Құпия нөмірлерді ашу программасының жұмыс істеу реті. Берілген лабораториялық жұмыста құпия нөмірмен жабылған архивті ашатын программалық өнім: Advanced ZIP Password Recovery
AZPR негізіндегі шабуыл жасау программаларымен жұмыс AZPR программасы ұмытылып қалған құпия нөмірлерді қайтадан құру үшін арналған. Қазіргі кезде құпия нөмірді ашудың екі әдісі бар: теру арқылы (brute force) және сөздікпен шабуыл (dictionary-based attack).
Басқару панелі:
Ашу және Сақтау батырмалары проектпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ашу процесін тоқтата тұруға мүмкіндік береді.
Старт және Стоп батырмалары құпия нөмірді теруді бастап және аяқтауға мүмкіндік береді.
Набор батырмасы құпия нөмірдің қандай символдан тұратынын білетін болса өзінің көптеген символдарын қоюға рұқсат береді.
Справка батырмасы программа туралы мәліметті береді.
O AZPR программасы программа туралы ақпаратты шығарады.
Выход батырмасы программадан шығуға мүмкіндік береді.