Пәнінің оқу-әдістемелік кешені Мамандығы 050801 – Агрономия Қостанай, 2010 Құрастырушы



бет1/6
Дата25.03.2017
өлшемі1,25 Mb.
#12275
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Азық-түлік өнімдерді өндіру технологиясының кафедрасы


МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Мамандығы 050801 – Агрономия

Қостанай, 2010
Құрастырушы:

Шайкамал Г.И., аға оқытушы


Азық-түлік өнімдерді өндіру технологиясының кафедрасы отырысында қаралған және ұсынылған

. . 2010 ж. хаттама №


Кафедра меңгерушісі А.Шпис

Ветеринария және азық-түлік өнімдерінің технологиясы


факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған

. . 2010 ж. хаттама №


Әдістемелік кеңестің төрағасы Г.Байкадамова

ПОӘК мазмұны


Рет



Құжат түрлері

Ескерту

1

Пәннің оқу бағдарламасы (көшірме)

№8 номенклатуралық папкасы, мамандық бойынша типтік бағдарламалардың жинағы, 24-26 б. (№ құжат)

2

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




3

Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)




4

Пән бойынша тапсырмалардың орындалуы және тапсырылуы кестесі

Силлабус құрамында

5

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуінің картасы




6

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекі және таратылым материалдары, қолданылған әдебиеттердің тізімі)




7

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың жоспары




8

Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар




9

Курстық жобаларды (жұмыстарды), зертханалық жұмыстарды, есептік-графикалық жұмыстарды, типтік есептеулерді орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар мен нұскаулар

Курстық жұмыс және жұмыстың басқа түрлерін орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

10

Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар (әдебиеттер мен еңбек көлемі көрсетілген үй тапсырмасының мәтіндер жинағы, өзін-өзі бақылаудың материалдары, ағымдағы жұмыс түрінің тапсырмасының орындалуы, рефераттар және басқа да үй тапсырмалары)




11

Білім алушылардың жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырмалар, аралық бақылаулар сұрақтары, емтихан билеттері және т.б.)




12

Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиалық сүйемелдеу




13

Мамандандырылған аудиториялардың, кабинеттердің, лабораториялардың тізімі

Арнайы кабинеттер жоқ

14

Студентке арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

Электрондық түрінді ақпараттық-білім беру порталында


Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

2010 - 2011 оқу жылына арналған

МShN 3310 Мал шаруашылығы негіздері



1. Негізгі мәліметтер

Факультет

Ветеринария және азық түлік өнімдердің технологиясы

Мамандық

050802 - Агрономия

Курс

2

Семестр

3

Оқу формасы

күндізгі

Бағдарлама

Негізгі оқу оқу

Пән циклы

ПП

Компонент

ТК

Кредит саны

2

Сағат саны

90

Сабақ өткізу орны

4 ғимарат

Дәріскер

Аға оқытушы Г.Шайкамал

Оқытушы

Аға оқытушы Г.Шайкамал

Кеңес уақыты

(СОӨЖ оф.)



1-ші апта

2-ші апта

3-ші апта

Дүйсенбі 7-8 сабақ

Сенбі 5-6 сабақ

Сенбі 5-6 сабақ

2 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

Зоология, биология, биохимия, мал өсіру

Постреквизиттер

мал шаруашылығының қосымша салалары, санитарлық гигиена.

3 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Студентерге біздің еліміз бен шет елдердегі жалпы мал шаруашылығының қалпын, малдың биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін, сонымен бірге аз шығын жұмсай отырып, алынған өнімдерді экологиялық таза өнім алу үшін тиімді пайдалану жолдарын терең оқып-үйрену.

Міндеттері

Студенттердi малдардың өсу және даму заңдылықтарымен таныстыру; ауылшаруашылық малдарын өсiру ерекшелiктерi туралы түсiнiк алу, малдарды азықтандыру ерекшелiктерi, ауылшаруашылық малдарының ерекшелiгi, өнiмдiлiгiне, тұқымдары туралы түсiнi; бұл пән бойынша алынған бiлiмдерi мен әдебиет көздерiн болашақта өздерiнiң теориялық дайындықтарын жоғарлатуда пайдалана бiлуге үйрету.

