Компьютерлік желілер топологиясы
Компьютерлерді желіге қосу әдісі оның топологиясы деп аталады.
Желі топологиясының ең кең тараған түрлері:
- шиналық топология [bus topology], онда кабель ЭЕМ-нен ЭЕМ-ге тізбектей байланыса отырып жүреді. Магистраль ретінде коаксиальды кабельді пайдаланады.
1 -сурет. Шиналық топология
- жұлдыз топологиясы [star topology] әрбір сервер мен жұмыс станциясы арнайы құрылғыға – орталық концентраторға [hub] қосылады.
Бір жұмыс станциясынан келетін кабельдің үзілген жері қалған жұмыс станцияларына әсер етпейді.
Егер желіде көп тораптар бар болса, сонымен қатар олардың бір-бірінен арақашықтығы үлкен болған жағдайда, жұлдық тәрізді топологияны пайдалануда кабель кететін шығын үлкен болады. Сондай-ақ, концентраторға кабельдің шектеулі саны ғана қосылуы мүмкін.
2 -сурет. Жұлдыз тәрізді топология
Достарыңызбен бөлісу: |