ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



бет5/18
Дата08.06.2018
өлшемі2,16 Mb.
#41779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

1- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: ОБП –ның негізгі ұғымдары. ОБП принциптері.

Дәріс мазмұны:

1. ОБП-ның негзігі ұғымдары: объект, қасиет, оқиға, оқиға өңдеуші, класс, әдіс.

2. ОБП принциптері: инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм.
ОБП-ның пайда болуы. ОБП негізгі үш принципке сүйенеді инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм.

ОБП – белгілі-бір класқа жататын объектілер жиынтығын программалау болып табылады. ОБП-ның негізгі түсініктері: объект, объектінің қасиеті, объектінің әдісі, оқиға, объектілер класы.

Қасиет (сипаттама, параметр)- объектілердің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайтын атрибуттар.

Объект қасиетін көрсету форматы.

Компонент қасиеттерінің негізгілері: Name, Caption т.б.

Оқиға- программаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі. OnClick,OnDblClick,OnCreat, OnKeyPress оқиғалары және олардың қызметі.

Программадан объект қасиеті мен әдістеріне қатынау қалай жүзеге асыратынын қарастырайық.

Объект қасиетін көрсету келесі форматта жүзеге асырылады:

<объект атауы>.<қасиет атауы>

Объект атауынан кейін бос орынсыз нүкте белгісі қойылады да, төмен қарай ашылатын тізімнен қажетті қасиет атауы таңдалады.

Мысалы: Label1. Caption:=’Delphi тілі’;

Кейде объект қасиетінің өзі объект болуы мүмкін. Онда бұл қасиетке сілтеу арасына нүкте қойылған объектілер тізбекшесі арқылы көрсетіледі.

Мысалы: Label1.Font.Color:=clRed; Нәтижеде Label1 объектісіндегі жазу түсі қызыл болады.

Қосымша интерфейсін жасау кезінде әрбір компонент үшін екі операция орындалады:



  1. Компоненттер палитрасынан компонентті формаға орналастыру.

  2. Қойылған компоненттің қасиетін орнату.

Компонент қасиеті экранның сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан Объект бақылаушысының терезесі арқылы өзгертіледі. Ол екі астарлы беттен тұрады: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар).

Қасиет (сипаттама, параметр)- объектілердің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайтын атрибуттар.

Әр компоненттің қалыпты жағдайда берілген аты және қасиет мәндері болады. Оны қалауымызша өзгертуге болады.



Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

Delphi_ОБП_тілінің_интеграцияланған_ортасы.'>1- апта

2 кредит сағат.

Тақырыбы: Delphi ОБП тілінің интеграцияланған ортасы. Компоненттер палитрасы.

Дәріс мазмұны:

1. Экрандық интерфейспен танысу. (6-терезе)

2. Компоненттер палитрасы. Объект инспекторының терезесі.

3. Жоба, форма, код файлдарының құрылымы.



Delphi тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар интеграцияланған IDE (Integrated Development Environment) ортасында жасалады. Ол компьютердің программалаушымен қарым-қатынасын ұйымдастырады және әр түрлі басқару элементтерінен құрылған бірнеше терезелерден тұрады. IDE интеграцияланған ортасының құралдарын қолдана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программалық код жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Бұл жағдайда, программа кодын жазу, оны түзету және орындау сияқты барлық әрекеттер IDE ортасында орындалады.

Delphi-дің интеграцияланған ортасы көптерезелі жүйе болып саналады. Ол төмендегі терезелерден тұрады:



  • Негізгі терезе (Delphi 7- Project1.dpr)

  • Объектілер ағашын шолу терезесi (Object Tree View)

  • Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)

  • Форма құрастырушыcының терезесі (Form1. dfm)

  • Код редакторының терезесі (Unit1. pas)

  • Код сілтеушісінің терезесі (Exploring Unit.pas)

Дельфиде дайындалатын программа жоба деп аталады. Жоба форма терезінде орындалады (қалыпты жағдайдағы аты- Form1).

  • Жоба құру үшін формаға Компоненттер палитрасынан түрлі компоненттер орналастырылады.

Программадан объект қасиеті мен әдістеріне қатынау қалай жүзеге асыратынын қарастырайық.

