедi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер Республикалық карантиндiк зертханаға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.

Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартса, онда өнім оның иесінің қаражаты есебінен экспорттаушы елге қайтаруға жатады, ол туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін, Қазақстан Республикасының шекара және кеден органдарын хабардар етеді.

Карантинді объектілер табылған карантинге жатқызылған өнім қайтаруға, карантиндік арамшөптерден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге байланысты шығыстарды оның иелері төлейді.

Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантинді объектілер залалдаған тұқымдар мен отырғызылатын материал солардың иелерінің өтініштері бойынша жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерге зерттеу үшін берілуі мүмкін. Карантинді объектілерден залалдануы жойылғаннан кейін тұқымдар мен отырғызылатын материал иесіне қайтарылады.

Карантинге жатқызылған өнімді алып қоюды (оның ішінде, почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жүзеге асырады, ол туралы алып қою актісі жасалады.

Карантинге жатқызылған өнім карантиндік тексеруден өткізілгеннен кейін және өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізілген соң өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор баратын пунктіне әкелуге немесе транзиттеуге рұқсат бере отырып, ілеспе тауар-көлік құжаттарына өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі мөртабан басады және оның иесіне карантиндік тексеру актісін береді.

Фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантинге жатқызылған өніммен жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) оның иелері өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалау және міндетті карантиндік тексеру жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді.

Фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндік тексеруден өткізілген әкелінетін карантинге жатқызылған өнімдер, сондай-ақ көлік құралдары карантинге жатқызылған өнім жеткізілетін соңғы пунктте карантиндік тексеруге жатады.

Карантинге жатқызылған өнімнің баратын пунктінде карантинге жатқызылған өнімдерді және көлік құралдарын тексеруді, талдау мен сараптама жасау үшін үлгілерді іріктеп алуды кейіннен зиянкестердің түрлік құрамын, өсімдік аурулары мен арамшөптерді анықтау үшін сараптама жүргізе отырып, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша осы өнімдерді пайдаланудың шарттары туралы жазбасы бар тексеру актісі жасалады.

6. Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.

Карантинге жатқызылған өнімнің иелерi карантиндiк қарап тексерудің нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарымен көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды фумигациялық отрядтармен шарт жасасу негiзiнде жүргiзедi.

Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмден карантиндiк объектiлер анықталған кезде Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа да түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.

Карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiм қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда – фумигациялануға жатады.

14- дәріс ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КАРАНТИНДІК  АРАМШӨПТЕРДІҢ СИПАТЫ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН    КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
1. Жатаған у кекіре 

2.Ермен жапырақты ойран шөп   

3.Тікенек алқа.

4. Жусан жапырақты ойраншөп

 Арамшөптер - адамдардын қатысуынсыз    мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше  өсімдіктер тобы. Мәдени дақылдарды өсіру үшін қолданылатын    агротехника жүйесі  арамшөптерге де қолайлы  жағдай туғызады. Арамшөптер топырақтан коректік заттар мен ылғалды бойына сіңіреді, өсімдік аурулары мен зиянды жәндіктер де арамшөптерде  қоныстанып,   мәдени дақылға ауысады. Арамшөптер  жер өңдеу, егін жинауды қиындатады, екпе дақылдардың өнімі мен сапасын төмендетеді. Арамшөптердін ішінде  өте зияндылары     карантиндік шөптер тобы болып  саналады.

    Қазақстан республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты өсімдік қорғау және карантин департаментінің   мәліметі бойынша,    карантиндік арамшөптерден  жатаған у кекіре 2,5 млн. гектар жерге, арамсояудың    19 түрі 180 мың га, ермен жапырақты  ойран шөп  Алматы облысында   6100 га жерге, көп жылдық ойран шөп  Батыс Қазақстан облысында 3800 га,   ал тікенек алқа Жамбыл облысында  100 гектар жерге таралған. Сондықтан күресу жүйесі  дер кезінде агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістерді қолдану арқылы жоспарланған жағдайда ғана сапасы жоғары өнім алуға болады.

