ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМК құжаты
ПОӘК
ПОӘК 042-18-12.1.1/03-2013
«WEB-технологиясы» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Баспа №1 18.09.2013ж
«WEB-технологиясы»
пәнінен оқу-әдістемелік кешен
050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
мазмұны
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық және зертханалық сабақтар
4. Студенттің өздік жұмысы
1. глоссарий
Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:
Веб-технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені.
Контент – веб-беттерде орналастырылған ақпараттар.
URI беттер– Интернет желісіндегі беттің уникалды адресі.
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері.
ҒТР-сервер деп FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер аталады
Әдістеме –мәселелерді шешу әдістерінің жиынтығы.
Принцип – бұл ереже. Принциптер жиі шексіздіктер мен талаптар түрінде көрсетіледі.