Объект қасиетін көрсету келесі форматта жүзеге асырылады:



<объект атауы>.<қасиет атауы>

Объект атауынан кейін бос орынсыз нүкте белгісі қойылады да, төмен қарай ашылатын тізімнен қажетті қасиет атауы таңдалады.

Мысалы: Label1. Caption:=’Delphi тілі’;

Кейде объект қасиетінің өзі объект болуы мүмкін. Онда бұл қасиетке сілтеу арасына нүкте қойылған объектілер тізбекшесі арқылы көрсетіледі.

Мысалы: Label1.Font.Color:=clRed; Нәтижеде Label1 объектісіндегі жазу түсі қызыл болады.

Delphi ортасында жасалған қосымша бір жобаға біріктірілген бірнеше элементтен тұрады. Олар файл типімен бірге төменде көрсетілген:



  • жоба файлы (.dpr)

  • форманы сипаттау файлы (.dfm)

  • форма фодулінің файлы (.pas)

  • модульдер (.pas)

  • жоба параметрлері (.dof)

  • ресурсты сипаттау (.res)

Жоба файлы.

Дельфиді іске қосқан кезде автоматты түрде Project1.dpr атты жаңа жоба жасалады. Бұл жобаның Form1 атты формасы болады. Жоба файлы жобаның орталық файлы болып табылады және оның жеке программасы болады. 1 формадан тұратын қосымша үшін жоба файлының түрі былайша болады:



program Project1;

uses Forms,

Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1};

{$R *.res}

begin

Application.Initialize;

Application.CreateForm(TForm1, Form1);

Application.Run;

end.

Бұл файл мазмұнын экранға шығару үшін келесі командалар тізбегі орындалады: ViewUnits Project1 (немесе CTRL+F12).


Форма файлдары.

Жоба құрамындағы әрбір форма үшін автоматты түрде форманы сипаттау файлы (.dfm) және модуль файлы (.pas) жасалады.



Форманы сипаттау файлы форманы және оның компоненттерін сипаттаудан тұрады. Формаға компонент қойып, оның қасиеттерін өзгерткен кезде форманы сипаттау файлында автоматты түрде сәйкес өзгерістер енгізіледі.Бұл файлдың мазмұнын экранға шығару үшін форманың контекстік мәзірінен View as Text пунктін шерту қажет. Керісінше, формаға өту үшін контекстік мәзірден View as Form командасы таңдалады.

Мысалы: Бір батырма (Button) мен мәтіндік өрістен (Edit) тұратын форманы сипаттау файлының мазмұны төмендегіше болады:

object Form1: TForm1

Left = 192

Top = 114

Width = 696

Height = 480

Caption = 'Form1'

Color = clBtnFace

Font.Charset = DEFAULT_CHARSET

Font.Color = clWindowText

Font.Height = -11

Font.Name = 'MS Sans Serif'

Font.Style = []

OldCreateOrder = False

PixelsPerInch = 96

TextHeight = 13

object Button1: TButton

Left = 40

Top = 80

Width = 89

Height = 33

Caption = 'Button1'

TabOrder = 0

end

object Edit1: TEdit

Left = 40

Top = 24

Width = 81

Height = 21

TabOrder = 1

Text = 'Edit1'

end

end
Форма модулінің файлы форма класын сипаттаудан тұрады. Жобадағы бос форма үшін модуль файлының коды төмендегіше болады:

unit Unit1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

Dialogs, StdCtrls;

type

TForm1 = class(TForm)

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

var

Form1: TForm1;

implementation

{$R *.dfm}

end.

Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Компоненттер палитрасы. Standard парағының компоненттері.

Дәріс мазмұны:

1. Компоненттер. Standard парағы.

2. Edit, Label, Button компоненттері, қасиеттері.

3. Айнымалалырды түрлендіру функциялары.

Компоненттер палитрасы негізгі терезеде негізгі мәзірдің оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Компонент- қосымша формасы жасалатын құрастыру блогы болып табылады. Барлық компонент әрбіреуі жеке парақта орналасқан топтарға бөлінген, ал әрбір компонент шартбелгімен берілген.