 Жатаған у кекіре - күрделі гүлділер тұқымдасына  жататын көп жылдық атпа тамырлы карантиндік аса қауіпті арамшөп. Тамыр жүйесі қуатты, 10 м тереңдікке дейін жетеді. Жатаған у кекіренің ерекшеліктері: ол қордағы ќоректік зат – инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына жинақтап, ќоректік заттарын топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізу арқылы өсіп жер бетіне шығуы әрі фотосинтез  құбылысы арқылы тамырлануы. Сол себепті көптеген агротехникалық әдістерге төзімді келіп, қайтадан тез өсіп жетіледі.

   У кекіренің егістікті басуы салдарынан Қазақстан жыл сайын 3 млрд.теңге зиян шегіп отыр. Сонымен қатар, егістік өнімінің төмендеуінен басқа, оның сапасы да төмендейді, ұнның дәмі ащы болады, малға арналған сүрлемді жануарлар жемейді, жылқы жануары өте тез уланады, өлген жағдайлар да жиі кездеседі. Сүрі жерлерді, отамалы дақылдарды күтіп-баптау кезінде де кететін шығындарды есептесек, жалпы шығын 3 млрд. теңгеден асады. 

Соңғы екі жылдық бақылау нәтижесі бойынша, күзде жыртылған жерді қыршуышпен өңдеу және өсіп шыққан кекіренің көгін гербицидтердің глифосат туындысымен бүрку кезінде препарат ќоректік заттармен бірге кекіре тамырына жайылып,  өсу үдерісін бұзу арқылы кекірені ќұртады. Қазіргі кезде кекірені жою және оны карантиннен шығару үшін      мынадай шараларды іске асыру керек:

1. Кекіремен күресу үшін аймаќтық интеграциялық жүйе жасау және ұсыныстар беру.

2. Ізденіс жўмыстарын кеңейту, жәндіктерді, фитофагтарды, фитопатогенді бактериялар мен саңырауқұлаќтарды - биологиялыќ әдістер ретінде кекіремен күресудің негізі болу керек.   Осы бағытта жұмыс жүргізетін мекемелердің  жұмыстарын  үйлестіру қажет.     

3. Қостанайдың механизация және электрификация институтына топыраќты үш түрлі терендікте өндейтін ќұралдарды жасауға тапсырыс беру.

4. Ауыл шаруашылығы министрлігінде кекіре мәселесіне байланысты ғылыми-техникалыќ кеңес ќұру. Кеңестің міндеті -  кекіреге қарсы кең көлемде жоспар, зерттеу әдістемесі және күресу жүйесін ғылым мен өндіріс тәжірибесіне сүйеніп қайта қарау.

5. Өсімдік қорғау және карантин департаментінде  механикаландырылған отряд құрып, оларды оқыған, білімді  мамандармен қамтамасыз етіп, ғылымның жетістіктерін кең түрде өндіріске енгізу.



Ермен жапырақты ойран шөп -  бір жылдық шөп, күрделі гүлділер  туысына жатады .    Өсімдіктін сабағы тік, көп тармақты, жапырағы тарамдалған, жапырағының үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы сұрлау. Өсімдіктін биіктігі 2 метрге,  тамыры 4 метр терендікке дейін жетеді. Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдік тұқым арқылы таралады, жылу сүйгіш,  8-10 С0 жылылықта 5 см тереңдіктен сәуірдің аяғы, мамырдың басында жер бетіне шыға бастайды. Шөп шілде-тамыз айларында гүлдейді, тұқымы қыркүйек-қазан айларында толық піседі. Бір өсімдік өсуге қолайлы жағдайда 30 мыңнан  55 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымдары топырақта өміршеңдік қасиеттерін 7-10 жылға дейін сақтайды.

   Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп  өсе береді, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін  40-60 %-ға дейін төмендетеді.

     Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Европаға, бұрынғы Кеңес одағының   көптеген  республикаларында, дүние жүзі бойынша 29  мемлекетке

таралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы  қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі.

     Ермен жапырақты ойран шөп барлық ауыл шаруашылығы дақылдарында, әсіресе техникалық, бұршақ, көкөніс дақылдарында және басқа да егуге  жарамсыз жерлерде, жол бойында, арық жағалауларында жиі кездеседі. Көбінесе екпе дақылдар, су, техника және мал азықтарымен тұқымдары көптеген жерге тарайды. Өсімдік гүлдеген кезде олардың миллиардтаған  шаң тәрізді ұсақ  тұқымдары ауа, жел арқылы барлық жерге тарайды, адамдардың денсаулығына зор зиян келтіретін аллергия ауруы - полинозға ұшыратады. Шөптің көп тараған жерлерінде күздік шөп безгегі ауруына халықтын 90-95 пайызы ұшырайды.     

   Сондықтан  егістікті  ермен жапырақты ойран шөптен тазарту үшін бірлескен агротехникалық  шаралармен ( ауыспалы егістік, уақытында сапалы жер өңдеу, дер кезінде уақытын ескеріп егін егу, егінді баптап күту ) гербицидтер беру керек.

 

 Бидай егістігінде бидайдың түптену кезінде диален, 40% э.қ.. 2,5 л/га, ковбой, 40%   э.қ.. 190 мл/га; жүгері егістігінде  3-5 жапырақ болғанда диален, 40% қ.с /қанықпа суспензиясы/   2,5 л/га, бюктрил Д, 45 %  э.қ /эмулсия қанықпасы/ . 2,5 л/га, базагран, 48%  с.е. 3,0 л/га немесе топырақ арқылы эрадикан 72% э.қ. /эмульсия қанықпасы (5-7 л/га), харнес90% э.қ..( 2-3 л/га )     препараттарын  200-300 литр/га  суға ерітіп бүрку керек, соя егістігінде-харнес,пивот препараттары,  сәбіз егістігінде  стомп 33%  э.қ. ( 4,0 л/га)дақыл себілгеннен кейін, гезагард 50%  ы.ұ./ылғалды ұнтақ / 2 л/га  дақылда 2-3 жапырақ болғанда беру өте тиімді нәтиже береді.



  Ермен жапырақты ойран шөпті ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлерде жою үшін  қолданылатын гербицидтер: раундап 36 % с.е. 3-4 л/га немесе пивот 10%  э.қ. 1,0 л/га немесе  арсенал, 25 %  э.қ.. 3,0 л/га  өсімдікте  3-4 жапырақ кезінде беру керек.

     Тікенек алқа. Алқа туысына жататын бір жылдық шөп. Тамыры және сабағы тік, тарамдалған, тікенекті, жапырағы кезекпен орналасқан. Жер бетіне сәуір - мамыр айында шығады, тұқымды  тамыз – қазан  айларында береді.

Химиялық әдістерден бидай егістігінле диален супер, жүгеріде    харнес және диален, бюктрил  препараттары, картоп, сәбіз егістігінде  стомп, рейсер, соя және көкөніс дақылдарында трефлан, стомп  препараттарын  қолданған жөн.

   Тікенек алқаны   ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлерде жою үшін  қолданылатын тиімді гербицидтер: раундап 36 % с.е. 3-4 л/га немесе  пивот 10%  э.қ. 1,0 л/га немесе  арсенал, 25 %  э.қ.. 3,0 л/га  өсімдіктің  3-4 жапырақ кезінде беру керек.

  Карантиндік шөптер табылған шаруашылық және аудан аумағына карантин жарияланады.

     Карантиндік шөптердің тұқымы басқа жерлерге тарамау үшін барлық жер иелері төмендегідей карантин тәртібін сақтау керек:

1. Карантиндік шөптердің тұқымы бар жерлерге тұқымдық егістік  орналастыруға болмайды.

2. Себуге арналған тұқымды мемлекеттік тұқым инспекциясының куәлігінсіз егуге болмайды.

3. Карантиндік шөптердін тұқымы араласқан материалдарды жеке бөлмелерде сақтау керек және оны басқа шаруашылықтарға беруге қатаң тыйым салынады.

4. Жануарларға тұқым қалдықтарын майдалап, қайнатып беру керек.