4 Академиялық сабақтардың бөлінуі

Барлығы

Дәріс

Тәж.

Зерт.

СОӨЖ ауд.

СОӨЖ оф.

СӨЖ

Бақылау нысаны

2 кредит

90 сағат


10

10

10

10

10

40

Емтихан

5 Пәннің мазмұны

Бұл пән келесi бөлiмдерден тұрады: ауылшаруашылық малдарының шығу тегi және қолға үйрету, ауылшаруашылық малдарының конституциясы мен экстерьерi, малдардың жеке дамуы, ауылшаруашылық малдарының өнiмдiлiктерi, мал шаруашылығындағы iрiктеу және жұптау, мал өсiру әдiстерi, азықтандырудың теориялық негiздерi, азықтардың классификациясы және қысқаша сипаттамасы, IҚМ-дың, қойлардың және шошқалардың биологиялық ерекшелiктерi, тұқымдары, өнiмдiлiктерi, жылқылардың, түйелердiң және құстардың шаруашылыққа пайдалы, биологиялық ерекшелiктерi.

6 Курс саясаты

Студенттердің сабаққа 5 мин. қешігіп келгені, жоқ екені деп есептеледі. Зертханалық сабақта міндетті түрде халат киіп, студенттерде сызғыш, қарындаш және калькулятор болу қажет. Сабақтан қалмай, берген тапсырмаларды уақытында тапсыру.

7 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі

Е.Шекенов Зоотехния негіздері. Астана:Фолиант, 2007. - 456 б.; Найманов Д.К., Вахитова Р.З., Тулеубаев Т.Т. Мал шаруашылығы. Оқу құрал.- Костанай, 2007 г. 220 с.


Қосымша

Александров А.Ф. и др. Практикум по животноводству.- М.: Колос, 1984. – 256с.; Табакова Л.П. Частная зоотехния и технология производства продукции животноводства. – М.: КолосС, 2007.- 319 с.; Костомахин Н.М. Животноводство. – М.: КолосС, 2006.- 448 с.; Мурусидзе Д.Н., Левин А.Б. Технология производства продукции животноводства. – М.: Агропромиздат, 1992.- 222с.

8 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



№ апта

Дәріс сабқтарының тақырыптары



сағат

Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары

сағат

Зертхана сабақтарының тақырыптары

сағат

СОӨЖ ауд. тақырыптары


сағат

1 аттестациялық кезең

1

Ауылшаруашылық малдарының шығу тегі және қолға үйрету

1







Ауылшаруашылық малдарының конституциясы мен экстерьері

1

Экстерьер, конституция туралы түсінік, бағалау әдістері.

1

2

Ауылшаруашылық малдарының конституциясы және экстерьері

1

Ауылшаруашылық малдарының шығу тегі, қолға үйрету.

1






Қоршаған орта шарттарының тұқымқуалаушылыққа және малдардың өсуі мен дамуына тигізетін әсері.

1

3







Ауылшаруашылық малдарының жеке дамуы.

1

Ауылшаруашылық малдарының өнімділіктері

1







4

Ауылшаруашылық малдарының өнімділіктері

1







Ауылшаруашылық малдарын өсіру әдістері

1

Өсімдік және жануар тектес азықтар.

1

5

Ауылшаруашылық малдарын өсіру әдістері

1

Мал шаруашылығындағы асылдандыру жұмысы.


1






Ауылшаруашылық малдарын күтіп-бағу жүйесі.

1

6







Азықтандырудың теориялық негіздері.

1

Сүт өндіру технологиясы

1







7

Азықтандырудың теориялық негіздері. Азықтардың қысқаша сипаттамасы

1







Ет өндіру технологиясы


1

Ауылшаруашылық малдарының өнімділіктерін (ет, сүт, жүн, жұмыртқа) есептеу.

1

8

Сүт және ет бағытындағы ірі қара малдың биологиялық ерекшеліктері

1

Сүт өндіру технологиясы

1







Ет және сүт бағытындағы ІҚМ тұқымдарының биологиялық және шаруашылыққа пайдалы ерекшеліктері

1




1 атт. бойынша барлық сағат

6



















2 аттестациялық кезең

9







Ет өндіру технологиясы

1

Қымыз және шубат өндіру технологиясы

1







10

Жылқылардың, түйелердің биологиялық ерекшеліктері

1







Қойлар мен ешкілердің жүнін өндіру технологиясы.

1

Жұмыс, өнімділік, спорт бағытындағы жылқы тұқымдары. Түйелердің шаруашылыққа пайдалы белгілері.

1

11

Қойлар мен ешкілердің биологиялық ерекшеліктері

1

Жылқылардың және түйелердің биологиялық ерекшеліктері

1






Қазақстанда өсірілетін қой және ешкі тұқымдарының жүн және сүт өнімділіктері.

1

12







Қойлар мен ешкілердің биологиялық ерекшеліктері

1

Құс етін өндіру технологиясы

1







13

Ауылшаруашылық құстарының биологиялық ерекшеліктері

1







Жұмыртқа өндіру технологиясы

1

Құс еті және жұмыртқаның тағамдық құндылығы. Ет және жұмыртқа бағытындағы құс тұқымдары.

1

14

Шошқалардың биологиялық ерекшеліктері

1

Ауылшаруашылық құстарының биологиялық ерекшеліктері

1






Шошқа етінің сапасына әсер ететін шаруашылық белгілері.

1

15







Тірілей салмақтары әр түрлі шошқаларды бордақылау тиімділігі.

1

Шошқа етін өндіру технологиясы

1










2 атт. бойынша барлық сағат

4




5
















Барлық сағат

10




10










10


9 Пән бойынша тапсырмалардың орындалуы және тапсырылуы кестесі


Сабақ түрлері

Бақылау түрлері

Бақылау нысаны

Балдар

Апта

Рейтинг

1

2

3

4

5

6

7

8

1 атт.

9

10

11

12

13

14

15

2 атт.

семестр

қорытынды

жалпы

Аудиторлық жұмыс

АБ


Зерт.және тәж. жұм. орындалуы

100




*

*




*




*




100

*

*







*




*







100




Бақылау жұмысы

100










*













100
















*










100




Тестік сауал

100
















*







100




























100




СӨЖ ауд.

ШБ

Баяндамалар

100













*










100













*













100




Реферат

100





































*
















100




Ауди

тор


лық жұмыс

ҚБ

Коллоквиум

























*

100



















*







100




АБ


Емтихан

40























































40










Барлығы




























30






















30

60

40

100

Ескерту 1. Семестр нәтижесі бойынша максималды семестрлік рейтингтен 50% төмен емес алған және барлық бақылау түрлерінен оң баға алған студент емтихан тапсыруға өткізіледі. Оң баға алу үшін емтиханда максималды қорытынды рейтингінің 50% төмен емес алу қажет

Ескерту 2. Зертханалық, тәжірибелік сабақтарына қатыспаған жағдайда, жіберілген сабақтар бойынша жұмыстарды орындау және қорғау жүйесі істейді

Баға өлшемдері

Дәстүрлі баға

Өте жақсы

Жақсы

Қанағат

Қанағат емес

Балл (max = 100 балл))

90-100

75-89

50-74

0-49

10 СӨЖ тапсырмалары


р/р


Тақырып, тапсырма, жұмыс түрлері

Сағат-

тар саны


Әдебиет

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі, апта

1

Экстерьер, конституция туралы түсінік, бағалау әдістері.

2

1,2,3,5


Дәптерге орындау, СОӨЖ

тестілеу

1


2

Қоршаған орта шарттарының тұқымқуалаушылыққа және малдардың өсуі мен дамуына тигізетін әсері.

