Агрегаттардың ақпараттық байланыстарының минималдылық принциптері Полюстер болып табылмайтын агрегаттар А-жүйенің ішкі агрегаты деп аталады. А-жүйенің ішкі агрегатының кіріс және басқарушы ақпараты жүйенің ішінде өндіріледі және шығатын ақпараттан немесеА-жүйенің басқа агрегаттарының (у)-хабартарынан тұрады. Ішкі агрегаттардың шығатын ақпараты А-жүйенің басқа агрегаттарына кіріс және басқарушы ақпарат ретінде түседі.
Жеке жағдайда А-жүйе ішкі агрегаттардан тұрмауы мүмкін және тек полюстерден тұруы мүмкін. Сонымен қатар А-жүйеде кіріс және басқарушы полюстер болмайтын жағдай болуы мүмкін. Мұндай А-жүйе тек қана басқарушы немесе тек кіріс ақпаратты сәйкесінше қабылдайды.
А-жүйеде ақпаратты тасымалдау тез арада жүреді. Т моментте қандайда бір агрегатпен ақпаратты беру жүйенің қандайда бір агрегатына кіріс немесе басқарушы ақпараттың түсу, немесе жүйенің шығыс полюсімен ақпаратты беру моменті болып табылады.
Енді А-жүйеге анықтама берейік: егер агрегаттар арасында ақпаратты тасымалдау тез арада және бүлінбей жүргізілсе, агрегаттардың кез келген жиынтығы агрегатты жүйе деп аталады.