5. Жемге жарамайтын қалдықтарды отқа жағып, немесе жерге 1 метр терендікте көміп, актілеу керек. Бұл қалдықтарды далаға, суға тастауға  болмайды.

6. Жол жағалауларында, бос жатқан жерлерде, арық жағаларында өсіп тұрған арамшөптерді гүлдену кезінде тұқым беруге  жеткізбей жою қажет.

7. Егінді дер кезінде жинап, арамшөптер тұқымымен егістің ластауына жол берілмеу керек.

8.  Карантиндік шөптер басқан жерлерден  орылған  егінді таза жерлерден алынған өніммен араластырмай, бөлек жерде сақтау қажет.

9. Егін жинауға  қатысқан     техникалардың барлығын және  қоймаларды уақытында тазалап отыру керек.

   10. Суармалы жерлерде суару жүйелерін карантиндік арамшөптер         тұқымынан тазалау үшін қажетті сүзгіштер ұстау қажет.  

Жоғарыда айтылған талаптарды бұлжытпай орындау егіншілік мәдениетін көтеріп, ауыл шаруашылғы дақылдарынан мол және сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.

Жусан жапырақты ойраншөп.Жусан жапырақты ойраншөп – тек қана ауыл шаруашылығына ғана емес, сонымен қатар адамның денсаулығына зиян келтiретiн карантиндiк арамшөп. Бұл өсiмдiк тараған аймақтарда олардың гүлдеу кезеңiнде (шiлде-тамыз ай­лары) тұрғындар арасында аллер­гиялық-поллиноз ауруы жиi кез­деседi. Кейбiр ғалымдардың зерт­теулерi бойынша, халықтың 20 пайызына жуығы осы есiмдiктiң тозаңынан зардап шегетiн көрi­недi. Бұл аруруға шалдыққан адам ағзасы әлсiреп, аллергиялық ринит, коньюктивит, ауыр брон­хиалдық демiкпе, мигрень, дене­нiң бөртуi сияқты сырқаттарға ұшырап, нәтижесiнде ол ауруға шалдыққан адамдарды ұзақ уа­қытқа еңбекке жарамсыз болуына алып келедi екен.

Жусан жапырақты ойраншөп – бiр жылдық жаздық арамшөп. Тек қана тұқымы, арқылы кө­бейедi. Бiр есiмдiктiң өзi 30-40 мың, ал кейбiр түрлерi 80-100 мыңға дейiн тұқым бередi. Және ол қала мен ауыл көшелерiнiң ма­ңында, бос жатқан жерлерде, ауылшаруашылық жерлерiнде, өзендер мен суғару каналдарының жағасында, автомобиль және темiр жол бойында көптеп өседi.

Жусан жапырақты ойран­шөптiң сыртқы түрi кәдiмгi жусан­ға келедi. Вегетациалық өсу мерзiмi 80-150 күнге созылады. Арамшөптiң биiктiгi 2,5 метрге дейiн, тамыры 4 метрге шейiн терең­дiкке кетедi. Арамшөптiң өскен жерiнде топырақтың құнар­лылығы мен ылғалдылығы қатты төмендейдi. Сондықтан ауылша­руа­шылық дақылдарының өнiм­дiлiгi күрт азайып, өнiмнiң сапасы нашарлайды. Бұл өсiмдiктiң жа­пы­рағында 0,15 пайыз ащы эфир­лiк майлар болғандықтан, оны малдар да жемейдi. Дайындалған шөптiң сапасы да төмен болады.

Жусан жапырақты ойран­шөптiң тұқымы тазартылмаған тұ­қымдық материалдармен, азықтық және фураждық өнiммен, топы­рақпен, көлiк құралдары мен ауыл­шаруашылық техникасымен тарауы мүмкiн. Сонымен қатар, жа­нуарлар мен құстар, жел, әсi­ресе, қатты соққан дауыл, жаңбыр мен нөсер оның тұқымының таралуына үлкен септiгiн тигiзедi.

Жусан жапырақты ойран­шөпке қарсы барлық жерлерде ка­рантиндiк, агротехникалық және химиялық тәсiлдермен күрес тұ­рақты жүргiзiлуi керек. Арам­шөптi жою оның дәнденуiне дейiн жүргiзiлуi тиiс. Бұл арамшөптi шабу арқылы күресу нәтижесiз, өйткенi, шабудан кейiн ол 5-15-ке дейiн жаңа өскiн беруi мүмкiн. Арамшөптiң аз өскен жерлерiнде, саяжай мен жеке үй маңындағы өскендерiн тамырымен қоса жұлып тастаған дұрыс.

Алматы қаласының 32,9 га аума­ғында жусан жапырақты ойраншөп таралған. Жоғарғыда айтып өткенiмiздей, жыл сайын мемлекет тарапынан бөлiнген қар­жыға аталған карантиндiк арам­шөпке қарсы күрес тұрақты жүр­гiзiлуде. Қазiргi уақытта таралуы бақылауға алынған. Дегенмен, жусан жапырақты ойраншөп – өте қауiптi карантиндiк арамшөп. Сондықтан, қаламыздың эколо­гиялық және карантиндiк жағ­дайын ойлаған әрбiрiмiздiң мiнде­тiмiз – онымен тұрақты күрес жүр­гiзу.



15- дәріс Карантиндік мағынасы бар аурулардың тізімі (латын тілінде).

Б.Өсімдіктер-аурулары 


Саңырауқұлақты

Glomerella gossypii (South) Edgerton  

Didymella chrysanthemi (Tassi) Gаr.еt Gull.

Puccinia horiana Р.Неnn.

Angiosorus solani (Thirum et O Brier)

Diplodia macrospora (Earle)

Diplodia frumenti (Eller Ev)

Tilletia (Neovossia) indica Mitra

Cochliobolus carbonum R.Nеlsоn

Synchytrium endobioticum (Sсhild.) Percival

Atropellis pinicola Zeller & Goodding

Atropellis piniphillf (Wеir.) Lohman & Cash    

Phyatotrichum omnivorum (Sсhеаr.)

Guggar

Ceratocystis fagacearum (Вrеtz.) Нunt.

Phytophthora fragariae Нiскмаn.

Phomopsis helianthi (Munt-Wetetal)

Cochliobolus heterostrophus Drechsler

rasa Т.(Неlмinthоsроriuм maydis Nisicado et

Miyake)    

                    Бактериялық     

Xanthomonas ampelina (Panagopoulus)

Erwinia stewartii (Sмith.)

Clavibacter michiganehis subsр.

sepedonicum (Spieckermann and

Kotthoff) Davis et al

Xanthomonas oryzae рv. oryzae    

(Ishiyama) Swings et al

Xanthomonas oryzae рv. oryzicola (Fang et al) Swings et al

Ralstonia solanacearum (Sмith.) Yabuuchi et al

Erwinia amylovora (Сurill.)

Clavibacter tritici (Carls et Vidav) Davis

                       Фитоплазмалық және вирустық     

Potato Andeam mottle comovirus

Potatj Andean latent timovirus

Potato T trichovirus

Grapevine flavescence doree phytoplasma

Peach latent mosaic viroid

Polato yellowing alfamovirus

Cherru rasp leaf virus

Peach rosette mosaic nepovirus

Plum poxpotyvirus

  Нематодалық     

Globodera pallida (Stone) Mulvey et Stone

Globodera rostochiensis (Wоll.) М. еt. St.

Meloidogine chitwoodi Golden et al

Bursaphelenchus xylophilus (Steiner et Bu hrer)

2.ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР:

Тақырып:1-2

Капро қоңызы, күресу шаралары

Капро қоңызы

Капровый жук

Тапсырмалар:

1.Капро қоңызыңын өсу циклі және зияндылығымен танысу.

2Капро қоңызының морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу.

3.Капро қоңызымен күрес шараларын зерттеп тану.

4. Кестені жазып толтыру



Капро қоңызы

Түр,системалық жүйедегі орны

Зақымданатын дақылдар,зақымдану мезгілі

Келтірілген зиянкестердің зақымдану кезеңі.ЭЗШ

Қысқаша биологиясы

Күресу шаралары

1

2

3

4

5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет