Пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет1/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#91587
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Ақпарат жүйе китап


ПОӘК042-18-12.1.53/03-2013

18.09.2013 ж. №1 басылым

беттің -сі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК
042-18-12.1.53/03-2013

«Ақпараттық жүйе негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

18.09.2013 ж.
№1 басылым



«Ақпараттық жүйе негіздері»


пәнінен оқу-әдістемелік кешен

5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013


мазмұны

1. Глоссарий


2. Дәрістер
3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
4. Студенттің өздік жұмысы

1. глоссарий


Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:
Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.
Жүйе» түсінігі – бұл абстрактілі ұғым, оның көптеген анықтамалары бар. Жүйе біздің миымызда, объективті өмірде бар. Олар сонымен қатар адамдармен құрылуы мүмкін. Мысалы, математика абстрактілі ғылыми жүйе болып табылады
Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.
Ақпараттық технология - құбылыстардың немесе процестердің, обьектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс.
Жүйелік үйлесім – бұл ауыр жүйелерді зерттеу, жобалау және ұйымдастыруға арналған жүйенің жалпы теориясының негізгі жағдайын пайдалану әдісі.
Жүйелік анализ – бұл жүйелік үйлесім арқылы пәндік облысты зерттеу әдісі.
Прототип – бұл алдағы құрылатын жүйенің жұмыс істейтін моделі.
Жобалау - бұл ақпараттық жүйені жоспарлау.
Өндіру – бұл жобаны программа мен физикалық жүйеге айналдыру процесі.
Тестілеу – бұл ақпараттық жүйедегі қателіктерді іздеу.
Қателік – бұл бар немесе болуы керек ақпараттың сәйкессіздігі.
Қорғаныс – бұл әрбір қателік бағасының есебімен есептелген уақыттың қандайда бір периодында жұмыс істеу ықтималдығы.
Отладка – бұл табылған қателіктерді түзету.
Ақпараттық технология – объектінің, үрдістің немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сападағы ақпараттар алу үшін мәліметтерді (алғашқы ақпаратты) жинау, өңдеу және жеткізу құралдары мен әдістер жинағын қолданатын процесс.
Жаңа ақпаратық технология – дербес компьютерді және телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып қолданушының «достық» интерфейсті жұмысының ақпараттық технологиясы.
Экономикалық ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектінің тікелей және кері ақпараттық байланыстарының сыртқы және ішкі ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін табу барысына қатысатын әдістердің, құралдардың, мамандардың жиыны.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.
Телекоммуникациялар компьютерлік желілер мен қазіргі техникалық байланыс құралдары негізінде мәліметтерді дистанционды жеткізу.
Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларда жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуғабағытталған ұйымдық әлеуметтік-экономикалық және ғылыми - техникалық процесс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет