Механиканың физикалық модельдері: материалдық нүкте – берілген жағдайда өлшемдерімен формасын ескермеуге болатын массасы бар дене
абсолют қатты дене – кез-келген екі нүктесінің арасындағы ара қашықтық өзгермей қалатын дене (материалық нүктелер жүйесі)
абсолют серпімді дене – деформациясы оны тудыратын күштерге пропорционал Гук заңына бағынатын дене
Кез-келген қозғалысты ілгерілемелі және айналмалы қозғалыс қосындысы ретінде қарастыруға болады.
Ілгерілемелі қозғалыс – денемен байланысқан кез-келген түзу өзінің бастапқы қалпына паралель болып қалатын дене қозғалысы.
Айналмалы қозғалыс – айналу осіне қатысты барлық нүктелері шеңбер борйымен қозғалатын дене қозғалысы.
Материяның қозғалыс формалары: механикалық, электромагниттік, жылулық, т.б. Материаның қозғалыс формасының ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс формасы.
Кинематикамеханиканың қозғалысты оның себептерін із қозғалысты қарастырады. Ол үшін алынған модельдер шеңберінде математикалық өрнек және физикалық тұжырымдар маңызды.
Механикалық жүйелердің модельдерін құру барысында материялдық нүкте ұғымы маңызды ролль атқарады.
Әрбір қозғалыс кезінде кем дегенде екі дене қатысады, олардың біреуін санақ денесі ретінде алуға болады. Ол кез-келген дене болуы мүмкін. Санақ денемсімен байланысқан координат жүйесін санақ жүйесі деп атайды. Кез-келген дененің кеңістіктегі орны үш координатамен анықталады.
Радиус-вектор.
Материалдық нүктенің қозғалысын сипаттау дегеніміз ке-келген уақыт мезетіндегі оның кеңістіктегі орынын көрсету деген сөз. Ол өзінің қозғалысы кезінде үздіксіз нүктелер жиынтығын траекторияны қалдырады.
Санақ жүйесіндегі нүктенің орнын әр түрлі әдіспен беруге болады.