1


1,2,3,7

Дәптерге орындау, ауызша сұрау

2


3

Азықтарды құнарлы заттардың қорытылуы бойынша бағалау.


1

1,2,4,9

Дәптерге орындау, СОӨЖ ауд. баяндама

3


4

Ауылшаруашылық малдарының ет, сүт, жүн, жұмыртқа өнімділіктері.

1

1,2,4,614

Дәптерде есеп шығару, қорғау

5


5

Малдарды жеке сапалары бойынша бағалау. Ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау.

1

1,5, 6,9

Дәптерге орындау, ауызша сұрау

6


6

Ет және сүт бағытындағы ІҚМ тұқымдарының биологиялық және шаруашылыққа пайдалы ерекшеліктері (тез жетілгіштігі, сүттілігі).

2


1,2,4,

6,13


Дәптерде есеп шығару, қорғау

7


7

Қымыз және шубат дайындау технологиясы.

1


1,2,4,

6, 14


Дәптерге орындау, СОӨЖ ауд. баяндама

8


8

Қазақстанда өсірілетін қой тұқымдарының жүн және сүт өнімділіктері.

2


1,3,4,6

17


Дәптерге орындау, ауызша сұрау

10


9

Құс еті және жұмыртқа өндіру технологиясы. Ет және жұмыртқа бағытындағы құс тұқымдары.

2


1,2,5,6

9,14


Дәптерге орындау, СОӨЖ тестілеу

13


10

Шошқа шаруашылығындағы бордақылаудың түрлері.

1

1,3,7

Дәптерге орындау, қорғау

14

СӨЖ бойынша басқа жұмыстар түрлері




Дәріс сабақтарына дайындық (05 х сабақ саны.)

5













Тәжірибелік сабақтарға дайындық (05 х сабақ саны.)

10













Зертханалық сабақтарға дайындық (05 х сабақ саны.)
















Ағымдағы бақылау шараларына дайындық (1сағ х бақылау түрі)

8













Шептік бақылауға дайындық (2 сағат х 1ШБ)

4













Барлық СӨЖ сағ.

40









Бағдарламаны құрастырған Шайкамал Г.И., аға оқытушы

____._____. 2010 ж. ____________________

Азық түлік өнімдерді өндіру технологиясының кафедрасында қаралған және ұсынылған

хаттама ___.____20_ ж. №___

Кафедра меңгерушісі А. Шпис




ДӘРIС ТЕЗИСТЕРI
Тақырып 1 Ауылшаруашылық малдарының шығу тегi және қолға үйрету

Мақсаты: Мал шаруашылығына ғылым ретiнде түсiнiк беру, малдардың шығу тегiңмен танысу.

Жоспар: 1 Қазақстанда мал шаруашылығының даму тарихы.

2 Малдарды қолға үйрету.

3 Ауылшаруашылық малдарының жабайы арғы ата-тектерi.

4 Тұқым, тұқымның құрылымы.



Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының жетекші салаларының бірі. Ауыл шаруашылығы түліктерінен алынатын өнімдердің түрлілігіне баға жетпейді. Бұл, ең біріншіден - толыққанды азық-түлік (ет, сүт, жұмыртқа), сол сияқты жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі және басқалары).

Сойылған малдың тамаққа жарамсыз қалдықтарынан сүйекті ет ұнын, ал кейбір мүшелер мен талшықтардан – емдік дәрілер алады.

Малдың кейбір түрлерін әртүрлі жұмыстарды орындау үшін пайдаланады.

Ауылшаруашылығы малдарының шығу тегi және қолға үйрету

Үй түліктерінің жабайы малдардан жаратылғаны мәлім. Жабайы деп табиғи жағдайларда өмір сүретін малдарды атайды, оларға мынадай сипаттамалар тән: дене тұлғасы мықты, біртектес түсті т.б. Ұзақ жылдар бойы адамдар оларды қолға үйреткен жоқ, тек 10-12 мың жыл бұрын ғана бұл жұмыс қолға алынды. Бірінші қолға үйретілген жабайы аң ит болды, одан кейін қой-ешкі, кейінірек шошқа, одан да кейінірек жылқы, ірі қара мал мен басқалары.