Компонент палитрасы келесі парақтардан тұрады:

  • Standard – стандарт компоненттер

  • Additional- қосымша компоненттер

  • Win32- Windows-тың 32 разрядты инсерфейсі

  • System- жүйелік функцияларды қосу

  • Data Access- деректер қоймасындағы ақпаратпен жұмыс

Data Сontrols- деректерді басқару элементін жасау т.с.с.

Дельфидің Standard парағында программа құруға ең қажетті Windows-ке арналған стандартты интерфейстік элементтерден тұратын компоненттер палитрасы орналасқан.



12- сурет. Standard парағы.

STANDARD парағының құрамына келесі компоненттер кіреді:

Frame –Жиектері бар форма тәрізді аумақ, басқа компоненттердің

контейнері ретінде қолданылады.

MainMenu - негізгі меню жүйесі.

PopurMenu – жанама немесе контекстік меню.

Label - жазба. Ол компонентке шағын мәтін шығару мақсатында

қолданылады.

Edit – 1 жолды мәтіндік өріс

Memo – көпжолды мәтіндік өріс.

Button – қарапайым батырма.

CheckBox – тәуелсіз ауыстырып- қосқыш.

RadioButton – тәуелді ауыстырып- қосқыш.



ListBox – тізім.

ComboBox – тізімдік өріс.

ScrollBar – айналдыру жолағы

GroupBox – элементтер тобы.

RadioGroup – тәуелді ауыстырып- қосқыштар тобы.

Panel – Тақташа.



ActionList - әрекеттер тізімі.
Бір жолды мәтіндік ақпараттарды енгізу, шығару және редакциялау үшін Edit компоненті қолданылады. Оның негізгі қасиеті- Text.

Қолданушы программаның орындалу барысында өзгертуге болмайтын мәтіндік ақпаратты шығару үшін Label компоненті қолданылады. Бұл компоненттің негізгі қасиеті- Caption. Сонымен қатар, мәтіндік ақпаратты ShowMessage процедурасы арқылы да экранға шығаруға болады.

Функцияның жазылу форматы:

ShowMessage(const Msg:String);

Мысалы: ShowMessage(‘Орындаған 4204- топ студенті- Уразов Дархан ’);

Нәтижеде экранға OK батырмасы бар шағын хабарлама терезесі шығады.


Қосылған модульдер тізіміндегі SysUtils модулінде жолдармен жұмыс жасаудың келесі функциялары анықталған.

IntToStr (Value:Integer): String; - Value бүтін санды өрнегінің мәнін жолға түрлендіру.

StrToInt (const S: String): Integer; - S жолын бүтін санға түрлендіру.

FloatToStr (Value:Extended): String; - Value нақты санды өрнегінің мәнін жолға түрлендіру.

StrToFloat (const S: String): Extended; – S жолын нақты санға түрлендіру

DateToStr(Date:TDateTime) : String; - Date өрнегіндегі дата мәнін жолға түрлендіру.

TimeToStr(Time:TDateTime) : String; - Time өрнегіндегі уақыт мәнін жолға түрлендіру.

StrToDate (const S: String ) : TdateTime; - S жолын датаға түрлендіру.

StrToTime (const S: String ):TdateTime; - S жолын уақытқа түрлендіру.
Әдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]

2- апта

2 кредит сағат.

Тақырыбы: Компоненттер қасиеттері. Шартты және таңдау командасын жүзеге асыру.

Дәріс мазмұны:

1.Компоненттер қасиеттері.

2. Шартты және таңдау командасын жүзеге асыру.

Компонент қасиеті экранның сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан Объект бақылаушысының терезесі арқылы өзгертіледі. Ол екі астарлы беттен тұрады: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар).



Қасиет (сипаттама, параметр)- объектілердің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайтын атрибуттар.

Әр компоненттің қалыпты жағдайда берілген аты және қасиет мәндері болады. Оны қалауымызша өзгертуге болады.



Мысалы: Формаға Standard парағынан батырма (Button) және жазба (Label) компонентін әкеліп орналастырсақ, олардың аттары және тақырыптары қалыпты жағдайда Form1, Button1, Label1 болады. (1-сурет). Компонент тақырыптарын Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. (2- сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет