Дәріс сабағының құрылымы: 1 апта Дәріс №1. АЖ ТҮСІНІГІ
Дәріс жоспары:
АЖ түсінігі
Ақпараттық жүйелердің даму сатылары
Ақпараттық жүйелердегі процестер
АЖ түсінігі «Ақпараттық жүйелерінің негізі» курсында ақпараттық үрдістердің негізгі модельдерімен танысу, ақпараттық үрдістерді физикалық және арна деңгейінде ұйымдастыру, әр түрлі ақпараттық жүйелерді құрастырудың қазіргі әдістері мен модельдері қарастырылады.
Пәннің мақсаты әртүрлі класты және әртүрлі міндет атқаратын ақпараттық жүйелерді құру бағытында модельдер мен әдістерлі жасаудың арнайы білімдерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.
Мысал. Әр түрлі элементтерден тұратын бірнеше жүйелерді қарастырайық.
1-кесте