Мазмұны
1
|
Жалпы ережелер
|
4
|
2
|
Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу
|
6
|
3
|
Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
|
8
|
4
|
Пәннің форматы
|
8
|
5
|
Пәннің саясаты
|
8
|
6
|
Баға қою саясаты
|
9
|
7
|
Әдебиет
|
11
|
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы мен пән туралы жалпы мәліметтер
Сейтказина Гульнур Саркытбековна, оқытушы
Кафедра – «Геодезия және құрылыс»;
Байланыс ақпараты – тел: 35-05-90, № 1 оқу ғимараты, № 1003 кабинет;
Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 1013;
Пән бойынша кредит саны – 2.
1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
Кәсіби қазақ (орыс) тілі пәні студенттің кәсіби қызмет ету ортасында коммуникативтік қажеттіліктерін анықтауға және маманның кәсіби ортада қарым-қатынас жасауын сөйлеу әрекетінің түрлері арқылы қалыптастыруына бағытталады.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерді кәсіби тілдік дайындықпен
қамтамасыз ету, кәсіби тілде арнайы терминдерді қолдана отырып еркін қарым
қатынас жасай алуға бағыттау.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
– студенттерге арнайы мамандыққа сай кәсіби лексиканы және сөз
тіркестерін меңгерту;
кәсіп, мамандыққа қатысты тақырыптар мен мәселелерді арнаулы
лексика қолдана отырып құрастыра алу дағдысын қалыптастыру;
кәсіби сөйлеу барысында терминологиялық, кәсіби лексика туралы
алынған білімдерін қолдана алу дағдысын дамыту;
мамандықтар бойынша кәсіби мәтіндерді пайдаланып, кәсіби
құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін негізгі акпараттарды алып, оларды
баяндай, сипаттай және жинақтай ала білу дағдыларын қалыптастыру және
дамыту;
кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып,
сөйлесу, әңгімені қолдау, өз көзқарасын дәлелдей алу дағдыларын
қалыптастыру және сұхбаттар жүргізе алуға үйрету;
өз мамандықтары бойынша орыс тіліндегі мәтін материалдарын оқып, оған түрлі аударма жасау стратегияларын қолданатын кәсіби дағдыларын
дамыту;
белгілі бір кәсіби қарым-қатынас саласында қалыптасқан терминдер
жүйесін, ондағы бірізділікті сақтап, сондай-ақ кәсіби тілдің қолданылу
жағдайларын айыра білуге үйрету;
өз мамандығы бойынша кәсіби мәтіндердегі тірек термин сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдермен шағын мәтін кұрастыруға машықтандыру.
1.5 Оқытудың нәтижелері:
Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:
білуі және түсінуі тиіс:
студенттер кәсіби мәтінді тыңдап, акпараттың мазмұнын, тақырыбын толық түсіне білуі тиіс;
жағдаяттық сұхбат барысында студент сұхбаттасушының кәсіби
тақырып төңірегінде қойған сұрағын, айтқан ойының мазмұның тыңдап
отырып, түсініп, жауап қайтара білуі тиіс;
мамандық бойынша кәсіби терминдердің қазақ тіліне аударылымын
және жасалу ерекшеліктерін білуі тиіс.
жасай алуы тиіс:
кәсіби бағыттағы тақырыптарға сұхбат құрып, берілген термин сөздер, тіркестерді студент байланыстырып, еркін сөйлей білуі кажет;
мамандығы бойынша тыңдаған немесе оқыған кәсіби мәтіннің,
акпараттың мазмұнын айта білуі, оған өз көзқарасын білдіре білуі, оны өзінше
толықтыра білуі, оған қатысты тапсырмаларды орындай алуы тиіс;
өз мамандығы бойынша қазақ тіліндегі кәсіби әдебиеттерді еркін оқи алуы тиіс;
меңгеруі және қолдана алуы тиіс:
кәсіби материалдарды түрлендіріп (қарау, иілу, танысу) оқуды меңгеріп, қолдануы тиіс;
мамандығына қатысты мәліметтер мен баяндамаларды монолог, диалог түрінде жеткізе білуді, әртүрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі тиіс;
кәсібі, мамандығы жанында қазақ тіліндегі пікірталас, дөңгелек
үстелдерде өз пікірін ұстанып, дәлелді сөйлеп, әңгемелеп айта білуі, баяндама
жасай алуы, сұхбат құруда кәсіби тілді қолдана алуы тиіс.
1.6 Пән пререквизиттері:
- Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқу үшін студенттер ЖББ пәндер көлеміндегі «Қазақ тілін» білулері керек.
1.7 Пән постреквизиттері:
- «Кәсіби қазақ тілі» пәнін білу жоғары білім берудің ТОЖ-дағы мамандыктары бойынша базалық пәндер, бейіндік пәндер циклі бойынша пэндерді оку барысында терминдер мен кәсіби лексиканы меңгеруіне мүмкіндік береді.
2 ПӘН МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
Достарыңызбен бөлісу: |