Үй малдары деп адамның сұранысын қанағаттандыру үшін өсірілетін және зоологиялық түр ішінде тұқымдарға бөлінетін малдарды атайды. Аңдардың барлық түрі бірдей қолға үйретуге көне бермейді. Сүт қоректілердің 8 мың түрінің 60 ғана қолға үйретілгені осыны көрсетеді.

Аңдарды қолға үйрету жер шарының ежелгі мәдениет ошағы болған бірнеше аймақтарында қатар жүрген. Қолға үйретудің алты ошағы табылды:



  1. Азиялық оңтүстік-батыс (Кіші Азия, Кавказ, Иран),

  2. Индиялық (Индия),

  3. Қытайлық шағын орталық (Үндіқытай, Малай аралдары),

  4. Жерортатеңіздік (Жерорта теңізінің жағалауы),

  5. Африкалық орталық (Африканың солтүстік-шығысы),

  6. Андиялық (Оңтүстік Америка, Солтүстік Анды).

Е.А. Богданов бойынша үй жануарына айналу құбылысы бұғалықтау, қолға үйрету және содан кейін барып үй жануары етуден тұрады.

Ауылшаруашылық малдарының жабайы арғы тектерi

Сүт қоректілердің ірі қара мал (үй бұқасы) түрі жабайы турдан (европалық және азиялық түрлері) жаратылған. Тур өшіп кетті, соңғы ұрғашы тур Польшада 1627 жылы өлді.



Ірі қара малдың жақын туыстарынан буйволдар, зебалар, яктардың шаруашылық маңызы бар.

Үй жылқысы. Жылқы тектестер төрт тұқымнан тұрады: есектер, жартылай есектер, зебралар және жылқылар. Жылқының жабайы тегі тарпан (оның кейінгі үш түрі, оның ішінде қазір Моңғолияда өсірілетін Пржевальский аты) болып табылады.

Қой жабайы кейінгі үш түрден шығады – муфлон, арқар және арғалы, олар Жерорта теңізінің аралдары, Закавказ, Памирдан Камчаткаға дейін, Орта Азияның тұрғындары аз таулы жерлерінде өмір сүреді.

Ешкілер қойдан бұрын үй жануарына айналған. Олардың аралас текті. Осы заманғы ешкінің жабайы тегі Закавказдық мүйізсіз ешкі және Гималайлық бұрама мүйізді меркур ешкісі деп есептейді.

Түйелер (қостұяқтылар отрядының сүйел табанды кіші отряды) өркешті түйелер мен өркешсіз лама тұқымдарына жатады. Түйелердің тегі екі өркешті түйелер – бактриандар. Өркештілер тегіне екі өркешті түйелерді немесе бактриандарды, және бір өркештілерді немесе дромедарларды жатқызады. Бактриандар Батыс Қытайда, Моңғолияда, Бурятияда, Қазақстанда, Өзбекстанда, Қалмақ елінде, ал дромедарлар – Солтүстік Африкада, Араб елінде, Иранда, Түркменстанда өмір сүреді. Оңтүстік және Оңтүстік Батыс Қазақстанда екі түрі де кездеседі.

Үй есектері африкалық жабайы тектен шыққан.

Шошқалар. Шошқалар тұқымы қос тұяқтылар отрядының күйіс қайырмайтындар кіші отрядына жатады. Шошқаларды қолға үйрету көптеген жерлерде жүрген. Олардың тегі Европалық және Азиялық жабайы қабандар деп есептеледі.

Үй құстары. Құстар класын үй жануарына айналдыру тек төрт отрядта ғана жүргізілген: тауықтар, қаздар, кептерлер және торғайлар. Үй тауығының ататегі Индияда өмір сүретін жабайы банкилік жұмыртқалағыштар болып табылады. Үй үйректері жабайы құрқылдақтардан, үй мускустықтары - жабайы оңтүстік америкалық мускусты үйректерден шыққан. Үй қазы жабайы қоңыр қаздан шыққан. Индейкалар Мексикада үйге үйретілген, цесаркалар – Африкада (Гвинея).

Үй жануарлары жабайылармен салыстырғанда көп төлдеуімен, тез жетілгіштігімен, көбею кезеңінің жоқтығымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығы түліктері денесінің ірілігімен айрықшаланады. Жануарлардың қылықтары да өзгерді: сиырлар сауғызады, жылқылар жегуге көнді, жануарлар адамдардың шақырғанына именбестен келеді, т.б.



Тұқым және оның құрылымы

Профессор Е.Я. Борисенко тұқымның мынандай түсініктемесін береді: «Тұқым деп жаратылысы бір, зоологиялық бір түрдегі, арнайы, морфологиялық және шаруашылық – пайдалы қасиеттерімен сипатталатын және тұқым қуалаушылықпен берілетін өмір жағдайларына белгілі бір талаптарға ыңғайлылығымен осы сияқты өзге топтан ерекшеленетін және тұқымды асылдандыру арқылы қолдау жасалатын үй жануарларының тұтастай бір тобы».

Тұқымда бірнеше мың мал болуы шарт. Ғалымдар бір тұқымда кемінде 4500 бас аналық және 150 аталық болу керек екенін анықтаған. Бұл жағдайда туыстық сыңарласуды болдырмауға болады.

Тұқым – малдардың өзгеріссіз қатып қалған тобы емес, ол әлеуметтік-экономикалық факторлар зор ықпал ететін үдемелі санат. Капитализмнің қарқынды дамуы кезеңінде тұқым жасалу құбылысы екпінді жүреді. 12-19 ғасырлар арасында Англияда ірі қараның 10-ға жуық, шошқаның - 10, жылқының - 6, 30-дан астам қой және бірқатар үй жануарларының тұқымдары жасалды.

Тарихи аз мерзім ішінде Ресей мен Қазақстандағы қоғамдық құрылыстың ауысуы 50-ден астам жаңа тұқым жасауға әкеліді. Олардың ішінде Қазақстан ғалымдарымен үздік жасалған ірі қараның алатаулық, әулиеаталық, әулиекөлдік, қазақы ақбас, жылқының күшүмдік, және қостанайлық, қойдың қазақы биязы жүнді, архармеринос қазақы, оңтүстік қазақы және солтүстік қазақы меринос, шошқаның жетісулық тұқымдары, ауыл шаруашылығы құстарынан: тауықтың - “Алатау”, үйректің “Медеу” және “Арман” жаңа кросстары т.б.



Әрбір тұқымның өзіндік құрылымы болады. Тұқымда бірнеше таралым болуы мүмкін, олардың қалыптасуына белгілі бір экономикалық және аймақтық факторлар әсер еткен дене пішінінде, өнімділігінде және басқа да белгілі бір ерекшеліктер тән.

Тұқым ішілік тип – бұл малдардың белгілі бір тобының өнімділігінің деңгейі мен бағытының ерекшеліктері. Мысалы, қазақы ақбас тұқымы етті және ет-сүтті типтерге бөлінеді. Малдардың етті типіне оның сүт өнімділігі төмен бола тұрып, етті түрінің жақсы дамуы, ал екінші типке жоғары сүт өнімділігі бола тұрып, ет өнімділігі төмен болуы тән.

Тұқымдық топ – тұқым жасау құбылысына қатынасатын малдар тобы.

Желі – бұл конституциясы мен өнімділігі жөнінен біртектес үздік бастамасы бар жоғары өнімді малдар тобы. Тұқым жасауда селекцияның ең жоғарғы сатысы болып желіге тарату болып табылады.

Семья – үздік бастамадан шыққан жоғары өнімді аналық малдардың тобы.

Завод дене пішіні мен өнімділігі бойынша ерекшеліктері тек осы заводқа ғана тән малдарды топтастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет